Биоалуантүрлілікке әсер ету

Ауқымды операциялық қызметі бар холдингтік мұнай-газ компаниясы ретінде біз өндірістік қызмет аудандарында биологиялық әртүрлілікті сақтау маңыздылығын түсінеміз.

Біздің барлық жобаларымыз үшін әсер етуді бағалауды жүргізу сатысында біз экологиялық, әлеуметтік тәуекелдерді және денсаулық үшін тәуекелдерді анықтаймыз және бағалаймыз, сондай-ақ біздің көрсеткіштерімізді жақсарту мүмкіндіктерін қарастырамыз. Сонымен қатар, өндірістік қызмет экологиялық мониторингпен сүйемелденеді, оның барысында биоалуантүрлілік және экожүйелердің сезімталдығы назарға алынады.

Біз биоалуантүрлілік – экологиялық әл-ауқаттың кепілі екенін түсінеміз. Биоалуантүрлілік мәселелерін басқарудың негізіне келесі негізгі қағидаттар жатыр:

  • Экологиялық және әлеуметтік тәуекелдер мен әсерлерді анықтау және бағалау. Ол үшін болашақ іс-әрекеттерді жоспарлау кезінде біз биоалуантүрлілікке әсер ете алатын әсерді бағалаймыз. Халықаралық практикаға сәйкес, барлау жұмыстарын жүргізу және мұнай кен орындарын игеру процесінде келісімшарттық аумақтардағы экологиялық жағдайдың өзгеруін бақылау үшін, сондай-ақ биоалуантүрліліктің ықтимал залалдарын бағалау және нақтылау үшін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен қорық аймақтарына баса назар аудара отырып, тұрақты экологиялық мониторинг жүргізу;
  • Алдын алу және болдырмау іс-шараларын немесе әсерді азайту жөніндегі шараларды іске асыру, ал қалдық әсерлер сақталған жағдайда – қолайсыз әсердің салдарын өтеу жөніндегі өтемақы іс-шаралары;
  • ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы басқару жүйелерін үнемі жетілдіру.

Биоалуантүрліліктің негізгі аймақтарына қатысты өндірістік қызметтің орналасуы мен ауқымы

Учаске

Орналасқан жері

Биоалуантүрліліктің негізгі аймақтары (БНА)

БНА-ға қатысты орналасуы

Келісімшарттың аумақтың алаңы (ш.км)

Әсерді азайту жөніндегі жоспар

Қансу

Маңғыстау облысының Қарақия ауданы

 

Кендірлі-Қаясан қорық аймағы мен Үстірт мемлекеттік қорығы

Қорық аймағында және қорықтың жанында орналасқан

4374,6

Жобадан шығу туралы шешім қабылданды

Самтыр

Маңғыстау облысының Оңтүстік-Шығысы

Кендірлі-Қаясан қорық аймағы мен Үстірт мемлекеттік қорығы

Қорықтың жанында орналасқан

10 396,9

Іздеу-барлау жұмыстарын жобалау сатысы

Өріктау

Ақтөбе облысының Мұғалжар аудары

«Көкжиде-Құмжарған» жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи кешенді қаумалы

 

Аумақтың бір бөлігін қамтиды

239,9

Гидро-геологиялық мониторинг

Әлібекмола және Қожасай

Ақтөбе облысының Мұғалжар аудары

Көкжиде құмдары

Көкжиде жерасты сулары

 

Жанында орналасқан

156,5

Гидро-геологиялық мониторинг

Жамбыл

Атырау облысының КТҚС

КТҚС-тің экологиялық тұрғыдан аса сезімтал аймағы, Новинский қаумалы

Қорық аймағында орналасқан және аумақтың бір бөлігін қамтиды

1935,2

Тұрақты экологиялық мониторинг, теңіз мұнай операцияларын жүргізу кезіндегі шектеулер

Исатай

КТҚС орталық бөлігі, Маңғыстау облысының Солтүстігі

КТҚС-тің экологиялық тұрғыдан аса сезімтал аймағы

Қорық аймағында орналасқан

1060

Маусымдық фондық экологиялық зерттеу, Тұрақты экологиялық мониторинг

Құрлықта операция жүргізетін ҚМГ ЕТҰ тұрақты негізде өсімдіктер мен жануарлар әлеміне мониторингті тұрақты түрде жүргізеді. Табиғи объектілердің жай-күйі туралы материал жинау процесінде мынадай зерттеулер жүргізіледі:

  • флористикалық зерттеулер;
  • орнитологиялық зерттеулер;
  • жерүсті сүтқоректілерді бақылау.

Өсімдік жабынына мониторинг фитоценоздарды кезеңдік сипаттау әдісімен, түрінің құрамы, көптігі, топырақтың өсімдіктермен жалпы және жеке проективтік жабыны, түрлердің орналасуы, олардың фенологиялық дамуы және жалпы жай-күйі көрсетіліп, жүзеге асырылады. Мыналар ерекше атап өтілген:

- өсімдіктердің сирек кездесетін, эндемикалық және реликті түрлері;

- дамуы шаруашылық қызметпен ынталандырылатын түрлердің болуы;

- өсімдік жабынының трансформациясы мен деградациясының белгілері.

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтау шеңберінде, сондай-ақ Каспий теңізінің ерекше мәнін басшылыққа ала отырып, Каспий теңізінің Қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулер жүргізіледі, олар мынадай компоненттер мен қоршаған ортаның өлшемдерін қамтиды: түптік шөгінділер, бентос, фитопланктон, зоопланктон, су өсімдіктері, ихтиофауна және басқалар.

Сондай-ақ ҚМГ апаттық жағдайлар кезінде биоалуантүрлілікке теріс әсер етудің ықтимал тәуекелдерін басқарады және мұнай мен мұнай өнімдерінің төгілуін жою жоспарларында жануарларды құтқару бойынша шараларды көздейді.

Теңіздегі операциялар кезінде біз келесі қағидаттарды мүлтіксіз ұстанамыз:

- Жобалық шешімдерді қатаң сақтау,

- «Нөлдік төгінді» қағидаты – барлық қалдықтар мен ағынды сулар жағаға шығарылады,

- Барлық жүзу құралдарын балық қорғау құрылғыларымен және лас сулардың болмауын қамтамасыз ету,

- Уылдырық шашу кезінде өндірістік операцияларды жүргізуге тыйым салу – 1 сәуірден бастап 15 шілдеге дейін,

- Өндірістік кемелерден балық аулауға тыйым салу,

- Түнгі уақытта ұңғымаларды сынауға және көмірсутек шикізатын жағуға тыйым салу,

- Арнайы пайдалану режимін сақтау.

Бұдан басқа, ҚМГ мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасайды және олардың үміттерін зерделейді.

2019 жылы ҚМГ ӘЭЖ-де сирек кездесетін құстардың өлімін болдырмауға бағытталған жұмысты жалғастырды. «Ембімұнайгаз» АҚ құс қорғау құрылғыларын ӘЭЖ тіректерінің оқшаулағыштарына орнату бойынша жұмыс жүргізді; «ИОА» АҚ филиалдарында траверс және ӘЭЖ ілмектерінің оқшаулағыштарына құс қорғау құрылғылары олардың істен шығуына қарай орнатылады, сондай-ақ ӘЭЖ күрделі жөндеу және салу кезінде міндетті түрде құс қорғау құрылғыларын орнату көзделеді. 2019 жылдың қазанында «ИОА» АҚ «Достық Эдвайзори» ЖШС бастамашылығын қолдап, Атырау өңіріндегі ӘЭЖ-нің құстардың популяциясына тигізетін жағымсыз әсерін зерттеу бойынша экспедицияға қатысты. «ҚазТрансОйл» АҚ 2019 жылы Өмірзақ-СПН 112 км (30 км) және Жетібай-СПН 112 км объектілерінде 65-112 км (57 км) учаскесі өздігінен көтергіш оқшауланған сымдарды (ӨОС) қолдана отырып, 6 кВт ӘЖ күрделі жөндеу жүргізді, бұл құстардың электр берудің әуе желілеріне қонғанда, олардың өлімін болдырмайды.

ҚМГ компанияларының тобы бойынша қызметкерлердің хабардарлығын және хабардар болуын арттыру мақсатында, сондай-ақ табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды насихаттау үшін, «Мұнайлы мекен» корпоративтік газетінде «Табиғатқа қамқорлық – ортақ міндетіміз» атты мақала жарияланды. Сондай-ақ, мұнай-газ компанияларының экологиялық жауапкершілігі мен ашықтығын арттыру аясында, ҚМГ мен ЕТҰ-ның корпоративтік сайттарында биоалуантүрлілік және мониторинг нәтижелері туралы ақпаратты қоса алғанда, экологиялық көрсеткіштер туралы ақпаратты жариялау бойынша жұмыс жүргізілді.

Жыл сайын Табиғатты қорғау іс-шараларының жоспарын іске асыру шеңберінде, ҚМГ ЕТҰ аумақты және санитариялық-қорғау аймағын көгалдандыру бойынша жұмыстарды жүргізеді.