
ҚМГ ДК-ға алғашқы сайланған күні: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының 17.04.2014 шешімі, №12/14 хаттама.
ҚМГ ДК-ға ағымдағы сайланған күні: "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Басқармасының 17.08.2020 шешімі, №30/20 хаттама.
Азаматтығы: Австралия
Туған жылы: 19.06.1957
Білімі: Өнер (саясаттану) бакалавры, Батыс Австралия университеті;
Іскерлік басқару (МВА), қаржы магистрі, Батыс Австралия университеті.
Еңбек өтілі:
Крис Уолтон Компанияның Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымымен қатар, Ұлыбританияның су асты қайықтарын жеткізу жөніндегі агенттігі аудитінің Төрағасы және Корольдік соғыс-теңіз флоты (the Royal Navy’s National Shipbuilding Strategy Client Board) үшін Кеме жасау Стратегиялық кеңесінің атқарушы емес мүшесі. Сондай-ақ, ол Лондондағы Қайырымдылық қорына қарасты Еркін азаматтар гильдиясының қамқоршысы болып табылады.
Бұрын Крис Уолтон Asia Resource Minerals Plc (Азия минералдық ресурстары), Гольденпорт кеме операторлық холдингі және Лотиан муниципальдық автобус компаниясы сияқты компанияларда басқарма төрағасы болды. Rockhopper Exploration Plc мұнай өндіру компаниясының аға тәуелсіз директоры және аудит жөніндегі комитетінің төрағасы, «Қазақстан темір жолы» АҚ-тағы аудит жөніндегі комитетінің төрағасы және Ұлыбританияның мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары және спорт департаментінің Аудит және тәуекелдер жөніндегі комитетінің атқарушы емес мүшесі лауазымдарын атқарды. 2002-2005 жылдары Англия Банкінің (SE England & Anglia) Өңірлік экономикалық консультативтік кеңесінің мүшесі болды.
Ол EasyJet Plc қаржы директоры болып, компанияның ІРО бағдарламасын табысты жүзеге асырды. Крис Уолтон ірі аустралиялық Qantas, Air New Zealand, Australia Post және Australian Airlines компанияларында жоғары қаржылық және коммерциялық лауазымдарды атқарды. Сонымен бірге, Уолтон мырза Аустралияның қорғаныс күштерінің резервінде қызмет етті.
Крис Уолтон Директорлар институтының және Корольдік Аэронавигациялық қоғамының құрметті мүшесі.
Қоса атқаратын қызметтері және Директорлар кеңестеріндегі мүшелігі:
Қайырымдылық басқару – The Guild of Freemen of the City of London – директор.
Мемлекеттік органдар мен «Директорлар кеңесіне мүше емес» басқа да лауазымдар:
Guild of Freemen of the City of London's Charity – қамқоршы;
Naval Shipbuilding Strategy Client Board – тәуелсіз мүше.
Компанияның, сондай-ақ компанияның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік ету: иелік етпейді