
1972 жылы 14 қазанда дүниеге келген.
Білімі:
Ақтау политехникалық институтын «Мұнай және газ кен орындарын игеру, тау-кен инженері» мамандығы бойынша бітірген.
Жұмыс тәжірибесі:
Еңбек жолын «Қазақстан-Ресей сауда үйі» бірлескен кәсіпорында бастады.
1997 жылы Ақтау қаласы бойынша Салық бөлімінің инспекторы болып жұмыс істеді.
1997-1998 жылдары – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ға қарасты «Мұнай-гермес» материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өнімді өткізу басқармасы филиалының арнайы техника және қосалқы бөлшектер көлігі бөлімінің, сондай-ақ құбырлар мен металл бұйымдары бөлімінің инженері.
1998 жылдан 2006 жылға дейін «ҚарақұдықМұнай» ЖАҚ-та инженер, мұнай өндіру шебері, кеніш менеджері болып еңбек етті.
2007 – 2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің мұнай жобаларын мониторингтеу мен нормативтік-техникалық саясат басқармасының бастығы, газ өнеркәсібін дамыту департаменті директорының орынбасары.
2010 – 2014 жылдары Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды.
2014 – 2015 жылдары – «BNG LTD» ЖШС бас директорының орынбасары.
2015 – 2020 жылдары «ҚазТрансГаз» АҚ-та жұмыс істеді: техникалық саясат департаментінің директоры, ГТЖ басқару жөніндегі басқарушы директор, техникалық саясат жөніндегі басқарушы директор, бас директордың ресурстық базаны дамыту және техникалық саясат жөніндегі орынбасары.
2020 – 2023 жылдары – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі, министрі.
2023 жылдың ақпан айынан бастап - «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.