
ҚМГ ДК-ға сайланған күні: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының 17.08.2020 шешімі, № 30/20 хаттама.
Азаматтығы: Ұлыбритания
Туған күні: 25.12.1954
Білімі: Азаматтық құрылыс саласындағы ғылым бакалавры, Лидс Университеті, Ұлыбритания
«Инженерия/құрылысты басқару» мамандығы бойынша ғылым магистрі, Ұлыбританияның Крэнфилд технологиялық институты
Жұмыс тәжірибесі:
1980 жылы Филип Bechtel корпорациясына қосылып, әлемнің әртүрлі елдеріндегі ірі мұнай-газ жобаларын басқарды. 2004 жылы ол Shell компаниясында жұмысын бастап, 2009 жылы Shell Global Solutions компаниясының жобалар жөніндегі атқарушы вице-президенті болды. 2009 жылы Филип жаңадан құрылған Shell жобаларында және технологиялық бизнесте даунстрим (downstream) жобалары бойынша атқарушы вице-президент болды. 2010 жылы Қазақстандағы 2-фаза бойынша Қашаған жобасының директоры болып тағайындалды. Әрі қарай ол өз жұмысын Shell\QP Аль-Караан мұнай-химия жобасында жалғастырды. 2013 жылдан бастап жобаларды басқару жөніндегі тәуелсіз консультант болып жұмыс істеді.
Директорлар кеңестеріндегі өзге позициялар:
Төраға, Velocys plc
Атқарушы емес директор және Қауіпсіздік және тәуекелдер комитетінің төрағасы, Enquest plc
Компанияның, сондай-ақ компанияның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік ету: иелік етпейді