KZ
БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҮНДЕУІ
Алик Айдарбаев

ҚМГ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ

Құрметті оқырмандар!

Орнықты даму қағидаттарын іске асыруды және енгізуді өз еркімен қабылдай отырып, Компания бизнес-процестердегі одан әрі өзгерістерді көздеп отыр, бұл бізге өз қызметіміздің орнықты даму қағидаттарына сәйкес келуін, өзіміздің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мақсаттарымыздың келісушілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өзіміз қабылдаған 2028 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясына сәйкес біз оны іске асырудың стратегиялық бастамаларын әзірлеу арқылы орнықты дамуды стратегиялық мақсаттарымыздың бірі ретінде айқындадық. Біздің негізгі стратегиялық бастамаларымыз қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігін, экологиялық жауапкершілігін күшейтуге, комплаенс және этика жүйесін енгізуге, сондай-ақ корпоративтік мәдениетті дамытуға және таланттарды басқарудың кешенді жүйесін құруға бағытталған. Есепті жылы біз осы бағыттағы мақсатты жұмысты жалғастырдық.

Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік, парниктік газдар шығарындыларын басқару және газды жалындатып жағуды азайту, су ресурстарын басқару, жерді қалпына келтіру және энергия тиімділігін арттыру, өндіріс қалдықтарын басқару мәселелері бойынша көшбасшылық пен бейілділік Компания үшін басым бағыттар болып табылады.

Маңғыстау облысындағы тарихи қалдықтар және мұнаймен ластанған аумақтарды кәдеге жарату мақсатында 2019 жылы ҚМГ мен Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі арасында Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Біз қоршаған ортаның ластануына байланысты шығындар мен залалдарға қатысты мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанып отырмыз. Мәселен, жыл басында біз климат, биоалуантүрлілік, экологиялық аспектілерге назар аударуды күшейтуге, экологиялық құнды аумақтардағы қатерлерге қосымша бағалау жүргізу жөніндегі, ластанған жерлерді қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу және құбыржолдардың тұтастығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерге назар аударуды көздеген «Экологиялық саясатты» бекіттік.

Дүниежүзілік Банктің GGFR 2030 жылға қарай ілеспе мұнай газын тұрақты жағуды толық тоқтату жөніндегі бастамасы шеңберінде ҚМГ-де тұрақты түрде жалындатып жағуды толық тоқтатуға бағытталған сегіз негізгі қағидаттан тұратын шығарындыларды басқару жөніндегі саясат бекітілді.

2019 жылдың шілдесінде әзірленген және бекітілген ҚМГ компаниялары тобының еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы саясаты әрбір қызметкерді қауіпсіздік мәдениетін дамытуға және жазатайым оқиғалар мен аварияларға, алкогольді, есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын тұтынуға және жол-көлік оқиғаларына байланысты шығындар мен залалға қатысты мүлдем төзбеушілік қағидатын сақтауға бағытталған.

Біздің қызметкерлеріміздің өмірі мен денсаулығы – бұл бірінші кезектегі міндет, сондықтан біз ешқашан жазатайым оқиғаларды нөлдік деңгейге дейін төмендетуге, яғни қауіпсіздіктің 100 %-на қол жеткізуге бағытталған басты мақсатымыз бойынша жұмыс істеуді тоқтатпаймыз. Соңғы 5 жыл ішінде біз еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы көрсеткіштер бойынша айтарлықтай жақсартуға қол жеткіздік. Қызметкерлеріміз қауіпсіз еңбек жағдайлары жасалып, өздерін, әріптестерін және қоршаған ортаны қорғау үшін ең жоғары стандарттар мен қағидаттар енгізілгенін атап өтті.

Сондай-ақ Компанияның 70 мыңнан астам қызметкерлерді жұмыспен қамтамасыз ететінін, олардың ішінде өндірістік персоналдың жалпы санындағы үлесі 90 пайызды, әкімшілік-басқарудың 10 пайызды құрайтынын атап өткен жөн. Біздің қызметкерлерді ынталандыру тәсіліміз лайықты еңбекақы деңгейін қамтамасыз ету және қызметкерлердің құқықтарын сақтау қағидаттарына негізделген. Біздің өндірістік кәсіпорындарда ұжымдық келісімшарттар жасалған, 40 кәсіподақ комитеті жұмыс істейді. 2019 жылы ұжымдық келісімшарттармен қамтылған ҚМГ компаниялар тобы қызметкерлерінің саны 58 мыңнан астам адамды құрады. Бұл келісімшарттарда қызметкерлер мен олардың отбасылары үшін әлеуметтік қолдаудың 35 түрі қарастырылған. Біздің әлеуметтік тұрақтылық индексі 72 пайызды құрайды және ол «орташадан жоғары» деңгейде.

Жыл сайын ҚМГ өз қызметкерлерін оқытуға және дамытуға қаржы салып отырады, ҚМГ компаниялар тобы қызметкерлерін дамытудың жаңа тәсілдері мен бағдарламаларын қалыптастырады. 2019 жылдан бастап ҚМГ компаниялар тобы бойынша оқыту тұжырымдамасының фокусы өндірістік сектор қызметкерлерін, басшылар мен инженерліктехникалық қызметкерлерді де, сондай-ақ жұмысшы кәсіптердің өкілдерін дамытуға бағытталған.

Сондай-ақ, Компания жыл сайын «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры арқылы Қазақстан Республикасының халқы үшін әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған қайырымдылық жобалар мен бағдарламаларға қаражат бөлетінін атап өту қажет. Бұдан басқа, біз өндірістік аймақтардағы жергілікті қоғамдастықтарға әлеуметтік қолдау көрсетеміз. Мәселен, 2019 жылы өңірлерді дамытуға 30 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.

Қорытындылай келе, ағымдағы кезеңнің күрделілігіне қарамастан, біз өз қызметімізді барынша ашық жүргізуге, қызметкерлердің қауіпсіздігін, әлеуметтік және экологиялық жауапкершілікті қамтамасыз етуге және сол арқылы Компанияның қабылданған стратегиялық басымдықтарына сәйкес орнықты даму қағидаттарына деген адалдығын растауға тырысатынымызды атап өткім келеді.