Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2023 жылдың бірінші тоқсанындағы өндірістік нәтижелері

19.05.2023

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ», «Компания»), Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы, 2023 жылғы бірінші тоқсандағы өндірістік нәтижелерін жариялайды. 

2023 жылғы бірінші тоқсандағы басты өндірістік көрсеткіштер:

  • Мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 8,7%-ға артып, 5 961 мың тоннаға жетті;
  • Мұнай тасымалдау көлемі 3,0%-ға ұлғайып, 18 858 мың тоннаны құрады;
  • Қазақстандық және румындық МӨЗ-де көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 8,1%-ға артып, 4 936 мың тоннаны құрады. 

2023 ж. 1-т.

(ҚМГ үлесіне)

2022 ж. 1-т.

(ҚМГ үлесіне)

%

Мұнай өндіру, мың тонна

5 961

5 484

+8,7%

Газ өндіру, млн м³

2 410

2 145

+12,3%

Мұнай тасымалдау, мың тонна

18 858

18 309

+3,0%

Мұнай өңдеу, мың тонна

4 936

4 566

+8,1%

Өндірістік көрсеткіштер бірлескен және қауымдасқан компаниялардағы ҚМГ иелігіндегі үлесіне сәйкес және егер өзгеше көрсетілмесе, шоғырландырылған еншілес ұйымдар үшін көрсеткіштердің 100% көрсетілген.

Көмірсутек шикізатын өндіру

2023 жылы бірінші тоқсанда ҚМГ-нің мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 8,7%-ға артып, 5 961 мың тоннаға (тәулігіне 499 мың баррель) жетті. Ілеспе және табиғи газды өндіру көлемі (кері айдау көлеміне дейін) 12,3%-ға 2 410 млн м³ дейін ұлғайды.

Мұнай мен конденсат өндіру, мың тонна

2023 ж. 1-т.

 (ҚМГ үлесіне)

2022 ж. 1-т.

 (ҚМГ үлесіне)

%

Өзенмұнайгаз 

1 255

1 250

+0,4%

Маңғыстаумұнайгаз

769

720

+6,8%

Ембімұнайгаз

658

627

+4,8%

Теңіз

1 469

1 457

+0,8%

Қашаған 1

794

386

+105,5%

Қарашығанақ

281

285

-1,3%

Басқалары

735

758

-3,0%

Жиыны

5 961

5 484

+8,7%

1 ҚМГ-нің жобадағы үлесі 2022 жылғы 15 қыркүйектен кейін – 16,88%

Теңіз кен орнында мұнай өндіру көлемі 0,8%-ға ұлғайып, 1 469 мың тоннаны (тәулігіне 130 мың баррель) құрады. Ілеспе газ өндіру 0,1%-ға артып, 811 млн м³ құрады.

Қашағандағы өндіру көлемінің айтарлықтай өсуі былтыр қыркүйекте «Самұрық-Қазына» АҚ-тан «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК-ның 50% үлесін кері сатып алу мәмілесінің аяқталуы нәтижесінде жобадағы ҚМГ үлесінің 8,44%-дан 16,88%-ға дейін ұлғаюымен байланысты. Қашағанда мұнай және газ өндіру 794 мың тоннаны (тәулігіне 70 мың баррель) және 503 млн м³ құрады, сәйкесінше 105,5% және 113,3%-ға ұлғайды.

Орынбор газ өңдеу зауытының шикі газды өңдеуге қабылдауды шектеуіне байланысты Қарашығанақта мұнай мен конденсат өндіру 1,3%-ға азайып, 281 мың тоннаны (тәулігіне 25 мың баррель) құрады. Газ өндіру 2,7%-ға артып, 565 млн м³ жетті.

Операциялық активтерде мұнай мен конденсат өндіру көлемі 1,8%-ға 3 417 мың тоннаға дейін (тәулігіне 275 мың баррель) артты. Мұнай және конденсат өндіру көлемінің ұлғаюы Маңғыстаумұнайгаз кен орындарында жоспарлы геологиялық-техникалық іс-шараларды тиімді жүргізу және Ембімұнайгазда өндірудің ұлғаюы нәтижесінде болды. Бұл ретте операциялық активтерде мұнай өндірудің ұлғаюы жетілген кен орындарында өндіру деңгейінің табиғи төмендеуіне байланысты Қазгермұнайда өндірудің азаюымен ішінара өтелді. Газ өндіру негізінен Қазақтүрікмұнай компаниясында газ факторы салдарынан 3,4%-ға 531 млн м³ дейін төмендеді.

Мұнай тасымалдау

Мұнайды магистральмен және теңіз арқылы тасымалдаудың жалпы көлемі 3,0%-ға 18 858 мың тоннаға дейін ұлғайды.

Мұнай тасымалдау1, мың тонна

2023 ж. 1-т.

(100%)

2023 ж. 1-т.

 (ҚМГ үлесіне)

2022 ж. 1-т.

 (ҚМГ үлесіне)

%

ҚазТрансОйл

10 348

10 348

9 758

+6,1%

Қазақстан-Қытай құбыры 

4 644

2 322

2 351

-1,3%

МұнайТас2

1 387

707

657

+7,7%

Каспий Құбыр желісі Консорциумы

16 322

3 387

3 274

+3,5%

Қазақтеңізкөлікфлоты

2 094

2 094

2 269

-7,7%

Жиыны

-

18 858

18 309

+3,0%

1 Мұнай көлемінің бір бөлігін екі немесе үш құбыр компаниясы тасымалдауы мүмкін және сәйкесінше бұл көлемдер мұнай тасымалдаудың шоғырландырылған көлемінде бір реттен артық есепке алынады.

2 МұнайТас – үлестік әдіспен шоғырландырылатын бірлескен кәсіпорын, осыған байланысты тасымалдау көлемі 51% иелену үлесіне сәйкес көрсетілген.

Магистральды құбырлар арқылы мұнай тасымалдау көлемі 4,5%-ға ұлғайып, 16 765 мың тоннаға жетті. Көлемнің өсуіне негізінен ҚазТрансОйл жүйесі бойынша Самара бағытына қарай Қашаған мұнайы көлемінің ұлғаюы, сондай-ақ Дунга және Теңіз кен орындарынан Ақтау порты бағытына мұнай тасымалының ұлғаюы әсер етті.

Мұнайды теңіз арқылы тасымалдаудың жалпы көлемі 7,7%-ға 2 094 мың тоннаға азайды, бұның себебі – жеткізілімдердің басқа маршруттарға қайта бағытталуына байланысты қазақстандық жүк жөнелтушілердің экспорттық көлемінің төмендеуінен Жерорта теңізіндегі мұнай көлемінің азаюы.

2022 жылы ҚМГ мен Әзірбайжанның SOCAR компаниясы арасында Ақтау – Баку – Джейхан бағыты бойынша жыл сайын көлемі 1,5 млн тонна болатын мұнай транзиті туралы қол қойылған бес жылдық келісімі аясында 2023 жылдың сәуір айында Джейхан терминалынан «Petromidia» МӨЗ-і үшін Констанца румын порты бағытына қарай 90 мың тонна көлемінде мұнайдың алғашқы партиясы танкермен тасымалданды.

Көмірсутек шикізатын өткізу

ҚМГ өзі өндірген мұнай мен газ конденсатын өткізу көлемі 13,3%-ға ұлғайып, 5 936 мың тоннаға жетті, оның 65,9%-ы экспортқа жөнелтілді.

Ішкі нарықтың қажеттілігін өтеу үшін ҚМГ ішкі нарыққа 2 027 мың тонна өзі өндірген мұнай мен газ конденсатын жеткізді, оның ішінде мұнайды одан әрі өңдеп, мұнай өнімдерін өткізу үшін Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ), Шымкент мұнай өңдеу зауытына (ПҚОП) және Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) 1 294 мың тонна көлемінде операциялық активтердің (Өзенмұнайгаз, Ембімұнайгаз, Қазақтүрікмұнай және Өріктау Оперейтинг) шикі мұнайын жеткізу бар.

Көмірсутек шикізатын өңдеу

Көмірсутек шикізатын өңдеу, мың тонна

2023 ж. 1-т.

(ҚМГ үлесіне)

2022 ж. 1-т.

(ҚМГ үлесіне)

%

АМӨЗ 

1 410

1 315

+7,2%

ПМХЗ

1 466

1 400

+4,7%

ПҚОП1

644

731

-12,0%

Caspi Bitum1

63

71

-11,3%

Петромидия

1 279

980

+30,5%

Вега

76

69

+9,9%

Жиыны

4 936

4 566

+8,1%

[1] ПҚОП және Caspi Bitum өңдеу көлемі 50% үлесіне көрсетілген.

КСШ өңдеудің жалпы көлемі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,1%-ға ұлғайып, 4 936 мың тоннаға жетті:

  • Қазақстандық МӨЗ-де КСШ өңдеу көлемі 1,8%-ға артып, 3 581 мың тоннаны құрады. Өңдеу көлемі ішкі нарықта мұнай өнімдеріне сұраныстың артуына байланысты ұлғайды. Наурыз айында ПҚОП-та жоспарлы-алдын ала жөндеу жұмыстарына байланысты ПҚОП-та өңдеу көлемінің төмендеуі АМӨЗ бен ПМХЗ-да өңдеу көлемінің ұлғаюымен өтелді;
  • Румыниядағы KMG International (Петромидия, Вега) зауыттарында өңдеу көлемі 29,2%-ға ұлғайып, 1 355 мың тоннаға жетті. Өңдеу көлемінің ұлғаюы Петромидия зауытының былтыр жоспарлы жөндеуге ұзақ уақыт тоқтап тұруына және есепті кезеңде мұнай өнімдеріне сұраныстың артуына байланысты болды.

Қазақстандық және румындық зауыттарында мұнай өнімдерін өндіру көлемі 9,8%-ға өсіп, 4 585 мың тоннаны құрады:

  • Қазақстандық МӨЗ-дер 3 267 мың тонна мұнай өнімін өндірді, бұл 2022 жылдың осындай кезеңдегі көрсеткіштерден 3,7%-ға артық, негізінен АМӨЗ көлемі есебінен. Бұл ретте ПҚОП-та мұнай өнімдерін өндіру көлемі онда 2023 жылғы наурыз айында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүруіне байланысты төмен болды;
  • KMG International (Петромидия, Вега) зауыттары 1 318 мың тонна мұнай өнімін өндірді, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 28,8%-ға жоғары. Көрсеткіштердің өсуі Петромидия МӨЗ-де өңдеу көлемінің сәйкесінше ұлғаюы есебінен болды. 

Толығырақ ақпаратты мына сілтеме бойынша оқи аласыз: https://www.kmg.kz/investors/reporting/ 

Байланыс телефондары:

ir@kmg.kz

тел: +7 7172 78 64 34

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ туралы

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (ҚМГ) – Қазақстанның вертикалды интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызметтер көрсетуге дейінгі бүкіл өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. 2002 жылы құрылған Компания еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстанның мүддесін қорғайды.

ҚМГ негізгі активтері:

Барлау және өндіру: Өзенмұнайгаз (ӨМГ) – 100%, Ембімұнайгаз (ЕМГ) – 100%, Қазақтүрікмұнай (ҚТМ) – 100%, ҚазМұнайТеңіз – 100%, Өріктау (ӨО) – 100%, Маңғыстаумұнайгаз (ММГ) – 50%, Қазгермұнай (ҚГМ) – 50%, Қаражанбасмұнай (ҚБМ) – 50%, Қазақойл Ақтөбе (ҚОА) – 50%, ПетроҚазақстан Инк (ПКИ) – 33%, Теңізшевройл (Теңіз) – 20%, Қарашығанақ – 10%, Қашаған – 16,88%.

Тасымалдау: ҚазТрансОйл – 90%, Қазақстан-Қытай Құбыры (ҚҚҚ) – 50%, МұнайТас – 51%, Батуми мұнай терминалы – 100%, Каспий Құбыр Консорциумы (КҚК) – 20,75%, Қазақтеңізкөлікфлоты – 100%.

Өңдеу және басқалары: ПМХЗ – 100%, АМӨЗ – 99,53%, ПҚОП – 49,72%, KMG International – 100%, Петромидия – 54,63%, Вега – 54,63%, ҚазРосГаз – 50%, Қазақстан Петрокемикал Индастриз Инк. – 49,5%.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>