Жаңалықтар

05.10.2016

Қаламқаста үлкен конкурстық күн

Кәсіби шеберлік конкурсынан «Қаламқас» кен орнынан ҚазМұнайгаз компаниялар тобының өкілдері үлкен әсермен қайтты. Бұл жерге ҚазМұнайгаздың 12 еншілес компаниясынан 38 маман жиналды. Конкурстың теориялық және практикалық бөлімі екі күндік жарыста аяқталды. Алдында нәтижелерді қорыту және үздіктердің ішінен үздіктерді құттықтау күтілуде.

Конкурсқа қатысушылардың пікірінше, «теориялық бөлімнің өткізілу тәртібі өте жақсы ұйымдастырылғаны» айтылды.

Компьтерлік тестлеуде барлық қатысушылар лайықты өтті. Ауыр сұрақтар да «оңай» сұрақтар да болды. Қиыншылықтар да кездесті. Жауап беру үшін мұқият «нүкте үтіріне дейін» оқу керек еді.

Практикалық тапсырмаларға келгенде, көңіл кішкене тынышталды. Алаңға конкурсқа қатысушылар сенімді шыға бастады. Бұл жерде де оңай болған жоқ. Барлық конкурсқа қатысушылар тапсырмаларын реттемеге сәйкес тапсыруға тырысты. Нақты уақыт белгіленді, орындалған тапсырмалардың сапасы бағаланды, қауіпсіздік техникасы ережесі сақталды, жұмыс орны мен киім мәдениеті сонымен қатар, кейбір операциялардың қалдырылып кеткені де, техника және құралдармен олақ қолдану да ескерілді.

Конкурс кезінде біздің қатысушылар басқа да еншілес ұйымдардың әріптестеріне бәсекелестік тудыра алатындарына тағы да көздері жетті.