Алаяқтардан сақ болыңыз!

Қазіргі уақытта алаяқтардың Қазақстан азаматтарын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына қаржы салуға шақырып, арнайы сайт, мобильді қосымша құрып, әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті. Халықты мұнай мен газ сатып, мол пайдаға кенелуге шақыруда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Қазақстан азаматтарының қаржысын ешқандай инвестициялық жобаларға тартуға шақырмағанын мәлімдейді. Таратылып жатқан жалған жарнамалық хабарландыруға сенбеңіздер. Сақ болыңыздар!

Қандай да бір әрекет жасар алдында ақпараттың растығын анықтап алыңыз.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өз қызметі туралы барлық ақпаратты ресми сайтында сайтында, сондай-ақ YouTube, Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында ғана жариялайды.

Шот-фактуралар үшін штрих-кодтар жасау


«Штрих-кодты парақ» құжатын генерациялау бойынша қысқаша нұсқаулық:
  1. Есепті кезең үшін шот-фактура мен орындалған жұмыстардың актісін дайындау;
  2. http://www.kmg.kz/kaz/zakupki/barcode/ ресурсына кіру. Экрандық нысаны ашылады;
  3. Тізімнен баланстық бірлікті таңдау, яғни шот-фактура мен акті ұсынылатын тиісті мекемені таңдау;
  4. Құжаттың түрін таңдау (аталған жағдайда, құжаттың түрі біреу ғана – Шот-фактура);
  5. Есепті кезең үшін дайындалған шот-фактуралардан деректерді (хабардар ету үшін шарттың нөмірі, Шарт жасалған жыл, Құжаттың нөмірі, Құжаттың дайындалған күні, Валюта, Сома, оның ішінде ҚҚС, НДС, eMail);
    МАҢЫЗДЫ! Деректерді енгізу кезінде клавиатуралар ағылшын тілінде тұруы керек
  6. «Штрих-код қалыптастыру» кнопкасын басасыз. pdf – форматта құжат қалыптасады;
  7. Құжатты қағазға басыңыз;
  8. Басылған құжатты көз жүгіртіп тексеру және шот-фактурамен салыстыру қажет. Салыстыру кезінде мынаған: - парақта 4 жол штрих-код болуы тиіс екендігіне назар аударыңыз. Жолдардың әр қайсысы DD әріптерімен, яғни
    DD
    DD1
    DD2
    DD3-мен басталады.

    - Егер штрих-кодтың жолдары 4-тен аз болса, құжат қате жасалған. Бұл жағдайда, төменде көрсетілгендерге назар аудару қажет.
    - Екі құжатта (шот-фактура мен штрих-коды бар басылға парақ) да ақпарат бірдей болуы тиіс;
  9. Қаламмен өз ұйымыңыздың атын жазасыз;
  10. Құжатқа қол қоясыз (орындаушының қолы). Құжат жасалды;
  11. Жасалған құжатты басқа атқарушы құжаттарға (шот-фактура мен акті) қосасыз. Құжаттар пакеті қалыптасты;
  12. Қалыптастырылған Құжаттар пакетін «ҚМГ» ҰҚ АҚ Кеңсесіне жөнелтесіз.
  13. Құрметті берушілер мен мердігерлер! Штрих-коды бар басылған параққа өз ұйымыңыздың мөрін баспауды өтініп сұраймыз! «Мөрдің орны» деген жерге «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ мөрі қойылады.
  14. «Штрих-кодты парақты» қажетті мөлшерде (қолмен түзетусіз, , картридждің ізінсіз және басқаларынсыз) басуды сұраймыз.
  15. «Штрих-кодты парақ» дұрыс жасалмаған жағдайда жаңа данасын қайта жасауыңызға болады. Бұл парақтарды генерациялау саны процеске әсер етпейді.
нөмірді толық жазыңыздар
нөмірді толық жазыңыздар
9313452.99
егерҚҚС болмаса, міндетті тұрде О таңбасын қойыңыз
my@email.com