KZ
ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҮНДЕУІ
Кристофер Джон Уолтон

ҚМГ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Құрметті оқырмандар!

Мен Сіздердің назарларыңызға есепті кезеңдегі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың Орнықты дамуы туралы есепті қуана ұсынамын.

2019 жылы біз орнықты даму қағидаттарын іске асыруда және орнықты дамуды басқару процестерін жетілдіруде мақсатқа сай жұмысты жалғастырдық.

Есепті жылы біз табысты өндірістік және қаржылық нәтижелерге ғана емес, сонымен қатар корпоративтік басқарудың үздік практикаларына сәйкес орнықты даму саласында елеулі прогреске қол жеткіздік.

Мәселен, есепті кезеңде, біріншіден, орнықты даму құрамдауыштарын ескере отырып, қызметтің корпоративтік және функционалдық түйінді көрсеткіштерін қалыптастыруды жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде, Компанияның жалпы ESG-рейтингін анықтайтын 28 корпоративтік көрсеткішінің деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін алдағы жылға жаңа корпоративтік негізгі көрсеткіш енгізілді. Орнықты дамудың жаһандық мақсаттарына өздерінің адалдығын растай отырып, функционалдық негізгі көрсеткіштер деңгейінде оларды Компанияның Даму стратегиясына енгізу жөніндегі нақты бастамалар бекітілді.

Екіншіден, орнықты даму процесін жетілдіру мақсатында корпоративтік құжат – ҚМГ компаниялары тобында орнықты даму саласындағы басқару жүйесі жөніндегі нұсқаулық әзірленді. Осы Нұсқаулық ҚМГ компаниялар тобының бизнеспроцестеріне орнықты даму саласындағы басқару жүйесін енгізу, мүдделі тараптармен тиімді өзара ісқимыл жасау, сондай-ақ орнықты даму саласындағы нәтижелілікті жоспарлы түрде жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

Орта мерзімді перспективада орнықты даму саласында біздің еншілес компанияларға да басқару жүйесін енгізуді қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Жүйені енгізу мониторингін және Нұсқаулықтың ережелерін түсіндіруді тұрақты негізде жүзеге асыру жоспарлануда. Болашақта, бұл Компаниядағы орнықты дамудың тиімділігін бағалау бойынша жүйелі тәсілді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Үшіншіден, орнықты дамуды негізгі бизнеспроцестерге интеграциялауға жәрдемдесу және ESG-рейтингті арттыру мақсатында орнықты даму жөніндегі Жобалық офис құрылды, орнықты даму саласындағы басқару жөніндегі жұмыс тобының жаңа құрамы бекітілді, орнықты даму компоненттеріне жауапкершілік бекітілді.

Төртіншіден, орнықты даму мәселелерінен хабардар болуын арттыру мақсатында Компания үшін корпоративтік оқыту ұйымдастырылды. Алғаш рет Компанияның бейімдеу курсының бағдарламасына жаңа қызметкерлерді орнықты даму мәселелерін оқыту енгізілетін болады.

Біз сондай-ақ орнықты даму мәселелеріндегі Директорлар кеңесінің жұмысын күшейттік, сонымен қатар қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму жөніндегі комитет шеңберінде үш отырыс өткізілді, онда орнықты дамуға байланысты отыздан астам мәселе қаралды. Бұдан басқа, біз орнықты даму мәселелері бойынша ҚМГ Директорлар кеңесі мен Басқармасының мамандандырылған бірлескен отырысын өткіздік.

2019 жылдан бастап Директорлар кеңесінде ҚМГ-ге орнықты даму жүйесін енгізуге шолу тұрақты негізде жүргізілуде.

Біз ҚМГ тарихында алғаш рет 2019 жылы CDP Климаттық бағдарламасының есебін қуана жариялап отырмыз. Бүкіл әлем климаттың өзгеру проблемасын шешуге бағытталғандықтан, ҚМГ шығарындыларды қысқарту, энергия тиімді инвестициялар бағдарламасын құру, оның прогресін бағалау және басқа әлемдік компаниялармен озық тәжірибе алмасу жолымен климаттық тәуекелдерді басқаруға ұмтылады. 2019 жылдың қараша айында Нұр-Сұлтан қаласында парниктік газдар шығарындыларын басқару бойынша бірінші форум өткізілді.

Жаңа онжылдыққа кіре отырып, біз орнықты дамудағы көшбасшылыққа деген ұмтылысымызды төмендетпеуіміз керек. Біздің ұзақ мерзімді стратегиямызда орнықты даму көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін стратегиялық мақсаттар мен бастамалар айқындалды. Біз орнықты даму туралы есептілікте өз нәтижелілігіміздің ілгерілеуін жыл сайын растай отырып, БҰҰ Жаһандық шартының белсенді қатысушысы болып табыламыз. Біз елде мұнай-газ компанияларының экологиялық жауапкершілігінің рейтингі және ESG-ақпаратты үздік ашу бойынша көшбасшы орынға ие болдық. Сонымен қатар, барлық жауапкершілік деңгейлерінде Компанияның бизнеспроцестеріне орнықты даму саласында басқару жүйесін тиімді енгізуді қамтамасыз ету үшін бізге әлі де көп жұмыс істеу керек. Біз жыл өткен сайын әлеуметтік жауапты компанияға айналамыз.