Негізгі бағыттары

Алдын ала бағалаулар бойынша энергия тиімділігі жөніндегі шараларды және ЖЭК жобаларын іске асыру жыл сайынғы СО2 тікелей және жанама шығарындыларын 2031 жылға қарай СО2 1,6 млн. тонна көлемінде немесе 2019 жылғы деңгейден кемінде 15%-ға (СО2-нің 10,7 млн. тоннасы) қысқартуға мүмкіндік береді, оның ішінде:

  • энергия тиімділігі іс-шаралары есебінен СО2 шығарындыларын 10%-ға немесе 1,01 млн. тоннаға қысқарту,
  • жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асыру есебінен СО2 шығарындыларын 5%-ға немесе 535 мың тоннаға қысқарту.

Энергияны басқару жүйесінің тиімділігін арттыру және метанның ағуы мен ауаға шығарылуын болдырмау қажеттілігі де қазіргі таңда өте маңызды.

Қазіргі уақытта біз жаңартылатын энергия көздері бойынша жобаларды іске асырудың мынадай бағыттарын пысықтап жатырмыз:

  1. Жаңартылатын энергия көздері активтерін:
  • қолданыстағы ЖЭК активтеріндегі үлесті сатып алу (жел және күн электр станцияларының жобалары),
  • ЖЭК жаңа электр станцияларын салу арқылы иелену.

Бұл тәсіл басқа әлемдік мұнай-газ компанияларының үлгісі бойынша ЖЭК саласындағы құзыреттерді пысықтай бастауға, сондай-ақ активтеріміздің энергетикалық дербестігін арттыруға мүмкіндік береді.

  1. ЖЭК нысандарының иелерімен «жасыл» энергия сатып алуға тікелей келісімшарттар жасасу.

ҚМГ ірі әлеуетті инвесторлармен оффтейк келісімшартқа қол қою арқылы «жасыл» ЖЭК энергиясын тұтынушы бола алады. Осы тәсіл күрделі құрылысқа елеулі инвестициялар салмай-ақ, дәстүрлі электр тұтынуды жаңартылатын энергия көздеріне ішінара көшуге мүмкіндік береді. Осы шара арқылы көміртек ізі азаятын болады.

  1. ҚМГ компаниялары тобының объектілерінде шағын көлемді бөлінетін және дербес ЖЭК генерациясын салу коммуналдық-тұрмыстық шаруашылық секторында және өндірістік процестерде (өндіру/тасымалдау кезінде мұнайды алдын ала қыздыру, жарықтандыру, ыстық сумен жабдықтау және басқалары) ЖЭК технологияларын қолдануға мүмкіндік береді.

Орта/ұзақ мерзімді перспективаға арналған декарбонизацияның қосымша шаралары ретінде көміртекті анықтау, кәдеге жарату мен сақтау жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру мүмкіндігі қаралуда. Бұл технология бүкіл энергетикалық жүйеде шығарындыларды азайту қабілетімен маңызды болып табылады.