Этика кодексі

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Іскерлік этика кодексі

(әрі қарай ҚМГ және Кодекс) КМГ-ның корпоративтік құндылықтарын бекітеді, іскерлік жүріс-тұрыстың айрықша маңызды қағидаттары мен қағидасын және Мүдделі тараптармен өзара қарым-қатынастар жүргізуді белгілейді, және КМГ барлық қызметкерлері басшылыққа алатын корпоративтік этика талаптарының жиынтығын   қамтиды.

Кодекс ережелері КМГ барлық қызметкерлеріне атқаратын лауазымына қарамастан, тең дәрежеде таралады, сонымен бірге негізгі құндылықтарды және қызметтің этикалық қағидаларын көрсетеді. Кодекс әріптестермен, мемлекеттік органдармен, акционермен, іскерлік серіктестермен, және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара тиімді ынтымақтастықтың  нормаларын орнықтырады.

КМГ және оның қызметкерлері барлық лауазымдық деңгейлерде шешімдер қабылдау кезінде, КМГ-ның барлық Мүдделі тараптарымен және жұртшылықпен өзара қарым-қатынастарда, жалпы алғанда стратегиялық шешімдер қабылдау кезінде, сонымен бірге күнделікті жұмысты орындау кезінде Кодекс ережелерін қабылдайды, үздіксіз және бұлжытпай сақтайды.  

Барлық қызметкерлер Кодекспен белгіленген, іскерлік этикасы қағидаттарын және жүріс-тұрыс қағидаларын мұқият оқығанын, түсінген және оны адал ниетпен орындауға міндетті болуын растайды.

Кодекстің әрекеттегі міндеттемелердің қолданылуына қайшы келмеу бөлігінде, КМГ Мүдделі тұлғалары үшін, сыртқы серіктестер мен заңды тұлғалар, КМГ-мен жасалған азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар үшін, сондай-ақ тапсырмаларды орындаушы болмаса егер олардың әрекет етуі КМГ атынан жүзеге асырылатын болса, үшінші тұлғалардың алдында КМГ мүддделерін қорғайтын агенттер болып табылатын жеткізушілер, мердігер және кеңесшілер үшін ұсынымдық сипаты болады.

Кодекс   «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-та  корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған егжей-тегжейлі Жоспарына сәйкес әзірленіп, ҚМГ Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 29 қарашасындағы шешімімен (№18/2018 хаттама) бекітілген.

Кодексті барлық мүдделі тараптар үшін ҚМГ ресми сайтында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде  және ішкі ҚЭБ ИСУ базасында бар.

Омбудсмен Институты

КМГ Омбудсмені институты Акционерлер, Директорлар кеңесі және КМГ Басқармасы келесі мақсаттарда қабылдаған бастамалардың, шаралардың және әрекеттердің негізінде құрылған. 

Омбудсменнің шешуші міндеттері Кодекс ережелері бойынша түсініктемелер беру және кеңестер беру, өтініштердің дер кезінде өңделуіне бақылау жасауды жүзеге асыру, бұзушылықтарға белгіленген тәртіппен тексеру жүргізілуі бойынша жұмыстарды үйлестіру, әлеуметтік наразылықтар көзін талдау, оларды азайту бойынша іс-шаралар әзірлеу болып табылады.  

Омбудсмен бейтарап, әділ және тәуелсіз, істі қарау кезінде процестерді әділетті және тең құқықты жүргізуді қолдайды және қызметкерлердің қайсы бірін жақтап сөз сөйлемейді, құқықтарының және Кодекс ережелерінің бұзушылық фактілері бойынша жүгінген қызметкердің, лауазымды тұлғаның анонимдігін және өзіне мәлім болған ақпараттың толық құпиялылығын қамтамасыз етеді.

КМГ қызметкерлерінің кез-келген біреуінің өз әрекеттерінің, сондай-ақ басқа қызметкерлердің, органдардың, контрагенттердің немесе басқа да мүдделі тұлғалардың әрекеттерінің, әрекетсіздігінің немесе ұсыныстарының этикалығында немесе заңдылығында күмәндар пайда болған жағдайда, олар бұл туралы (соның ішінде анонимді) келесі байланыс арналары бойынша хабарлай алады:

 

Омбудсмен

Байланыстар: +7 (7172) 78 65 60,

е-mail: ombudsman@kmg.kz

Қабылдау күндері: сәрсенбі, бейсенбі, жұма 15.00-ден 17.00-ге дейін 

Мекенжайы: 010000 Астана қ., Қонаев көшесі, 8, «Зүбаржат орамы» әкімшілік ғимараты, «Б» блогы