ҚазМұнайГаз LanzaJet компаниясымен серіктестікте SAF өндіру мүмкіндігін талқылады
20.06.2024
20 маусымда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов американдық LanzaJet технологиялық және жапондық Mitsui (Мицуи) инвестициялық компаниясының басшылығымен кездесу өткізді.
Кездесуде Қазақстанда экологиялық таза авиациялық SAF отыны өндірісін құру мүмкіндігі талқыланды.
ҚР-да SAF өндірістік кешенін салу жобасының алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесі (ТЭН) ҚМГ және «Эйр Астана» АҚ (Air Astana) бірлескен бастамасы бойынша Еуропа Қайта Құру және даму банкінің (ЕҚДБ) қаржылай қолдауымен жүргізілді. Келесі кезеңде жобаның ТЭН әзірлеу жоспарлануда.
Air Astana қазіргі уақытта өзінің әуе кемелері паркінде SAF пайдалану перспективасын қарастыруда. «Самұрық-Қазына» АҚ Төмен көміртекті даму тұжырымдамасы бойынша авиа тасымалдаушының SAF тұтыну үлесі біртіндеп ұлғаятын болады: 2040 жылға қарай 5%, 2050 жылға қарай 15% және 2060 жылға қарай 25%.
ҚазМұнайГаздың үш ірі мұнай өңдеу зауыты Jet A-1 авиаотынын өндіруге дайын. Бұл болашақта оны SAF өндірісімен араластыруға мүмкіндік береді.
Кездесу қорытындысы бойынша LanzaJet мен Мицуи компаниялары жобаны ҚМГ-мен бірлесіп іске асыруға қызығушылық танытты.
Анықтамалық ақпарат:
LanzaJet компаниясы жақында АҚШ-та 2030 жылға қарай 1 миллиард галлон SAF шығаруды жоспарлап отырған LanzaJet Freedom Pines Fuels әлемдегі алғашқы SAF зауытын ашты. LanzaJet технологиясы өнеркәсіптік газ шығарындыларын, сондай-ақ қайта өңделген табиғи газды экологиялық таза авиациялық отынға айналдыруға мүмкіндік береді.
Mitsui & Co. (Мицуи) — Жапониядағы ірі инвестициялық компания, Mitsui Group холдингінің бір бөлігі. Компанияның бас кеңсесі Токиода орналасқан. Мицуи декарбонизация жобаларына белсенді түрде инвестиция құяды, LanzaJet инвесторларының бірі болып табылады.
«Эйр Астана» АҚ (Air Astana) — Қазақстанда тұрақты даму бойынша белсенді жұмыс істейтін, қоршаған ортаға әсерін төмендетуге ұмтылатын және Қазақстанда SAF экологиялық таза авиациялық отынын пайдалануды жоспарлап отырған Орталық Азиядағы ірі авиакомпаниялардың бірі.
SAF (Sustainable Aviation Fuel) — Jet-1 отынының экологиялық таза нұсқасы болып табылатын тұрақты авиациялық отын. Кәдімгі авиакеросиннен айырмашылығы, SAF таза күйінде көміртегі шығарындыларын 80%-ға азайтады. Saf және Jet-1 бір-бірін алмастырады, бұл оларды әуежай қоймаларында қолда бар отынмен араластыруға мүмкіндік береді. АҚШ 2050 жылға қарай SAF 50 пайыз көлемінде пайдалануға көшуді жоспарлап отыр. Еуропалық Одақ бұл көрсеткішті 2025 жылдан бастап 2%, 2030 жылдан бастап 5%-ға дейін және 2050 жылы 63% — деңгейде дейін арттыруды көздеуде. Ұлыбритания 2030 жылға қарай Saf пайдаланылатын авиаотынның жалпы көлемінің 10% пайдалануды жоспарлап отырғанын хабарлады.