KZ
ОРНЫҚТЫ ДАМУ ҚАҒИДАТТАРЫ

Ашықтық

Есеп берушілік

Айқындық

Этикалық мінез-құлық

Мүдделі тараптардың
мүдделерін құрметтеу

Заңдылық

Адам құқықтарын сақтау

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

Мүдделер
қақтығысына жол бермеу

Жеке мысал

Орнықты даму қағидаттары туралы толық ақпаратты Компанияның веб-сайтында орналастырылған Корпоративтік басқару кодексінен білуге болады https://www.kmg.kz/kaz/kompaniya/
vnutrennie_dokumenty/
Орнықты дамуды интеграциялау
Компанияның Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес ҚМГ экономикаға, экологияға және қоғамға өз ықпалының маңыздылығын сезінеді және ұзақ мерзімді құнның өсуіне ұмтыла, мүдделі тараптардың мүдделерін сақтай отырып, өзінің орнықты дамуын қамтамасыз етеді. Біз ұзақ мерзімді кезеңде орнықты даму үшін өзіміздің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мақсаттарымызды келісуді қамтамасыз етуге көздедік. Біздің орнықты даму аспектілерін басқару тәсіліміз орнықты даму қағидаттарын енгізуге негізделеді. ҚМГ орнықты дамуды өзінің 2028 жылға дейінгі Даму стратегиясында орнықты даму қағидаттарын негізгі бизнес-процестерге, операциялық қызметке және шешімдер қабылдау процестеріне біріктіруге бағытталған стратегиялық мақсаттардың бірі ретінде айқындады.

1-қағидат. Іскерлік топтар халықаралық деңгейде жарияланған адам құқықтарын қорғауды қолдауға және құрметтеуге тиіс.

2-қағидат. Іскерлік топтар адам құқықтарының бұзушылықтарына қатысты болмауы тиіс.

4-қағидат. Іскерлік топтар мәжбүрлі және міндетті еңбектің барлық түрлерін жою үшін әрекет етуге тиіс.

6-қағидат. Іскерлік топтар еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікті жоюды жақтауға тиіс.

8-қағидат. Іскерлік топтар қоршаған ортаның жағдайы үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамаларды алдын ала қабылдауға тиіс.

10-қағидат. Іскерлік топтар бопсалаушылық пен парақорлықты қоса алғанда, сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлеріне қарсы тұруға тиіс.


Орнықты даму жөніндегі стратегиялық мақсатты іске асырудың нәтижесі корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің, еңбекті, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғаудың жақсартылған көрсеткіштеріне қол жеткізуді, қатысатын өңірлердегі экономикалық әсерді жақсартуды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды, мүдделі тараптармен өзара қарым-қатынас сапасын жақсартуды, корпоративтік басқару рейтингін, әдеп пен комплаенстің жалпы корпоративтік мәдениетін арттыруды қамтамасыз ететін басқару жүйесін құруға айналуы тиіс.

Орнықты даму саласындағы Даму стратегиясының іс-шараларын іске асыру жөніндегі негізгі іс-шаралардың бірі – орнықты даму жүйесін әзірлеу деп көзделген.

2019 жылы орнықты даму жүйесін іске асыру және енгізу үшін ҚМГ компаниялар тобы үшін орнықты даму саласындағы басқару жүйесі жөніндегі нұсқаулық әзірленді.

Орнықты даму көрсеткіштері бойынша Компания қызметінің тиімділігін арттыру шеңберінде ESG-рейтинг көрсеткіштерін жақсарту жөнінде жаңа корпоративтік ҚНК бекітілді.

2019 жылы Компанияның ESG-рейтингін арттыру бойынша жұмыс басталды, экологиялық, әлеуметтік және басқару үш құрамдас бөлігі бойынша алдын ала бағалау алынды, рейтинг агенттігімен келісім жасалды. Бағалау көпшілік алдында қолжетімді материалдар негізінде жүргізіледі. 2019 жылғы рейтингті бағалау 2020 жылы ұсынылатын болады. ESG рейтингтері компанияны басқару тиімділігін бағалау және ықтимал корпоративтік тәуекелдерді, сондай-ақ экологиялық және әлеуметтік салалардағы тәуекелдерді болжау үшін пайдаланылады.

Орнықты даму саласындағы басқару жүйесі өзінде мыналарды қамтиды, бірақ келесі элементтермен шектелмейді:

Компанияның басқарудың барлық деңгейінде орнықты даму қағидаттарына бейілділігі;

орнықты дамудың үш аспектісі бойынша сыртқы және ішкі жағдайды талдау:экономикалық, экологиялық және әлеуметтік;

әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салалардағы орнықты даму саласындағы тәуекелдерді айқындау;

мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл және стейкхолдерлер картасын құру;

орнықты даму саласындағы мақсаттар мен ҚНК айқындау;

орнықты даму саласындағы басым бағыттарды (бастамаларды) іске асыру;

орнықты дамуды негізгі бизнес-процестерге біріктіру;

орнықты даму саласында Компания қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;

орнықты даму бойынша жыл сайынғы есеп беру процесін ұйымдастыру;

орнықты даму саласындағы нәтижелілікті өлшеу;

орнықты даму процесін жетілдіру.

ESG рейтингінің болуы қызметі орнықты даму қағидаттарына сәйкес келетін компаниялармен жұмыс істеуге бағдарланған инвесторлар мен клиенттер тарапынан мүдделілікті арттыруы мүмкін.

Орнықты даму саласындағы халықаралық бастамаларды басшылыққа ала отырып, Компания БҰҰ ЖШ2 қағидаттарын ұстанады және ОДМ3 өз қызметіне біріктіреді.

ҚМГ ОДМ іске асыру бастамасын қолдады. Мақсатты көрсеткіштерді белгілей отырып, Компания үшін қолайлы ОДМ-ны іске асыру бойынша бастамаларды әзірлеу жоспарлануда.

ОДМ-ны есепті деректермен интеграциялау бізге ОДМ міндеттеріне қол жеткізу бойынша ілгерілеуді неғұрлым тиімді бағалауға және орнықты даму қағидаттарын іске асыруда Компания қызметінің көрсеткіштерін жетілдіру үшін күш-жігерді бағыттауға мүмкіндік береді.


2) БҰҰ ЖШ: https://www.unglobalcompact.org/what-is-gc

3) ОДМ туралы неғұрлым толығырақ: https://www.un.org/sustainabledevelopment/ru/sustainable-development-goals

Этика және адалдық
Құндылықтар, қағидаттар, стандарттар және мінез-құлық нормалары

Құндылықтар, қағидаттар, стандарттар және мінез-құлық нормалары ҚМГ іскерлік этика кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) бекітілген және корпоративтік этика талаптарының жиынтығын көрсете отырып, іскерлік мінез-құлықтың және мүдделі тараптармен өзара қарым-қатынасты жүргізудің неғұрлым маңызды қағидаларын айқындайды.

ҚМГ осы Кодекстің ережелерін ҚМГ акционерлерімен, қызметкерлермен, еншілес және тәуелді ұйымдармен, мемлекеттік органдармен, әріптестермен, өзге де мүдделі тұлғалармен іскерлік шешімдер қабылдау кезінде де, күнделікті жағдайларда да өзара қарым-қатынастарда қабылдайды және қадағалайды.

Кодекс ашық құжат болып табылады және ҚМГ іскерлік серіктестері мен басқа да мүдделі тұлғалар арасында еркін таратылады. Сондай-ақ ол Компанияның сайтындағы «Корпоративтік құжаттар» бөліміне орналастырылған.

Бекітілген Кодекске сәйкес ҚМГ қызметі келесі қағидаттарға негізделген:

Ашықтық

Жауапкершілік

Айқындылық

Этикалық
мінез-құлық

Құрмет

Заңдылық

Кәсібилік

Әділеттілік

Сыбайлас
жемқорлыққа
төзбеушілік

Мүдделер
қақтығысына
жол бермеушілік

Экологиялық
жауапкершілік

Қауіпсіздік

ӘДЕПКЕ ЖАТПАЙТЫН МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТУРАЛЫ КЕҢЕСТЕРГЕ ЖҮГІНУ ТЕТІКТЕРІ
Әлиасқаров Тұрысбек Жүнісбайұлы, Корпоративтік қауіпсіздік бойынша директор:
«ҚМГ басты құндылығы – бұл оның қызметкерлері. Қызметкерлердің еңбек және басқа құқықтарын қорғау – компанияның ең маңызды міндеттерінің бірі. Біздің мақсатымыз – қызметкерлердің барлық өтініштерін қарау және шешу ғана емес, сондай-ақ олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша заңда көзделген барлық шараларды қабылдау».
Жедел желі
Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, соның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз
Біз 100% шағымдардың құпиялылығы мен жасырын қаралуына кепілдік береміз

Барлық келіп түскен хабарламаларды «Делойт» тәуелсіз компаниясы өңдеуге қабылдайды

Қызметкерлердің құқықтарын сақтаудың алдын алу мақсатында қызметкерлердің, сондай-ақ үшінші тұлғалардың тарапынан құқыққа қарсы әрекеттердің барлық фактілері туралы нақты уақыт режимінде құпия және қолжетімді ақпарат құралдары ұйымдастырылған.

Компания тобының кез келген қызметкері немесе өзге тұлға ҚМГ және оның ЕТҰ-мен өзара іс-қимыл жасайтын басқа қызметкерлердің, контрагенттердің немесе өзге тұлғалардың іс-қимылының заңдылығына күмән туындаған жағдайда бұл туралы басшылыққа, өзінің тікелей басшысына және комплаенс қызметіне хабарлай алады.

Осы хабарламалар құпиялылықты қамтамасыз ететін мынадай арналар мен байланыс құралдары арқылы берілуі мүмкін:

  • ҚМГ ақпараттық сенім жүйесіне doverie@kmg.kz, электрондық поштасы арқылы немесе сенім телефоны бойынша 8 (7172) 78 65 65;
  • омбудсменге (іскерлік этика, кемсітушілік, еңбек даулары және өзге де еңбек мәселелері және т. б. мәселелер бойынша) ombudsman@ kmg.kz, электрондық поштасына немесе телефон арқылы 8 (7172) 78 65 60, 8 (7172) 78–65–61;
  • сыртқы тәуелсіз компания басқаратын бірыңғай орталықтандырылған «жедел байланыс желісі» арқылы комплаенс қызметіне (сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық фактілері туралы күдік туындаған немесе қолда бар ақпарат болған жағдайда):
  • мына телефон арқылы тегін қоңырау: 8 800 080 19 94;
  • мына мекенжайға электрондық хабарлама: sk.hotline@deloitte.kz
  • интернет порталы арқылы: www.sk.deloitte-hotline.com

«Жедел байланыс желісі» байланыстары ҚМГ корпоративтік сайтында мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде орналастырылған.

Осыған ұқсас мәліметтер ЕТҰ сайттарында бар.

Барлық хабарламаларды, оның ішінде анонимді хабарламаларды сыртқы тәуелсіз компанияның операторлары қабылдайды және өңдейді, бұдан әрі олардың кәсіби және құпия қаралуын қамтамасыз ететін ҚМГ комплаенс қызметіне беріледі. Комплаенс қызметі тоқсан сайынғы негізде Директорлар кеңесіне келіп түскен өтініштерді қарау нәтижелері туралы ақпаратты жеткізеді. 2019 жылы «Жедел байланыс желісі» 42 өтініш (2018 жылы 24 өтініш) алды.

Әртүрлі байланыс арналарынан алынған барлық өтініштер есепке алынып, статистикалық талдау жүргізіліп жатқанын атап өтеміз. Есепті 2019 жылы компаниялар тобының Ақпараттық сенім жүйесі бойынша ғана 185 өтініш пен шағым (2018 жылы – 67, 2017 жылы – 60 шағым) келіп түсті, солардың ішінде өтініштердің 10 %-дан астамы жалақы деңгейіне, еңбек қауіпсіздігі жағдайларына және т. с. с. байланысты қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау мәселелеріне қатысты болды. ҚМГ басшылығының жеке қабылдауы және пошта байланысы шеңберінде 48 өтініш келіп түсті. Жеке және заңды тұлғалардың тағы 38 өтініші пошта хабарламасы арқылы және жеке қабылдаудан келіп түсті, солардың ішінде өтініштердің 13 %-ы қызметкерлердің құқығын бұзуға қатысты болды.

Барлық келіп түскен өтініштер мен шағымдар өтініш иелеріне шараларды қабылдай және хабарлай отырып, белгіленген тәртіппен және мерзімде қаралды. ҚМГ барлық түскен хабарламалардың сапалы, әрі уақытылы қаралуына кепілдік береді.

Омбудсменге қойылатын өтініштерді қарау тәртібі
Тегісбаев Анатолы Орынғалиұлы

Компания қызметкерлері бекітілген іскерлік этика нормаларын, заңнама және ҚМГ ішкі құжаттарының нормаларын бұзған жағдайда, Омбудсмен мәні бойынша құзыретіне осындай өтініштерді шешу жататын ҚМГ уәкілетті органдары мен ҚМГ құрылымдық бөлімшелеріне қарауға және шешім қабылдауға одан әрі жіберу үшін материалдар қалыптастырылады. Омбудсмен Іскерлік этика кодексі ережелерінің, ҚР заңнамасы нормаларының және ішкі құжаттардың бұзылуы туралы мәліметтерді қараудың құпиялылығына, бейтараптығына және қасақана еместігіне кепілдік береді. Жүгінуші адамның құқықтарына оның арызын қарау кезінде де, ол бойынша шешім қабылданғаннан кейін де нұқсан келмеуі тиіс

Омбудсмен қызметінің 2019 жылғы қызметі туралы

ҚМГ Омбудсмен қызметінің іс-әрекеті орнықты даму саласында бекітілген қағидаттарға сәйкес жүргізіледі. Есепті кезеңде Іскерлік этика кодексінің талаптарымен, Омбудсменнің функциялары мен міндеттерімен танысу, қызметкерлердің қаралған өтініштерін талдау мақсатында 22 ЕТҰ-да басшылық, кәсіподақтар және келісу комиссияларының өкілдерімен, кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен, заң қызметтерінің қызметкерлерімен, ЕТҰ инженерлік-техникалық қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылды.

Барлық келіп түскен өтініштер бойынша туындаған проблемалық мәселелерді реттеу үшін барлық қажетті шаралар, оның ішінде ұсынымдық сипаттағы, сондай-ақ бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылданды. 2019 жылы Омбудсмен 18 өтінішті қарады. Омбудсмен қызметінің қанағаттанушылығы даулар мен қақтығыстардың тараптарынан бағалау, пікірлер негізінде айқындалады. Ағымдағы кезеңде алынған жоғары нәтижелер мәселелерді шешуде омбудсменның қызметін көрсетеді

ҚМГ басшылығымен бірлесіп, жыл қорытындысы бойынша ҚМГ қызметкерлеріне сыйақы төлеу мәселесі шешілді. Омбудсменнің негізгі міндеті дауларды, қақтығыстарды, проблемалық мәселелерді ерте алдын алу және реттеу арқылы ҚМГ рейтингі мен имиджін арттыруға жәрдемдесу болып табылатынын ескере отырып, Омбудсмен қызметі келіп түскен өтініштерге (сигналдарға) уақытылы ден қояды. 2019 жылы Омбудсмен қызметі ҚМГ Директорлар кеңесіне қызмет қорытындылары бойынша 2 есеп жіберді. ҚМГ Директорлар кеңесі қызмет бойынша есептерге лайықты түрде көңіл бөліп отырады. ҚМГ Омбудсмені орнықты даму және барлық бизнес-бағыттар бойынша ESG рейтинг мәселелерін интеграциялау үшін жауапкершілікті айқындай отырып, орнықты даму саласындағы басқару жөніндегі тұрақты әрекет ететін жұмыс тобына белсенді қатысады.

Мүдделі тараптармен өзара әрекеттестік
ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден, оларды тасымалдау мен өңдеуден бастап, Қазақстан ішінде де, шетелде де мұнай мен мұнай өнімдерін өткізгенге дейін толық өндірістік циклді жүзеге асырады және мұнай-газ секторында мемлекеттің мүддесін білдіреді. Қызметтің күрделі құрылымы мен түрлеріне байланысты ҚМГ мүдделі тараптардың кең тобымен өзара әрекеттеседі.
Мүдделі тараптарды айқындау
ҚМГ тұрақты негізде мүдделі тараптармен диалогты және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жолға қою және қарым-қатынасты басқару бойынша шаралар қабылдайды. ҚМГ-де тәуелділікті (тікелей немесе жанама), міндеттемелерді, жағдайды (жоғары тәуекел аймақтарына ерекше назар аудара отырып), әсерді, әртүрлі (алуан түрлі) перспективаларды ескере отырып, тәуекелдер мен саралауды есепке ала отырып жасалған Мүдделі тараптардың картасы бекітілді. Қойылған міндеттерді тиімді іске асыру үшін мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспарлары жасалып жатыр. ҚМГ мүдделі тараптарды айқындау және олармен өзара іс-қимыл кезінде AA1000SES Stakeholder Engagement Standard сияқты халықаралық стандарттарды қоса алғанда, мүдделі тараптармен өзара іс-қимылдың ең үздік практикасын қолданады.
Біздің мүдделі тараптарымыздың негізгі топтары, бұл:

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл әдістері мыналарды қамтиды:
Есептің маңызды тақырыптарын айқындау
Есепте маңызды тақырыптарды бағалау және ашу үшін сыртқы және ішкі мүдделі тараптардың (стейкхолдерлер) деректері талданды. Жүргізілген рәсімдердің нәтижелері бойынша ішінен маңыздылық матрицасы жасалды.
Маңызды тақырыптарды бағалау құрылымында таразыларды бөлу
Маңыздылық матрицасын салу үшін тиісінше көлденең және тік осьтерде ішкі және сыртқы көрсеткіштердің нәтижелері пайдаланылды. Матрицада қолданылатын бағалау шкаласы 1-ден 5 баллға дейінгі диапазонды құрайды. Тиісінше, материалдық мәнін анықтау кезінде 1-ден 5-ке дейінгі ұқсас диапазон қолданылды. Мүдделі тараптар үшін онлайн сауалнама SurveyMonkey платформасының базасында дайындалды. Төменде 31 тақырыптың маңыздылық матрицасы берілген.

Осы матрица тақырыптардың маңыздылық деңгейі бойынша 4 шартты аймаққа (квадрантқа) бөлінген:

4-квадрант — өте маңызды тақырыптар (сыртқы және ішкі стейкхолдерлердің бағалауы 2.5 астам);

3-квадрант — сыртқы стейкхолдерлер үшін маңызды, бірақ ішкі стейкхолдерлер үшін маңызды емес тақырыптар (сыртқы стейкхолдерлердің бағалауы 2.5 артық және ішкі стейкхолдерлердің бағалауы 2.5 кем);

2-квадрант — ішкі стейкхолдерлер үшін маңызды, бірақ сыртқы стейкхолдерлер үшін маңызы аз тақырыптар (сыртқы стейкхолдерлердің бағалауы 2.5-тен кем және ішкі стейкхолдерлердің бағалауы 2.5-тен астам);

1-квадрант — маңызы аз тақырыптар (сыртқы және ішкі стейкхолдерлердің бағалауы 1-ден кем)

Маңызды тақырыптар тізім:
Бастамалар және мүшелік
Бастамалар
Дүниежүзілік Банктің «2030 жылға қарай ІМГ тұрақты жалындатып жағуды толық тоқтату» бастамасы. ҚМГ 2015 жылы аталған бастаманы қолдады. Ол үкіметті, мұнай компанияларын және 2030 жылдан кешіктірмей ілеспе мұнай газын (ІМГ) тұрақты жалындатып жағу тәжірибесін тоқтату үшін ынтымақтасуға келіскен даму ұйымдарын біріктіреді. Біздің мақсатымыз – ІМГ тиімді пайдалану және кәдеге жарату деңгейін арттыру, ең аз дегенде жалындатып жағу мәліметі. Біз Дүниежүзілік Банкке қол жеткізген прогресс туралы жыл сайын есеп береміз.
Жаһандық Метан Бастамасы. ҚМГ Есептіліктің жаһандық бастамасын (ЖМБ) қолдайды және Орнықты даму туралы есеп шеңберінде барлық мүдделі тараптарға өзінің экологиялық қызметі туралы ақпаратты ұдайы жариялайды. 2017 жылы ҚМГ метан шығарындыларын азайту бойынша ҚМГ қызметі шеңберінде ЖМБ жобалық желісіне қосылды, ол метан шығарындыларын азайту бойынша, сондай-ақ метанды қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі жобаларға мүдделі жеке сектор субъектілерінің, қаржы мекемелері мен басқа да үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың өсіп келе жатқан қоғамдастығын білдіреді. ЖМБ серіктестері болып табылатын елдермен жұмыс істей отырып, Жобалық желі мүшелері метан бойынша нақты жобалар үшін негізін дайындап, қызметті жандандыра алады.

CDP климаттық бағдарламасы

2019 жылы ҚМГ алғаш рет Румыния мен Грузиядағы еншілес ұйымдарды қоса алғанда, ҚМГ барлық активтері бойынша парниктік газдардың тікелей және жанама шығарындыларының деректерін қамтитын CDP (Carbon Disclosure Project) Климаттық бағдарламасы шеңберінде 2018 жылғы парниктік газдар шығарындылары бойынша анықталған есепті жариялады.

Қазақстанның мұнай-газ компанияларының экологиялық жауапкершілік рейтингі ҚМГ қатарынан үшінші жыл Ресейдің WWF Бүкіләлемдік жабайы табиғат қоры және ҚР Энергетика министрлігінің қолдауымен CREON компаниялар тобы ұйымдастырған Қазақстанның мұнай-газ компаниялары үшін экологиялық жауапкершілік рейтингінде Қазақстандағы экология мәселелеріндегі ең ашық мұнай компаниясы болып табылады. 2019 жылы рейтинг өзінің қамтылуын кеңейтті және Қазақстан, Ресей және Әзірбайжан компанияларын қоса алғанда, «еуразиялық» болды, келесі кезеңде Өзбекстан мен Түркіменстанды қосу жоспарланып отыр. Сондай-ақ рейтингке алғаш рет өндіруші активтер ғана емес, сонымен бірге өңдеу және тасымалдау бизнес-бағыттары бойынша компаниялар да енгізілді.
Рейтинг әдістемесімен толығырақ мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://wwf.ru/what-we-do/green-economy/ekologicheskiy-reyting-neftegazovykh-kompaniy-rf-sovmestnyy-proekt-wwf-i-kreon/
2019 жылы Топтың барлық компаниялары қадағалау аудиттерінен ойдағыдай өтті, олар қолданыстағы интеграцияланған басқару жүйелерінің халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігін растады.
Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым ISO 2006 жылдан бастап ISO 9001, ISO 14001 және OHSAS 18001 талаптарына сәйкес сапа, қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы басқару жүйесіне жұмыс жағдайымен қолдау көрсетіледі. Энергияны тұтынудың елеулі деңгейі бар еншілес және тәуелді ұйымдар ISO 50001 бойынша сертификатталған.
Өндіруші салалардың айқындығы бастамасы (ӨСАБ). Өнеркәсіптің мұнай, газ және тау-кен өндіру салаларынан түскен табыстардың ашықтығын қамтамасыз етуге ықпал ететін әлемдік стандарт болып табылады. Біз Бастаманың өзара түсіністік туралы меморандумының шарттарын сақтаймыз және ел бюджетіне салықтар мен басқа да төлемдер бойынша есеп береміз http://eiti.geology.gov.kz/ru/national-reports
Қауымдастықтардағы мүшелік
«Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы. ҚМГ мен «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы арасында құқықтық мәселелер бойынша ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Келісім тараптардың заңнаманы жетілдіру, құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған бірлескен бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу, төреліктегі коммерциялық дауларды шешуді кеңейту және т. б. сияқты құқықтық қызметтің осындай маңызды бағыттарында өзара іс-қимылды көздейді.
«KAZENERGY» Мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдарының қазақстандық қауымдастығы ҚМГ басшылығы Қауымдастықтың бірнеше комитеттері мен жұмыс топтарының жұмысына қатысады. KAZENERGY экология, әлеуметтік жауапкершілік және ашықтық мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесіне төрағалық ету ҚМГ үшін Қазақстанның мұнай-газ саласындағы орнықты даму мәселелерін ілгерілетуге мүмкіндік болып табылады. ҚМГ мен «KAZENERGY» Мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі арасында Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Меморандум ҚР заңнамасын жетілдіру, құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған бірлескен бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу; юриспруденция саласындағы актуалды мәселелерге арналған дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар және т. б. өткізу сияқты құқықтық қызметтің осындай маңызды бағыттарында бірлескен қызметті көздейді.
БҰҰ Жаһандық шарты Біздің орнықты даму қағидаттарына бейілділігімізді көрсету БҰҰ Жаһандық шартына мүшелік, сондай-ақ Жаһандық шарт қағидаттарын ілгерілету бойынша ҚМГ-нің қол жеткізген прогресі және орнықты даму саласындағы 17 жаһандық мақсаттар туралы хабарлама ретінде БҰҰ ЖШ сайтында орнықты даму саласындағы есепті жыл сайын орналастыру болып табылады.
IOGP IOGP Мұнай мен газдың халықаралық өндірушілер қауымдастығы 2018 жылдан бастап ҚМГ IOGP мұнай мен газдың халықаралық өндірушілер қауымдастығының толық құқықты мүшесі болды. Біздің еңбекті қорғау және ҚОҚ бойынша статистикамыз жалпыға қолжетімді болып табылады және біздің көрсеткіштеріміз бүкіл әлем бойынша 75-тен астам мұнай-газ компанияларының көрсеткіштерімен салыстырылатын болады. Біздің стратегиялық мақсатымыз – осы Топ 20 үздік компаниялар тізіміне кіру.
Геофизикалық зерттеулер және ұңғымалардағы жұмыстар бойынша халықаралық ғылыми-техникалық және іскерлік ынтымақтастық қауымдастығы («АИС»)
Халықаралық мұнай тасымалдау қауымдастығы (ІАОТ) 2015 жылдан бері ҚТО мұнайды тасымалдаудың халықаралық жүйелерін жақсарту үшін IAOT мүшесі болып табылады. Қауымдастық тарифтерді, диагностиканы қалыптастыруға және құбырларды пайдалануға, мұнайды тасымалдауға және сақтауға байланысты мәселелерді қарастырады.
Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығы
ҚР теңіз көлігі кәсіпкерлерінің қауымдастығы
Қазақстанның машина жасаушылар одағы
Қазақстанның мұнай-сервис компанияларының одағы
«KazWeld» қазақстандық дәнекерлеу қауымдастығы
«Транскаспий халықаралық көлік маршруты» Халықаралық қауымдастығы
ҚР инженер-энергетиктер одағы
Oil Spill Response Limited (OSRL) мұнайдың авариялық төгілуін жоюды қамтамасыз етуге арналған халықаралық қауымдастық
«IRIS» бизнестің ұлттық қауымдастығы
«Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ
ҚМГ-нің 2018 жылғы орнықты дамуы туралы есеп «Үздік жылдық есеп», «Жылдық есептілікте ESG-ақпаратты үздік ашу» номинацияларындағы жылдық есептер конкурсында үздік жылдық есеп болды.

2019 жылғы 13 желтоқсанда QRA рейтинг агенттігі ұйымдастырған Жылдық есептердің жыл сайынғы байқауының лауреаттары мен номинанттарын марапаттау рәсімі өтті. 2019 жылы конкурс шеңберінде қазақстандық, оның ішінде 35 қаржы ұйымы және 69 қаржылық емес компаниялардың 111 жылдық есебі бағаланды.

«Үздік жылдық есеп» санатында лонгпарақты анықтау кезінде Қазақстанда шығарылған жылдық есептер талданады, бұл ретте контентке басты назар аударылады – ақпараттың барынша толық және сапалы ашылуымен сипатталатын құжаттар таңдалды.

Алдын ала талдау қорытындысы бойынша қалыптастырылған, он есептен тұратын шорт-парақ құрамына корпоративтік басқару және есептілікті дайындау саласындағы кәсіби мамандар кірген Сараптамалық комиссияның дауыс беруіне шығарылды. ҚМГ орнықты дамуы туралы есеп қазақстандық компаниялар арасында «Үздік жылдық есеп» (ЖЕ+ОДЕ), «Жылдық есептілікте ESG-ақпаратты үздік ашу» (ОДЕ) ретінде бірінші орынға ие болды.

Практикадан мысал