Персоналды дамыту
Біз қызметкерлерімізді оқытуға және кәсіптік дамытуға инвестиция салуды жалғастыра береміз. Компанияның мақсаты ҚМГ стратегиялық даму талаптары мен перспективасы есебінен персоналдың қажетті біліктілік деңгейін қалыптастыру мен қолдау болып табылады.
Сондай-ақ, 2015 жылы ҚМГ персоналын оқытудың жаңа модельді тұжырымдамасы әзірленген және бекітілген (70/20/10), бұл 70% - жұмыс орнында оқыту, 20% - ішкі оқыту, 10% - сыртқы оқыту.
ҚМГ компаниялар тобы ПНХЗ, ИЦА және ЭМГ дуальды оқытуды ұйымдастыру бойынша пилоттық жобалар іске асырылған. Дуальды оқытуды ұйымдастырудың негізгі қағидаты кәсіпорындағы оқыту - 60% уақыт, колледжде оқыту - 40% уақыт болып табылады.