Жаңалықтар

06.10.2016

«Үздік маман» конкурсы ОТК және ММГ компанияларында

3-4 қазанда Қаламқас кен орнында («ММГ» АҚ-та өткізіліп жатқан мұнай және газ өндіру мамандықтары бойынша конкурстармен қатар) көлік бағытының үш мамандығы: «Үздік жүргізуші» (6 қатысушы: «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС, «АргымақТрансСервис» ЖШС, «Мұнайтелеком» ЖШС, «КРУЗ» ЖШС, «ТеңізСервис» ЖШС), «Үздік автокран жүргізушісі» (3 қатысушы: «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС, «АрғымақТрансСервис» ЖШС), «Үздік цементтеу агрегатының машинист-моторисі» (4 қатысушы: «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС, «Ойл Сервис Компани» ЖШС, «АрғымақТрансСервис» ЖШС) бойынша «Үздік маман» конкурсы өтті.

3 қазанда Қаламқас кен орнына келгеннен кейін «ММГ» АҚ-пен конкурстың жалпы салтанатты ашылуы болды, одан кейін жұмыс орнымен таныстыру, жұмыс орнын қабылдау және конкурстық теориялық бөлімі өтті (қатысушыларды тестілеу). Конкурс тамаша атмосферада өтті: кешке қарай қатысушылар үшін мерекелік кешкі ас, сондай-ақ Қаламқас кен орнының мұнай компанияларының өнерпаз қызметкерлерінің қатысуымен концерт ұйымдастырылды.
4 қазанда медициналық тексеруден кейін конкурстың практикалық бөлімі болды. Одан кейін қазылар алқасының, сарапшылардың және Конкурстық комиссия мүшелерінің отырысы өтті.

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС адам ресурстарын басқару және еңбекақы департаменті директорының орынбасары Нұрлан Құрмашев:
- Ұйымдастырушылардың (ҚМГ өкілдерінің), қатысушылардың және қонақтардың, сондай-ақ ММГ өкілдерінің пікірінше біздің конкурс жоғары деңгейде өтті. Барлық үш номинацияда конкурсқа қатысушылардың шеберлігі тең болды, алдын ала белгіленіп қойған жеңімпаздар болған жоқ және бәсекелестік соңына дейін сақталды. Қазылар алқасының кеңесуі қызу өтті, бірақ түбінде одан әрі даулар мен реніштерге жол берілмей әділ шешім қабылданды. Сонымен қатар, барлық қатысушылар мен қонақтардың пікірінше конкурс жаңа білім алуға, өз тәжірибесімен бөлісуге, басқа да компаниялардың қатысушыларынан жұмыс дағдыларын алуға мүмкіндік берді.

Атырау және Маңғыстау облыстарында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобы жұмыскерлерінің арасында «Үздік маман – 2016» кәсіби шеберлік конкурсы өтіп жатқанын естеріңізге саламыз. Конкурсты өткізудің негізгі мақсаты кәсіби шеберлікті арттыру және білім жетілдіру, ҚМГ компаниялар тобының үздік қызметкерлерін анықтау және көтермелеу, сондай-ақ корпоративтік рухты дамыту болып табылады. Конкурсқа 20 мамандық бойынша 126 жұмыскер қатысып, өз кәсіби дағдыларын көрсетуде.