Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Экологиялық жауапкершілік: ҚМГ компаниялар тобының қызметкерлері жыл басынан бері 230 мың ағаш отырғызды

19.09.2026

ҚазМұнайГаз Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасына белсенді қатысып келеді.

Бүгін Астанада ҚМГ қызметкерлері «ҚазМұнайГаз саябағында» 100-ден астам ағаш отырғызды. Саябақ ашылғаннан бері оның аумағына қарағай, шырша, мойыл, шетен, тал, қарағаш, алма және басқа да ағаш түрлерін қоса алғанда, барлығы 2 200 түп ағаш, сондай-ақ 7 400 бұта мен көпжылдық өсімдік егілді.

Аумағы 6 гектарды құрайтын ҚМГ саябағы Астана қаласының Нұра ауданы Тұран даңғылы бойындағы «Қазақстан ғарыш сапары» кешеніне жақын жерде орналасқан. «ҚазМұнайГаз саябағының» тұжырымдамасы Қазақстанның мұнай-газ саласының тарихымен сабақтас. Ақпараттық стелада өндірістің қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері, маңызды оқиғалар мен айтулы белестер көрсетілген.

Саябақтағы ерекше нысанның бірі мұнай өндіру саласында кеңінен танылған символ - тербелмелі қондырғы. 

Мұнда қала тұрғындарының жайлы демалысы мен бос уақытын тиімді өткізуі үшін серуендеу жолдары, балалар ойнайтын және баскетбол алаңдары, workout-аймақ жасалған. Бұдан бөлек, демалып отыруға арналып жабдықталған жерлер, орындықтар мен жарық шамдары орнатылған. Жасыл желектерді күтіп ұстау үшін автоматты суару жүйесі қарастырылған.

Аудан тұрғындары жаңа қоғамдық орынның ашылуын жылы қабылдап, мұнда жиі келетін болған. Олардың айтуынша, саябақ қалалық инфрақұрылымның маңызды бөлігіне айналып, ауданның тартымдылығын арттырды. Бұл – қаланың айтылған бөлігіндегі осындай форматтағы жалғыз қоғамдық саябақ. 

Жалпы, ҚМГ биыл Астана қаласы мен өз қызметін жүргізетін өңірлерде 386 мың ағаш отырғызуды жоспарлаған. Жыл басынан бері 230 мың түп ағаш егілді. Ұлттық компания елімізді көгалдандыруға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған экологиялық бастамаларды үнемі іске асырып келеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>