Қызметкерлерге қамқорлық
ҚМГ компаниялары тобында кепілдендірілген әлеуметтік қолдау қарастырылған, ол түрлі әлеуметтік жәрдемақы мен өтемақы түрлерін қамтиды. Аталған әлеуметтік пакет жүктілікке және босануға байланысты төлемдерді, 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыстағы қызметкерлерге төленетін төлемдерді, еңбек шарты бұзылып, басқа жұмысқа ауысуға мүмкіндік болмаған жағдайда, еңбек қызметіне толық қабілетсіздігі, мүгедектік алған кездегі өтемақыны, қызметкердің өліміне байланысты жерлеуді ұйымдастыруға біржолғы төлемақыны, өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан қайтыс болған қызметкердің отбасына төленетін біржолғы төлемақыны қарастырады.
Біз қызметкерлер ауырған жағдайда ерікті медициналық сақтандыруға, Қазақстанның балалар сауықтыру лагерьлерінде қызметкерлердің балаларының демалысын ұйымдастыруға арналған әлеуметтік кепілдіктер береміз.
Сонымен қатар, қызметкерлерді әлеуметтік қолдаудың мынадай түрлері бар: мерейтой жасына жетуіне, некеге отыруына байланысты төлемдер, некеге отыруға, баланың өмірге келуіне, жақын туыстардың қайтыс болуына байланысты еңбекақысы сақталатын қысқамерзімді демалыстар, егер мүмкіндігі шектеулі қызметкерлер мен олардың балаларын емдеуге жұмсалатын шығындар сақтандыру бағдарламаларында белгіленген лимиттен көп болған жағдайда емделуге және медициналық операцияларға төлемдер.
ҚМГ компаниялары тобы бойынша әрбір қызметкердің жеке зейнетақы жинақтарына қосымша жұмыс істемейтін қызметкерлерге арналған зейнетақы бағдарламасы іске асырылады. Соған сәйкес қызметкерлер зейнетке шыққаннан кейін 3 жылдан көп жұмыс істеген ұйымнан белгілі бір материалдық қолдау ала алады. «ҚМГ-ның жұмыс істемейтін зейнеткерлерімен өзара іс-қимыл жөніндегі» ішкі қағидасына сәйкес зейнеткерлерге мерекелік күндерге, мерейтойлық туған күндеріне, медициналық көмекке, санаторлық-курорттық емделуге және газет пен журналдарды жаздырып алуға материалдық көмек беріледі. Осы бағдарламаларды қаржыландыруға «Зейнет жәрдемақылары бойынша қосымша міндеттемелерге арналған резерв» құрылды.