Жиі қойылатын сұрақтар

ҚМГ IPO қашан өтеді?
Инвесторлардың өтінімдерін қабылдау 2022 жылы 9 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 12:00-де басталады және институционалдық инвесторлар үшін 2022 жылы 30 қарашада сағат 18:00-де, ал бөлшек инвесторлар үшін 2022 жылы 2 желтоқсанда Астана уақыты бойынша сағат 15:00-де аяқталады.
Бір акция қанша тұрады?
Әлеуетті ұсыныс мақсаттары үшін бір акцияның бағасы 8 406 теңге тұрады.
Акцияларды қалай сатып алуға болады?
Бөлшек инвесторлар (жеке тұлғалар) бағалы қағаздарды сатып алу тәсілдерінің бірін таңдай алады: брокерлік компания арқылы, Homebank, Tabys қосымшалары арқылы немесе «Қазпошта» арқылы. Толық нұсқауларды «Қалай инвестор болуға болады?» бөлімнен таба аласыз.
IPO кезінде ҚМГ акцияларын кім сатып ала алады? Акцияларды сатып алуға шетелдік инвесторлар жіберіле ме?
IPO аясында «Самұрық-Қазына» қорының қоржынындағы компаниялардың акцияларын сатып алу құқығын, ең алдымен, бөлшек инвесторлар – Қазақстан азаматтары алады, бірақ олармен қатар ҚР резидент-институционалдық инвесторлары, сондай-ақ институционалдық шетелдік инвесторлар ҚМГ акцияларын сатып алуға мүмкіндік алады.
Жазылу қорытындысы бойынша акцияларды бөлу тәртібі қандай болады?
Бірінші кезекте ҚР азаматтарының өтінімдері, екінші кезекте басқа инвесторлардың өтінімдері қаралатын болады. Бір инвесторда акциялардың жоғары шоғырлануына және(немесе) қолданылатын заңнаманың талаптарын және(немесе) қолданылатын комплаенс-рәсімдерін бұзуы мүмкін деген өтінімдер ішінара қанағаттандырылуы не қабылданбауы мүмкін.
Акциялар бойынша табысты қалай алуға болады?
Акциялар бойынша кірістерді, акциялардың иесі бола отырып, дивидендтер түрінде де, оларды сату кезінде акциялар құнының өсуі түрінде де алуға болады. Акцияларға дивидендтер төлеу бірқатар факторларға байланысты екенін түсіну керек (мысалы, компанияның нәтижелеріне, акционерлер жиналысының дивидендтер төлеу туралы шешіміне), сондықтан дивидендтер жыл сайын төленбеуі мүмкін. Төленген дивидендтердің көлемі мен мерзімі Эмитенттің дивидендтік саясатына да байланысты. ҚМГ дивидендтік Саясаты акционерлердің, кредиторлардың және компанияның мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз етуге, сондай-ақ өз акционерлеріне дивидендтер төлеу мөлшерін айқындау кезінде ашықтыққа бағытталған. ҚМГ-ның қолданыстағы дивидендтік Саясаты таза ақша ағынының 30%, 40% немесе 50% борыштық жүктемесіне байланысты дивидендтердің ең төменгі мөлшерін айқындаудың белгіленген тәртібін, сондай-ақ мұнайдың қолайлы бағасы жағдайында таяудағы үш жылға кемінде 200-250 млрд теңге мөлшерінде дивидендтердің ең төмен белгіленген мөлшерін көздейді. Компанияның cccдивидендтік саясатымен ҚМГ корпоративтік веб-сайтында танысуға болады.
Пайда табу үшін ҚМГ акцияларына қанша қаражат салу керек?
Акциялар бойынша кірістерді, акциялардың иесі бола отырып, дивидендтер түрінде де, оларды сату кезінде акциялар құнының өсуі түрінде де алуға болады. Алайда компанияның нәтижелеріне байланысты дивидендтер жыл сайын төленбеуі мүмкін және қолайсыз факторлардың әсерінен акциялардың бағасы төмендеуі мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Акцияларға салымдар ұзақ мерзімді перспективада кіріс алуды жоспарлай отырып, осы тәуекелдерді ескере отырып жасалуы керек. Әрбір инвестор инвестициялар көлеміне қатысты шешімді өз мүмкіндіктері мен тәуекелдеріне қарай жеке қабылдайды. Әрбір инвестор акциялардың бағасын және брокерлердің, банктердің және басқа да тараптардың комиссиялары түріндегі транзакциялық шығындарды назарға ала отырып, ҚМГ акцияларына ықтимал салымдар сомасын жеке бағалауға тиіс.
Инвестициялаудың ең төменгі / ең жоғарғы шегі белгіленеді ме?
Акцияларды сатып алу барлық қазақстандық бөлшек инвесторларға қолжетімді болуға тиіс, сондықтан инвестициялаудың ең аз мөлшері – 1 акция. Бір өтінімге акциялардың ең көп саны және бір инвестордан өтінімдер саны бойынша шектеулер белгіленбеген, бірақ акцияларды бөлу кезінде басымдық бөлшек инвесторлардың, ҚР азаматтарының өтінімдеріне берілетін болады.
IPO-дан кейінгі алғашқы дивидендтер қашан төленеді?
Акциялар бойынша дивидендтерді төлеу бірқатар факторларға байланысты (мысалы, компанияның нәтижелеріне, акционерлер жиналысының дивидендтер төлеу туралы шешіміне), сондықтан дивидендтер жыл сайын төленбеуі мүмкін. Төленген дивидендтердің көлемі мен мерзімі Эмитенттің дивидендтік саясатына да байланысты.
ҚМГ акцияларына инвестициялаудың тәуекелдері қандай?
IPO-ға қатысу шеңберінде негізгі тәуекел факторларына мыналар жатады:
  • компанияның кірісі, еркін ақша ағымы және басқа қаржылық көрсеткіштері шикі мұнай бағасының өзгеруіне байланысты айтарлықтай өзгереді
  • өндірістегі кез келген үзілістер немесе тасымалдау жүйелерінің болмауы компанияның өндіру деңгейіне теріс әсер етеді
  • мұнай-газ секторындағы нормативтік актілердің өзгеруі, оның ішінде баға белгілеуге және ішкі жеткізілімдерге қойылатын талаптарға қатысты Компанияның қызметіне әсер етуі мүмкін
  • топтың қызметі экологиялық тәуекелге ұшырап жатады. Компания үнемі өзгеріп отыратын экологиялық заңдар мен ережелерді сақтауға міндетті.
Тәуекел факторларының толық тізбесі 2022 жылы 9 қарашада KASE, AIX биржаларында, «ҚазМұнайГаз» және «Самұрық-Қазына» Қорының веб-сайттарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланатын эмиссия проспектісінде сипатталған
Сұрақтарыңыз қалды ма?
Электрондық пошта: ipo@kmg.kz

Телефон: 8 (800) 004 03 15
Қалалық және мобильді телефон нөмірлерінен қоңырау шалу тегін