Мұнайдың төгілуін болдырмау

Компания өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы маңызды бағыттардың бірі ретінде құбырлардың тұтастығын қамтамасыз етуге көп көңіл бөледі.

Өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда, 2019 жылы «Барлау және өндіру» бағыты бойынша мұнайдың төгілу көлемі 15%-ке азайып, 646 тоннаны құрады. Өткен жылғы көрсеткіш 741 тонна болды.

Бұл нәтижелер Компанияның «Барлау және өндіру» бизнес-бағыттағы ЕТҰ-да тозған құбырларды ауыстыруға және коррозияны бәсеңдету арқылы құбырларды одан қорғауға бағытталған кәсіпшілік құбырлардың сенімділігін арттыру жөніндегі бағдарламаларды жалғастырудың салдары болып табылады.

Мұнайдың төгілу көлемі (тонна)

Компанияда мұнайдың төгілуінің негізгі себебі – коррозиялық процестердің әсерінен кәсіпшілік мұнай құбырларының жарылуы. Сондықтан да, Компания 2019 жылы олардың тұтастығы мен сенімділігін арттыруға бағытталған құбырлардың диагностикасын жүргізу, оларды қайта құру, ауыстыру, тежеу және тазарту жөніндегі іс-шараларды уақытылы және сапалы орындау жолымен кәсіпшілік мұнай құбырларының істен шығу мен жарылу санын азайту жұмысын жалғастырды.

2012 жылдан бастап, құқық қорғау органдарымен тығыз өзара іс-қимыл жасау кезінде «ҚазТрансОйл» АҚ Компанияның құбырларын қылмыстық заңсыз кесіп қосылу жағдайын өзгертті. 2013 жылы рұқсат етілмеген кесіп, қосылу санын жылына ондаған, тіпті жүздеген фактіден 17 фактіге дейін төмендетуге қол жеткізілді; 2014 жылдың қорытындысы бойынша 12 рұқсатсыз қосылу анықталды; 2015 жылы 14 кесіп қосылу; 2016 жылы – 3 рұқсат етілмеген қосылу, 2017 жылы – 6 заңсыз кесіп қосылу, 2018 жылы – 1, ал 2019 - 2 заңсыз қосылу анықталды.

Негізінен, бұл көрсеткіштерге келесі іс-шараларды орындау арқасында қол жеткізілді:

  • GPS-жүйелері бойынша жедел топтардың жұмысына мониторинг жүргізуін бақылауды күшейту және жедел топтардың мұнай құбырларын аралап, тексеруді уақытылы жүзеге асыруын бақылауды күшейту;
  • «Optosense» мониторинг жүйесі арқылы мұнай құбырларын қорғау.

Мұнайдың апаттық төгілуін жоюға (МАТЖ) ұдайы әзірлік біз үшін сөзсіз басымдық болып табылады.

Каспий теңізі бірегей табиғи объект болып табылады, оның экожүйесі тұйық болуына байланысты, мұнаймен ластануға аса сезімтал. Біз теңіз мұнай операцияларын жүргізу кезінде экологиялық қауіпсіздікке жоғары талаптар қоямыз: жұмыстардың кез келген түрі басталғанға дейін келісімшарттық аумақтарда фондық экологиялық зерттеулер жүргіземіз және өзіміздің әлеуетті әлеуметтік және экологиялық әсерімізді бағалаймыз, сондай-ақ операциялар жүргізу кезінде және одан кейін әсер ету мониторингін, эмиссиялар мониторингін және апаттық жағдайлар мониторингін жүзеге асырамыз.

Теңізде бұрғылау операциялары басталар алдында біз мұнайдың барлық ықтимал апаттық төгілуін жоюға ұдайы әзірлікті қамтамасыз етеміз. Жұмыстар аяқталғаннан кейін біз жойылған ұңғымаларға үздіксіз экологиялық мониторинг жүргіземіз. Келісімшарттық аумақтарда жойылған ұңғымалардың мониторингі атмосфералық ауаның сапасын, теңіз суының ластануын және түптік шөгінділерді, биоалуантүрліліктің жай-күйін бақылауды, сондай-ақ зертханалық-талдау жұмыстарын, жойылған ұңғымалардың сағаларын фото және бейнетүсіруді қамтиды.

Теңіздегі операциялар кезінде біз келесі қағидаларды мүлтіксіз ұстанамыз:

  • Жобалық шешімдерді қатаң сақтау
  • «Нөлдік төгінді» қағидасы – барлық қалдықтар мен ағынды сулар жағаға шығарылады
  • Барлық жүзу құралдарын балық қорғау құрылғыларымен және лас судың болмауын қамтамасыз ету
  • Уылдырық шашу кезеңінде өндірістік операцияларды жүргізуге тыйым салу - 1 сәуірден бастап 15 шілдеге дейін
  • Өндірістік кемелерден балық аулауға тыйым салу
  • Түнгі уақытта ұңғымаларды сынауға және көмірсутек шикізатын жағуға тыйым салу
  • Арнайы пайдалану режимін сақтау

Топтың өндірістік объектілері белгіленген тәртіппен қолданысқа енгізілген МАТЖ жоспарларымен қамтамасыз етілген («KMG Systems & Services» ЖШС-ның мұнайдың төгілуін жою жоспары; «Жамбыл Петролеум» ЖШС-ның мұнайдың төгілуін жою жоспары).

МАТЖ бойынша командалық-штабтық оқу-жаттығуларды, кешенді және өзге де оқу-жаттығуларды өткізуге және талдауға мүдделі жұртшылықты тарту

Әлемдік практикаға сәйкес теңізге мұнайдың төгілуі кезінде жағалау аймағы мен жағалаудың ластануы сөзсіз. Техниканы қолдана отырып, жағалауды тазарту шаралары сезімтал экожүйелер үшін қиратылуы мүмкін. Мәселен, сулы-батпақты алқаптар орналасқан Каспийдің жағалау аймағында техниканы қолдану іс жүзінде мүмкін болмайды.

Бұл факт жыл сайын Солтүстік Каспийдің жағалау аймағында орналасқан «Ақжайық» табиғи резерватында өртті сөндіру кезінде байқалып отыр. Төтенше жағдайлар (бұдан әрі – ТЖ) органдарының өкілдері мәлімдегендей, «сөндіру проблемаға айналады, өйткені бұл орындар батпақты, техниканы құрай алмайды; сондықтан сөндіру қиын». Осыған байланысты мұнаймен ластанған жағалауды тазарту әрдайым қолмен жұмыс жасау әдістерін және мамандардың да, ерікті негізде тартылған адам ресурстарының да көп мөлшерін қажет етеді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ТЖ кезінде еріктілер өрт сөндіру кезінде белсенді көмек көрсетуде. Мысалы, бұқаралық ақпарат құралдарынан (бұдан әрі – БАҚ) белгілі болғандай, «Ақжайық» резерватының аумағындағы қамыс өртін сөндіру кезінде арнайы техника мен ТЖ қызметкерлерінен басқа Атырау облысы Кеңөзек ауылдық округінің ерікті бригадалары да жұмылдырылды.

Каспий теңізінде мұнай барлау мен мұнай өндіруді қарқындату, мұнай мен мұнай өнімдерін ауыстырып тиеу мен тасымалдаудың өсуі, порттық инфрақұрылымды салу мен дамыту жағдайларында мұнайдың ірі төгілуі қаупінің ұлғаюымен бірге мұнай төгінділерін жою үшін еріктілік қозғалысының актуалдығы  сөзсіз арта түсуде.

Дамыған шет елдерде жағалауды мұнаймен ластанудан тазартуға қатысқан құтқарушылардың 75-80%-і – бұл қоғамдық еріктілер. Халықтың неғұрлым белсенді бөлігі, әдетте, белсенді өмірлік ұстанымы бар жастар, әсіресе оқу орындары шеңберінде біріктірілген студенттер болып табылады.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұнай төгілуінің болжап болмайтын сипаттамаларының бірі жекелеген тұлғалардың тазарту уақытында ерікті көмек көрсетуге мерзімді ниеті болып табылады. Мұндай еріктілер, әдетте, әрқайсысы өз күтілімдерін, талаптарын және әртүрлі тәжірибесімен алаңда болады. Еріктілермен жұмыс мұнайдың төгілуін жою жөніндегі нұсқаулықты,  әсіресе қоғамдық пікір мен БАҚ-қа тиісті назар аудару қажеттілігінің үздіксіз артуын ескере отырып, шешуі тиіс күрделі міндет болып табылады.

Мұнайдың авариялық төгілуін жою кезінде еріктілік (бұдан әрі – МАТЖ) сияқты бағыттың қауіптілігі мен маңыздылығын ескере отырып, «KMG Systems&Services»  ЖШС (бұдан әрі – KMG SS) компаниясының бастамасы «Атырау және Маңғыстау облыстарында МАТЖ жанынан еріктілікті дамыту бағдарламасын» (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірлеу және іске асыру болды. Бағдарлама волонтерліктің барлық аспектілерін қамтиды, мысалы, ҚР және басқа елдердегі волонтерлік қызметтің құқықтық аспектілері, еріктілерді тарту процесі, МАТЖ дейінгі және жанынан еріктілерді тіркеу және басқару процесі, сондай-ақ еріктілердің жіктеуіші және еріктілерге лайықты міндеттер, еріктілердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ еріктінің жеке қауіпсіздігінің негіздері көрсетілген. Яғни, Бағдарламада төгілгенге дейін шешілуі қажет міндеттер (дайындық кезеңі) және мұнай төгілуі кезіндегі міндеттер (операциялық кезең) көрсетілген.

Бағдарлама «Еріктілер жылы» форумында ұсынылды (Еріктілер форумына арналған волонтерлік презентациясы).

Бағдарламаны іске асыру 2020 жылдың бірінші тоқсанында әлеуетті еріктілердің деректер базасын құру және мұнай өнімдеріне байланысты операцияларға қатысу кезінде базалық дағдыларға/білімге үйрету бөлігінде басталды.

МАТЖ командалық-штабтық оқу-жаттығуларды, кешенді және өзге де оқу-жаттығуларды өткізуге және талдауға мүдделі жұртшылықты тарту бойынша толығырақ ақпарат.

«KMG Systems & Services» ЖШС-ның мұнайдың төгілуін жою жоспары

Сәтбаев Оперейтинг КШОЖ бойынша есеп беру 2017

Жамбыл Петролеум КШОЖ бойынша есеп 2018

Компанияның сайтында әрбір қызығушылық білдірген тұлға сауалнаманы толтырып, әрі қарай оқудан өте алады.

Теңізде төгілуді болдырмау

«Жамбыл Петролеум» ЖШС ZT-2 бағалау ұңғымасының құрылысын бастады. Мұнайдың апаттық төгілуін жою бойынша қызметтер көрсету үшін «Жамбыл Петролеум» ЖШС «KMG Systems & Services» ЖШС, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ЖШС және шаруашылық жүргізуқұқығындағы «Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметі» республикалық мемлекеттік кәсіпорны тұлғасындағы консорциуммен шарт жасасты. Бағалау ұңғымасын салу кезеңінде МАТЖ кемелері «Caspian Explorer» ЖБҚ-дан 500 метрлік қашықтықта тұрады.

«Жамбыл Петролеум» ЖШС компаниясы бірінші және екінші деңгейдегі мұнайдың апаттық төгілуін жою (бұдан әрі – МАТЖ) бойынша екі командалық-штабтық оқу-жаттығу (бұдан әрі – КШОЖ) өткізді.

Бірінші КШОУ 2017ж.09.07 Баутино портында ZT-2 бағалау ұңғымасының құрылысы басталғанға дейін Маңғыстау облысының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторының және Маңғыстау облысының экология саласындағы мемлекеттік инспекторының қатысуымен өткізілді.

Екінші КШОУ 2018ж.03.08 Атырау облысының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторының, сондай-ақ Компания өкілдерінің қатысуымен суасты бұрғылау қондырғысында ZT-2 ұңғымасын салу кезінде жүргізілді. Бағалау ұңғымасын салу кезінде екі МАТЖ кемесі тәулік бойы кезекшілікте болды.

Оқу-жаттығуларды практикалық пысықтау сәтті өтті. Кемелер мен командалық пункт арасындағы өзара іс-қимыл тексерілді. Өткізілген оқу-жаттығулар өрт, мұнайдың апаттық төгілуі, борттың сыртындағы адамды құтқару жағдайында кемелердің, экипаждардың, МАТЖ мамандарының және жабдықтардың апаттық жағдайларға табысты дайындығын көрсетті.

ҚМГ апаттық жағдайлар кезінде биоалуантүрлілікке теріс әсер етудің ықтимал тәуекелдерін басқарады және Мұнай мен мұнай өнімдерінің төгілуін жою жоспарларында жануарларды құтқару бойынша шараларды көздейді.