
1983 жылы 10 қыркүйекте туған.
Білімі:
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Органикалық заттардың химиялық технологиясы, инженер-технолог» мамандығы бойынша үздік бітірген.
2016 жылы Almaty Management University-де МВА дәрежесін алды (Атырау қ.).
Жұмыс тәжірибесі:
Еңбек жолын 2005 жылы Атырау мұнай өңдеу зауытының (АМӨЗ) №2 цехының сутегін өндіру және тазарту қондырғысының басқару пультінің операторы, содан кейін сутегін өндіру және тазарту қондырғысының аға операторы және дизель отынын гидротазарту және гидропарафиннен арылту қондырғысының аға операторы қызметінен бастады. Осы кәсіпорында 2008-2010 жылдары бастықтың орынбасары, каталитикалық риформинг қондырғысының бастығы, жобалау-конструкторлық орталығы бастығының орынбасары, бастығына дейін өсті.
2010 - 2011 жылдары «ROMPETROL Petromidia Refinery» (Румыния) компаниясының техникалық бөлімі менеджерінің орынбасары болып жұмыс істеді.
2011-2019 жылдары АМӨЗ-де жұмыс істеді: жобаларды техникалық сүйемелдеу департаментінің директоры, бас инженер, КПА және МТӨК жобаларын техникалық сүйемелдеу жөніндегі басқарушы директордың орынбасары, техникалық сүйемелдеу бөлімінің бастығы, МТӨК жобасының бас технологы, өндірістік бөлімінің бастығы - бас технолог, өндіріс департаментінің директоры, технология жөніндегі басқарушы директордың міндетін атқарушы.
2020 – 2022 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ техникалық даму департаментінің директоры, техникалық даму басқармасының бастығы және мұнай өңдеу және мұнай-химия департаментінің директоры қызметтерін атқарды.
2023 жылдғы наурыздан бастап - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.