Қалдықтарды басқару

ҚМГ-нің шаруашылық қызметі қалдықтардың қоршаған ортаға тигізетін әсерін барынша азайту мақсатында, қауіпті қалдықтардың едәуір көлемдерінің пайда болуына байланысты екені сөзсіз. ҚМГ қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі іс-шараларды тұрақты негізде жоспарлайды және іске асырады. Іс-шаралар мыналарды қамтиды: пайда болған және жиналған қалдықтарды есепке алу (оның ішінде мердігерлік компанияларда), қалдықтардың пайда болу көлемін біртіндеп қысқарту, қалдықтарды қайта пайдаланғанға дейін немесе қайта өңдегенге дейін оларды қауіпсіз сақтау, ҚМГ барлық келісімшарттық аумақтар бойынша пайда болған және жиналған қалдықтарды қайта өңдеуге елеулі ақша қаражатын бөледі.

ҚМГ компанияларының тобында қалдықтармен жұмыс істеу бойынша қызметтің нәтижелілігін талдау және бағалау үнемі жүргізіледі, қалдықтарды басқару саласында оларды өндірістік объектілерде енгізу үшін жетілдіретін әдістер мен заманауи технологиялар қаралады.

* - тарихи мұраның қалдықтары ескерілген;

** - жиналған қалдықтардың көлемі жүргізілетін түгендеу шеңберінде жыл сайын нақтыланады

Тарихи мұра ескерілмеген кәдеге жаратылған және зарарсыздандырылған қалдықтардың (1-4 класс) үлесі

Тарихи ластануды жою және мұнаймен ластанған аумақтарды тазарту

Бүгінгі таңда ҚМГ алдында тұрған өзекті міндет – тарихи ластануды жою және мұнаймен ластанған аумақтарды тазарту болып табылады. Ол үшін тарихи ластануды түгендеу бойынша зерттеулер жүргізілді, әрбір кен орнының, өңірдің ерекшелігін, климаттық жағдайларды ескере отырып, тарихи ластанудың барлық түрлерін жою бойынша жоспарлар әзірленді. Сондай-ақ, 2019 жылғы 6 тамызда ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен ҚМГ арасындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, оның мақсаты жабдықталмаған шлам жинақтағыштарда (ӨМГ) орналастырылған қалдықтарды кәдеге жарату/қайта өңдеу және Маңғыстау облысындағы мұнаймен ластанған жерлерді тазарту болып табылады.

Құрамында мұнай бар қалдықтарды жою және мұнаймен ластанған жерлерді тазарту жөніндегі жұмыстарды бақылауды күшейту және тиімді ұйымдастыру мақсатында ҚМГ компаниялар тобының ұйымдарында жұмыс тобы құрылды, оған ҚМГ-нің жоғары басшылығы да кірді.

2019 жылғы 2 қазанда Ақтау қаласында «ҚМГ тарихи қалдықтарын кәдеге жарату және қайта өңдеуге арналған технологиялар» атты форум өткізілді. Осы Форумға осындай қызметтер көрсететін 30-дан астам компания қатысты. Аталған іс-шараның мақсаты Қазақстан нарығындағы құрамында мұнай бар қалдықтарды өңдеу/кәдеге жарату жөніндегі қызметтерді жеткізушілермен кездесу және оларға өз мүмкіндіктерін бағалауға және жаңа технологияларды пайдалану туралы шешім қабылдауға көмектесу үшін, ҚМГ тарихи ластануды өңдеу/кәдеге жарату жөніндегі қызметтерді көрсету сапасы, көлемі мен мерзімдері бөлігіндегі талаптарды түсіндіру болып табылады.

Сонымен бірге, Форумда «Қалдықтарды кәдеге жарату» (тарихи ластану) атты санаттық сатып алу стратегиясы ұсынылды, оның негізінде болашақта тарихи ластануды кәдеге жарату және мұнаймен ластанған аумақтарды тазарту қызметтерін сатып алу рәсімі өтеді.

* - 2019 жылы Маңғыстау облысындағы өндіруші ұйымдардың бірінің мұнаймен «тарихи» ластанған аумақтарды түгендеу жүргізілді.

* - ластанған жерлердің алаңдары жыл сайын жүргізілетін түгендеу және бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобалары шеңберінде нақтыланады.

Бұрғылау қалдықтарының пайда болуы

2019 жылы ҚМГ өндіруші компанияларының бұрғылау қалдықтары 193,19 мың тонна көлемінде (2018 жылға қарағанда, 11%-ке артық) болды, оның ішінде: 59,24 мың тонна – пайдаланылған бұрғылау ерітіндісі; 133,948 мың тонна – бұрғылау шламы. ҚМГ тобындағы өндіруші компаниялардың барлық бұрғылау қалдықтары кәдеге жарату үшін мамандандырылған ұйымдарға беріледі. Осы компаниялар қолданатын қалдықтарды одан әрі кәдеге жарату әдістері: инертизация, термиялық әдіс, химиялық әдіс, биологиялық ремидитация және мамандандырылған полигондарда көму.

Толығырақ ақпаратпен ҚМГ-нің 2019 жылғы орнықты дамуы туралы есептің 85-87 бетінде танысуға болады.