
ҚМГ ДК-ға алғаш рет сайланған күні: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының 2022ж.27.05 шешімі, №29/22 хаттама
ҚМГ ДК-ға қазіргі сайланған күні: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының 2022ж.27.05 шешімі, №29/22 хаттама
Азаматтығы: Қазақстан
Туған жылы: 04.02.1972
Білімі: Бакалавр, Қазақстандық Политехникалық институт;
Мемлекеттік әкімшілендіру магистрі (МРА), ҚМЭБИ;
Leadership Programme Бизнес-Школы INSEAD, Фонтенбло.
Сертификация: АҚШ, Мэн штатының дипломы бар машықтанған аудиторы («US CPA»);
Сертификатталған аудитор және Қазақстан Республикасының Аудиторлар палатасының мүшесі.
Жұмыс тәжірибесі:
Жеке юрисдикцияларда мықты бизнес-байланыстары бар жаһандық халықаралық деңгейдегі Century Integration AG мен KPMG компанияларында 25 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Әсел Әнуарқызының кәсіби қызметінің барысында Қазақстан, Ұлыбритания, Испания, Венгрия, Үндістан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің әртараптандырылған аумақтарында жұмыс тәжірибесі бар. Халықаралық тәжірибенің үздік практикалары мен жекелеген елдік жағдайларда бизнес жүргізудің үздік әдістерін үйлестіре отырып, ерекше бизнес рецептілерді іздеуді талап ететін басқарудың бірегей тәжірибесі бар.
Әселдің аудит, мәмілелерді сүйемелдеу, тәуекелдерді басқару, корпоративтік басқару, экономиканың түрлі секторларындағы компаниялар үшін күрделі шығындар мәселелері бойынша бағалау және кеңес беру мәселелері бойынша қазақстандық және шетелдік ірі компанияларға кәсіби қызмет көрсетуде үлкен тәжірибесі бар.
Аудит жөніндегі комитетті басқарады, оның міндеттеріне ішкі бақылау, сыртқы және ішкі аудит салаларында қадағалауды жүзеге асыру және Директорлар кеңесіне есеп беру кіреді. Қойылған міндеттер шеңберінде, Аудит жөніндегі комитет сыртқы аудит процесін және ішкі бақылау жүйелерін жетілдіру процесін қадағалау, сондай-ақ қаржы есебі, орнықты даму, корпоративтік есептілік және корпоративтік ашықтық мәселелері бойынша ұсынымдар мен үздік практикаларды талқылау мақсатында сыртқы аудиторлармен, сондай-ақ қаржы қызметтерімен өзара іс-қимыл жасайды.
Қоса атқаратын жұмысы және ДК мүшелігі:
Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг) – Директорлар кеңесінің мүшесі, Аудит жөніндегі комитеттің төрағасы.
«Тау-Кен Самұрық ҰТК» АҚ – Директорлар кеңесінің мүшесі, Аудит жөніндегі комитеттің төрағасы.
Компанияның, сондай-ақ компанияның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленуі: жоқ