Экологиялық жауапкершілік

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Біздің басқару тәсіліміз

Еқ, өқ және қоқ бойынша менеджмент жүйесі

Қоршаған ортаға тиетін әсерді бағалау

Өндірістік экологиялық бақылау

Мүдделі тараптармен ішкі және сыртқы өзара іс-қимыл жасау жүйесі

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру

Энергетикалық ресурстарды пайдалану және энергия үнемдеу

Су ресурстарын пайдалану

Атмосфералық ауаны қорғау

Климаттың өзгеруі және парниктік газдар шығарындылары

Қалдықтарды басқару

Биоалуантүрлілікті сақтау

Мұнайдың төгілуін алдын алу

БІЗДІҢ БАСҚАРУ ТӘСІЛІМІЗ

ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ мәселелерін басқару бойынша мақсаттар Топтың Даму стратегиясымен тікелей байланысты. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ стратегиясы-2028 экологиялық жауапкершілікті арттыру бойынша стратегиялық бастамашылықтарды қамтиды. Топ үшін қоршаған ортаны қорғау бөлігіндегі басым бағыттар парниктік газдар шығарындыларын басқару мен газды алау етіп жағуды қысқартуды, су ресурстарын басқаруды, өндіріс қалдықтарын басқаруды, жерді қалпына келтіруді және энергия тиімділігін арттыруды қамтиды.

Стратегияның басымдықтарына сәйкес, «Экологиялық саясат» бекітілді.  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының басшылығы қоршаған ортаның ластануына байланысты шығындар мен залалдарға қатысты нөлдік төзімділік қағидатын ұстанады. Осылайша, мысалы, Саясатта алғаш рет климат, биоалуантүрлілік, экологиялық тұрғыдан құнды аумақтардағы қауіптерге қосымша бағалауды жүргізу бойынша міндеттемелер, ластанған жерлерді қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізу, құбырлардың тұтастығын қамтамасыз ету сияқты экологиялық аспектілерге көңіл бөлінген.

2015 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Дүниежүзілік Банктің 2030 жылға қарай Ілеспе мұнай газын (ІМГ) үнемі жағуды толық тоқтату жөніндегі бастамашылығы – GGFR қолдады. Жоғарыда көрсетілген бастамашылықты іске асыру шеңберінде, 2019 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компанияларының тобындағы шығарындыларды басқару саясаты бекітілді. Шығарындыларды басқару саясаты шығарындыларды басқару бойынша негізгі сегіз қағидаттан тұрады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы саясаты еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне қатысты жоғары басшылықтың көшбасшылығына және бейілділігіне негізделген және әрбір жұмыскерді қауіпсіздік мәдениетін дамытуға тартуға бағытталған. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының басшылығы жазатайым оқиғалар мен аварияларға байланысты шығындар мен залалдарға қатысты нөлдік төзімділік қағидатын ұстанады, ұлттық заңнамадан басқа, халықаралық және ұлттық стандарттардың талаптарын сақтауға міндеттенеді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың алкогольге, есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен олардың аналогтарына қатысты саясаты және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жерүсті көлік құралдарын қауіпсіз пайдалану саласындағы саясаты алкогольдің, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың аналогтарының пайдаланылуын болдырмайтын қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын және жол-көлік оқиғаларының алдын алатын және олардың салдарының ауырлығы мен Компанияның мүлкіне тиген зиянды азайтуды басым етіп белгілейді. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының басшылығы алкоголь, есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларына байланысты шығындар мен залалдарға қатысты нольдік төзімсіздік қағидатын ұстанады.

Барлық саясаттар Топтың барлық қызметкерлеріне, сондай-ақ мердігерлік ұйымдар мен қызмет көрсетушілердің қызметкерлеріне қолданылады және Компанияның серіктестермен іскерлік қатынастар жүйесіне енгізіледі.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобы қызметкерлерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау бойынша көшбасшылығы мен бейілділігі кодексінің мақсаты еңбек қауіпсіздігі мәдениетін, әрбір қызметкердің оқиғаларға жол бермеуге жеке мүдделілігін арттыру және ӨҚ, ЕҚ және ҚОҚ қамтамасыз ету бойынша қызметке белсенді қатысу болып табылады).

2018 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-та су ресурстарын басқару жөніндегі корпоративтік стандарт қабылданды, ол ҚМГ-нің су ресурстарын пайдалану бөлігіндегі басты қағидаттары – 8 «Су қағидатын» негіз етіп алады және су ресурстарын басқару тәсілін жүйелейді.

Ал 2019 жылы Компанияның бірінші басшысы Су ресурстарын ұтымды басқаруды ұстану туралы жеке мәлімдемеге қол қойды. Бұдан былай біз су ресурстарын пайдалануда қатаң қағидаттарды ұстанамыз, компаниялардың барлық тобы бойынша тұтынуды қысқарту бойынша көп жылдық жоспарлар құрамыз, су үнемдеуші жаңа технологияларды енгіземіз. Қазірдің өзінде біз халықтың пайдасына тұщы су көлемін босату үшін өндірістік қажеттіліктерге ағынды және тұзды суларды тазарту бойынша бірнеше ауқымды жобаны іске асыруға кірістік.

Мердігерлерді таңдау және олармен өзара әрекеттесу өнері компания үшін маңызды бәсекелестік артықшылықты қамтамасыз ететіні белгілі. Компания жұмыстарды жоғары деңгейде орындауға кепілдік беру және қызметтер көрсетудің барлық циклін ашық жүргізу үшін әлеуетті өнім берушілерді іріктеу критерийлерін арттыруға ұмтылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобындағы еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі корпоративтік стандарты Менеджмент жүйесінің құрылымдық элементі болып табылады және ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ талаптарын сақтау жөніндегі ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы келісімді және оларды бұзғаны үшін айыппұл санкцияларын, техника мен жабдықтың, мердігер персоналының әзірлігіне алдын ала жұмылдыру аудитін, мердігерді ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы қызмет нәтижелері бойынша бағалауды қамтитын мердігерлік ұйымдармен жасалған шарттарға қойылатын талаптарды қамтиды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобындағы ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы құзыреттерді қамтамасыз ету жөніндегі корпоративтік стандарт ҚазМұнайГаз компаниялар тобының қызметкерлері үшін олардың лауазымдық топтарына сәйкес ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы менеджмент жүйесінің әрбір элементіне қатысты ЕҚОҚ саласындағы Құзыреттер деңгейлерін айқындайды және белгілейді.

ҚМГ өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы менеджмент жүйесін жақсарту мақсатында, «Самұрық-Қазына» АҚ қоржынды компаниялары үшін өндірістік қауіпсіздікті басқару жөніндегі референс моделінің ұсынымдары ескеріліп әзірленген "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ компаниялар тобындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы тәуекелдер бойынша коммуникациялар және хабардар болу жоспары.

2017 жылдан бастап, Топта 2017-2020 энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жол картасы іске асырылуда.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жағдайын жақсарту жөніндегі жол картасы-2020 қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму саласындағы негізгі стратегиялық бастамашылықтарды қамтиды. Жол картасы көрсеткіштерінің орындалуы жыл сайынғы негізде қадағаланады.

2018-2028 стратегиясына сәйкес операциялық активтердегі өндіру деңгейінің өздігінен төмендеуін өтеу мақсатында, ҚМГ:

  • игерілетін кен орындарын цифрландыру жобаларын қоса алғанда, өндірістің инновациялық-технологиялық базасын арттыру;
  • газ бен суды кәдеге жарату проблемаларын шешу есебінен жерүсті инфрақұрылымы бойынша шектеулерді алып тастау;
  • өндіруші активтерде мұнай өндіру коэффициентін арттыру;
  • су басуды басқару тиімділігін арттыру;
  • полимер суландыруды кеңейту;
  • операциялық өндіруші активтердегі жете барлау объектілерін пайдалануға беру арқылы өндірістік қызметтің тиімділігін және технологиялық тәртіпті арттыру, ұңғымалардың барынша өнімділігіне қол жеткізу үшін жылжымайтын қорларды тарту, геологиялық-техникалық іс-шаралардың технологиялық және экономикалық тиімділігін арттыру бойынша бірқатар шаралар қабылдайды.

Компанияны одан әрі дамытудың маңызды құрамдас бөлігі ескі кен орындарында өндіру тиімділігін арттыру болып табылады. Бұл міндетті орындау үшін ҚМГ өндірістік объектілерінде тұрақты негізде оларды оңтайландыру, энергия үнемдеу саясатын сақтау мақсатында өндірістік процестерді бақылау жүзеге асырылады, сондай-ақ мұнай алу коэффициентін арттыру тәсілдерін іздестіру, мысалы, жаңа ұңғымаларды пайдалануға беру, қабаттарды гидрожару, ұңғымаларды күрделі жөндеу, қабаттарды қосымша ату және қайта ату және полимерлік су басу (ҚМГ-нің 2019 жылғы жылдық есебінен) жүргізіледі.

ЕҚ, ӨҚ ЖӘНЕ ҚОҚ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ЖҮЙЕСІ

Денсаулық сақтау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау бойынша менеджмент жүйесі (ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ) үздік халықаралық практикалар – IOGP, ISO 14001 және ISO 45001 Мұнай және газ өндірушілер қауымдастығының ұсынымдары негізінде әзірленген. Бұл жүйенің негізінде төрт іргелі қағидат жатыр: көшбасшылық, мақсатқа қол жеткізу, тәуекелдерді басқару және тұрақты жетілдіру. Жүйе 10 элементтен тұрады (жүйенің салалары).

ISO 9001, ISO 14001 и OHSAS 18001 талаптарына сәйкес, 2006 жылдан бастап сапа, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы басқару жүйесі жұмыс күйінде сақталуда.

ҚМГ ТОБЫ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕЛЕРІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР

ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ТИЕТІН ӘСЕРДІ БАҒАЛАУ

Сақтық қағидатына (1992 ж. БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі Рио-де-Жанейро Декларациясының 15 қағидаты), сондай-ақ біздің менеджмент жүйеміздің талаптарына және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, әрбір жобаны іске асыру кезінде қабылданатын басқарушылық және шаруашылық шешімдер нұсқаларының экологиялық және өзге де салдарын айқындау, қоршаған ортаны сауықтыру, табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи ресурстардың жойылуын, деградациясын, зақымдалуы мен сарқылуын болдырмау бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін қоршаған ортаға тиетін әсерді бағалау (ҚОӘБ) жүргізіледі. Бұдан басқа, әрбір жобаны жобалау сатысында мүдделі тараптар: әкімшілік, мемлекеттік және бақылаушы органдар, ғылыми-зерттеу ұйымдары, қоғамдық бірлестіктер, жергілікті тұрғындар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізіледі. Біз барлық мүдделі тараптардың ҚОӘБ жобаларына қол жеткізуін, ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау мен тіркеуді қамтамасыз етеміз. ҚМГ компаниялары тобының ҚОӘБ-нің барлық жобалары мемлекеттік экологиялық сараптаманың объектісі болып табылады және жобаның бүкіл өмірлік циклі ішінде Компанияның ресми сайтында, жергілікті билік органдарының веб-сайттарында мүдделі қоғамдастық үшін қол жетімді.

2018-2019 жылдар кезеңінде жергілікті қоғамдастықпен және қоғамдық ұйымдармен 77 кездесу, оның ішінде 2019 жылы 27 кездесу және 2018 жылы 50 кездесу өткізілді. Қоғамдық тыңдаулардың нәтижелері бойынша мүдделі тараптардың ұсынымдары мен пікірлерін ескеретін тиісті шаралар қабылданады.

Атырау облысы

ҚОӘБ «Сәтпаев» аумағы

«Жамбыл» аумағында іздестіру жұмыстарын алдын-ала ҚОӘБ

Жамбыл аумағынд жобаға бағалау жұмыстарын алдын-ала ҚОӘБ

«Ембмұнайгаз» АҚ Нұржанов, Ақтөбе, Батыс Оппасы кен орындарында алдын-ала ҚОӘБ

«Ембмұнайгаз» АҚ Кенбай кен орынында алдын-ала ҚОӘБ

«Ембмұнайгаз» АҚ Әгікенкен орынында, Нұржанов кен орынында алдын-ала ҚОӘБ

Исатай аумағын алдын-ала ҚОӘБ

«Ембімұнайгаз» АҚ «Солтүстік Уаз кен орнын игеру жобасы» мен «Кенбай кен орнының Шығыс Молдабек учаскесін игеру жобасына» алдын ала ҚОӘБ жобалары бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізетіні туралы хабарлайды - 1

«Ембімұнайгаз» АҚ «Солтүстік Уаз кен орнын игеру жобасы» мен «Кенбай кен орнының Шығыс Молдабек учаскесін игеру жобасына» алдын ала ҚОӘБ жобалары бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізетіні туралы хабарлайды - 2

«Шығыс Мақат кен орнын игеру жобасына» алдын ала ҚОӘБ жобалары бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізетіні туралы хабарлайды

 «С.Нұржанов атындағы кен орнын (солтүстік-батыс қанат) сынап пайдалану жобасына» алдын ала ҚОӘБ жобалары бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізетіні туралы хабарлайды

«Исатай» учаскесінде барлау ұңғымасын бұрғылау нүктесіндегі инженерлік-геологиялық зерттеу жобасына» қоршаған ортаға тиетін әсерді бағалау бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізіледі

«Абай» учаскесінде Abay-1 тікелей барлау ұңғымасын салу» жеке техникалық жобасына қоршаған ортаға тиетін әсерді бағалау бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізіледі

«Интергаз Орталық Азия» АҚ ЖСҚ әзірлеп, 2-361 км учаскесінде «Солтүстік Мақат Кавказ» МГ күрделі жөндеу» жұмыс жобасына қоршаған ортаны қорғау бөлімі бойынша қоғамдық тыңдауларды ашық жиналыс нысанында өткізеді.

«ҚазТрансГаз» АҚ «Атырау облысының Қашаған кен орнында жылына 1000 000 000 нм3 Газды кешенді дайындау қондырғысы (ГКДҚ)» объектісі атты жұмыс жобасына «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізетіні туралы хабарлайды.

Маңғыстау облысы

“Oil Construction Company” ЖШС  №9 Карьер кен орнының маңайын ҚОӘБ

“Oil Construction Company” ЖШС   «құмды-қиыршықтасты қоспа» (№9 Карьер кен орнының маңайы) ҚОӘБ

Ақтау қ. «ҚазМұнайТеңіз»  ТМК ЖШС бөлімшесі Боранкөл кен орнын ҚОӘБ

Нұрсұлтан құрылымында бағалау жұмыстарының Жобасына ҚОӘБ

Қаражанбас кен орнында қабаттағы суды тұщылау бойынша зауыт құрылысының ҚОӘБ

«Қосымша 4-ші өлшеуші жолмен блокты жобалау» «Өзенмұнайгаз» АҚ ҚОӘБ

«Қаражанбасмұнай» АҚ «Қаражанбас кен орнындағы МДАЦ объектілерін жаңғырту» атты жұмыс жобасына ҚОӘБ бөлімі бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді

2019ж.01.01 жағдай бойынша «Өзенмұнайгаз» АҚ «Өзен кен орнының газ шоғырларын игеру» жобасына «Алдын ала ҚОӘБ» бөлімі бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Жетібай к/о «ЖМГ» ӨБ МДАЦ-та 2 бірлік санында «РВС-10000 м3» жұмыс жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізетіні туралы хабарлайды

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Жетібай кен орнындағы тығыздаушы ұңғымаларды жайластыру. XVIII кезек» жұмыс жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді.

«ҚазТрансОйл» АҚ «Өзен-Атырау-Самара» Ф1020мм. 230-244км, 267-282км, 284 - 291км учаскелерінде жалпы ұзындығы 36 км құбырды ауыстыру» жұмыс жобасына Қоршаған ортаны қорғау бөлімі бойынша ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізеді.

«Жеңіс Оперейтинг» ЖШС Жеңіс құрылымында V-1  іздеу ұңғымасын салуға арналған техникалық жобасы» мен «Жеңіс құрылымында ұңғыманы жою жобасы» жобалары, оның ішінде, «Қоршаған ортаға тиетін әсерді бағалау» жобалары бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Асар кен орнында ВНС сорғы станциясын кеңейту» жұмыс жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді.  

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Қаламқас кен орнындағы тығыздаушы ұңғымаларды жайластыру. XVI кезек» жұмыс жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді»

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Айрантақыр» кен орнын игеру» жобасына «Қоршаған ортаға тиетін әсерді алдын ала бағалау» бөлімі бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Солтүстік Аққар» кен орнын игеру» жобасына «Қоршаған ортаға тиетін әсерді алдын ала бағалау» бөлімі бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді.

«Жеңіс Оперейтинг» ЖШС «V-1 барлау ұңғымасын салу нүктесіндегі инженерлік-геологиялық зерттеу жобасы» жұмыс жобасына «ҚОӘБ» бөлімі бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді.

«Өзенмұнайгаз» АҚ «Теңіз суды тұщыландыру зауытын салу» ТЭН-ге «Алдын ала ҚОӘБ» бөлімі бойынша сауалнама нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізеді

«Жеңіс Оперейтинг» ЖШС «Жеңіс учаскесіндегі барлау жұмыстары» жобасына «Алдын ала ҚОӘБ» бөлімі бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді.

Ақтөбе облысы

«Өріктау оперейтинг» ЖШС «Оңтүстік Өріктау кен орынында бағалау жұмыстарының жобасын» алдын-ала ҚОӘБ

«Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның бөлімшесі СП-2, СП-3, СП-4, СП-5, СП-7 қайта құру ЖСҚ әзірлеу» және Жақсықұянқұлақ» аумағында СП-1, СП-6 «Бозой» жаңадан құрылысын  ҚОӘБ

«ҚазТрансОйл» АҚ «Антенналық-діңгекті құрылыс» жұмыс жоспарына ҚОӘБ

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ «жоғарғы қысымды газқұбырының  резервтік жіпшесін Ақтөбе қ. Ілек өз. арқылы ЖЭЦ аумағында ЛК-6 және ЛК-7 аралығында  құрастыру» дқмыс жоспарына ҚОӘБ

«Газқұбырды ШП-36 мен ақтөбе қ. 12 ықшам ауданымен сақиналау»

«Интергаз Орталық Азия» АҚ филиалы – «Ақтөбе» МГБ карантин ұзартылған жағдайда, «Қожасай» компрессорлық станциясын кеңейту» жобасы бойынша қоғамдық тыңдауларды бейне-конференц байланысы нысанында өткізетіні туралы хабарлайды ( «ZoomVideoCommunications» бағдарламасы арқылы, логин: 2538101026, кілтсөз 0ShUiN)

«Интергаз Орталық Азия» АҚ филиалы – «Ақтөбе» МГБ карантин ұзартылған жағдайда, «Шалқар ЛПУ аумағын жайластыру және КС-12 өнеркәсіптік алаңдар мен кірме автомобиль жолдарының ғимараттары мен құрылыстарын қайта құру» жобасы бойынша қоғамдық тыңдауларды бейне-конференц байланысы нысанында өткізетіні туралы хабарлайды («ZoomVideoCommunications» бағдарламасы арқылы, логин: 2538101026, кілтсөз 0ShUiN).

«Өріктау Оперейтинг» ЖШС карантин ұзартылған жағдайда, «Өріктау кен орнында КТ-І қабатын игеру жобасы» жобасына «Қоршаған ортаға тиетін әсерді алдын ала бағалау» жобасы бойынша қоғамдық тыңдауларды бейне-конференц байланысы нысанында өткізетіні туралы хабарлайды («ZoomVideoCommunications» бағдарламасы арқылы, логин: 2538101026, кілтсөз 0ShUiN).

«ҚАЗАҚОЙЛ АҚТӨБЕ» ЖШС «Әлібекмола кен орнында мұнайды меркаптансыздандыру қондырғысын қайта жаңарту» және «Әлібекмола кен орнында газдың сапасын өлшеу блогы» жобасы бойынша қоғамдық тыңдауларды бейне-конференц байланысы нысанында өткізетіні туралы хабарлайды («ZoomVideoCommunications» бағдарламасы арқылы, логин: 2538101026, кілтсөз 0ShUiN).

«Өріктау Оперейтинг» ЖШС «Өріктау кен орнындағы У-6, У-7 бағалау ұңғымаларын салуға арналған топтық техникалық жоба» жобасына «Қоршаған ортаға тиетін әсерді бағалау» жобасы бойынша қоғамдық тыңдауларды ашық жиналыс нысанында өткізетіні туралы хабарлайды.

ӨНДІРІСТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымдары өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының негізінде өндірістік экологиялық бақылау жүргізеді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға тоқсан сайын есеп береді, өндірістік экологиялық бақылау шеңберінде, қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингін және әсер ету мониторингін жүргізеді, оған мыналар кіреді:

- атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарындыларының мониторингі (азот оксиді, көміртек оксиді, күкірт диоксиді);

- ластаушы заттар төгінділерінің мониторингі (сульфаттар, хлоридтер, қалқыма заттар, нитраттар, нитриттер, мұнай өнімдері және өзге де ластаушы заттар);

- радиациялық мониторинг (дозиметриялық және радиометриялық бақылау);

- санитариялық-қорғау аймақтары шекараларындағы атмосфералық ауаның мониторингі (күкіртті сутек, көмірсутектер, азот оксидтері, көміртегі оксиді, күкірт диоксиді);

- су ресурстарының мониторингі (сульфаттар, хлоридтер, қалқыма заттар, нитраттар, нитриттер, мұнай өнімдері және өзге де ластаушы заттар);

- топырақ бетінің мониторингі (металдар, сульфаттар, хлоридтер және өзге де ластаушы заттар);

Алынған нәтижелер эмиссия нормативтерімен және гигиеналық нормативтермен салыстырылады, нормативтерден асып кету анықталған жағдайда оларды жою бойынша шұғыл шаралар қабылданады.

Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша барлық есептілік Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Бірыңғай экологиялық интернет-ресурсында жарияланады: http://prtr.ecogosfond.kz/otchety-rvpz және барлығына қол жетімді.

МҮДДЕЛІ ТАРАПТАРМЕН ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖАСАУ ЖҮЙЕСІ

Бүгінгі таңда ҚазМұнайГаз компаниялар тобы – бұл ішкі және сыртқы мүдделі тараптармен өзара іс-қимылдың дамыған жүйесі бар мүлдем ашық компания. 

ҚазМұнайГаз компаниялар тобының еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметін корпоративтік орталықтағы еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі директор үйлестіреді. Корпоративтік орталық жетістіктерді талдайды және жақсартуға арналған салаларды, ЕҚОҚ және энергия тиімділігі саласындағы болашақ қызмет үшін мақсаттар мен міндеттерді белгілейді, өткен кезеңдермен және саланың жетекші халықаралық компанияларының (IOGP, IPIECA) ұқсас көрсеткіштерімен бенчмаркинг жүргізеді.

2017 жылдан бастап, Еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау комитеттерінің үш деңгейлі жүйесі (бұдан әрі – ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ) өз қызметін бастады: Директорлар кеңесі деңгейінде, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшылығы деңгейінде ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ жөніндегі функционалдық комитет, еншілес және тәуелді ұйымдар деңгейіндегі ЕҚОҚ жөніндегі комитеттер. Ал 2019 жылдан бастап, «Самұрық-Қазына» АҚ еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау комитеті өз қызметін бастады.

Бүгінгі таңда ҚМГ әртүрлі халықаралық ұйымдар мен қауымдастықтардың мүшесі болып табылады. Біз ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ бойынша қол жеткізілген прогресс туралы мүдделі тараптарға тұрақты түрде есеп беріп отырамыз.

  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ БҰҰ Жаһандық шартының мүшесі болып табылады және осылайша қоршаған орта, Адам құқықтары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және еңбек қатынастары саласындағы Шарттың 10 қағидатын ұстанатынын растайды;
  • 2015 жылы ҚМГ Дүниежүзілік Банктің «2030 жылға қарай ІМГ-ні үнемі алау етіп жағуды толық тоқтату» жаһандық бастамашылығын қолдады. Біздің мақсатымыз – ІМГ пайдалы пайдалылығын және кәдеге жарату деңгейін арттыру, алау етіп жағуды барынша азайту;
  • 2015 жылдан бастап, жыл сайын «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ GRI стандарттарына, сондай-ақ Мұнай-газ секторына арналған GRI басшылығына сәйкес орнықты даму саласындағы есептілікті жариялайды.
  • 2017 жылы ҚМГ метан шығарындыларын азайту жөніндегі ҚМГ қызметі шеңберінде Жаһандық метан бастамашылығының жобалық желісіне қосылды; 2018 жылы Жаһандық метан форумы шеңберінде ГМИ Мұнай және газ кіші комитетінің отырысына қатысты. 2019 жылғы желтоқсанда ҚМГ мен ЕТҰ қызметкерлері Азия Даму Банкі ҚМГ-нің серіктесі – норвегиялық Carbon Limits компаниясымен бірлесіп ұйымдастырған «Мұнай-газ саласындағы парниктік газдар (метан) шығарындыларына мониторинг жүргізу және оларды азайту» атты семинарға қатысты.
  • 2018 жылдан бастап, ҚМГ IOGP Халықаралық мұнай және газ өндірушілер қауымдастығының толық құқықты мүшесі болды және жыл сайынғы есептілікті тапсырады.
  • 2019 жылы ҚМГ алғаш рет Carbon Disclosure Project бастамашылығының шеңберінде, Парниктік газдар шығарындылары бойынша 2018 жылға арналған верификацияланған есептілікті (1, 2 және 3-деңгей) жариялады. ҚМГ-ге «С» Климаттық рейтингісі берілді, бұл мұнай-газ саласындағы орташа салалық көрсеткіш болып табылады.
  • 2020 жылы CDP алаңында 2019 жылдың қорытындылары бойынша Климаттық сауалнама және алғаш рет Су қауіпсіздігі бойынша сауалнама орналастырылды.
  • 2019 жылы алғаш рет ҚМГ Парниктік газдар шығарындыларын басқару бойынша форум өткізді.

Басқару жүйесін жақсарту нәтижесі: ҚМГ 2019 жылдың қорытындылары бойынша үш жыл қатарынан мұнай-газ компанияларының ашықтық рейтингін бастап, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен және Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азиядағы қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен (ЮНЕП-ОА) әріптестікте Ресейдің Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) және Капитал тобы мен Ұлттық рейтингтік агенттік берген Қазақстандағы экологиялық тұрғыдан ең таза және жауапты компания атағын кезекті рет растады.

Қазақстанның мұнай-газ компанияларының экологиялық жауапкершілігі рейтингінің нәтижелері:

Сілтемелер:

ҚР МГК экологиялық жауапкершілік рейтингісі 2017

ҚР МГК экологиялық жауапкершілік рейтингісі 2018

ҚР МГК экологиялық жауапкершілік рейтингісі 2019

 

Компания өндірістік қызмет жүргізетін өңірлерде дәстүрлі өмір салтын сақтайтын жергілікті тұрғындар жоқ.

Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша азаматтардың өтініштерін қабылдау үшін байланыс ақпарат:

Телефон: +7 (7172) 78 61 92

е-mail: hse@kmg.kz

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі және олардың орындалуын бақылау:

  1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, оның ішінде ҚМГ компаниялар тобы ұйымдары қызметкерлерінің өтініштерін өткізу және қарау тәртібі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компанияларының тобында іс қағаздарын жүргізу жөніндегі регламентпен, ал «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда осы Заңның тиісті ережелерімен реттеледі.
  2. ҚМГ компаниялар тобының ұйымына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштері қарауға қабылданады.
  3. Жеке тұлғаның өтінішінде оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы көрсетіледі. Өтініш беруші өтінішке қол қоюға тиіс. Шағым берілген жағдайда, іс-әрекетіне шағым жасалған субъектінің атауы немесе қызметкерлердің лауазымы, тегі және инициалдары, шағым жасау себептері мен талаптары көрсетіледі.
  4. Өз құзыреті шегінде, ҚМГ компаниялар тобының ұйым басшылығы:

1) өтініштерді объективті, жан-жақты және уақытылы, қажет болған жағдайда олардың қатысуымен қарауды қамтамасыз етеді, заңды және негізделген шешімдер қабылдайды және қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;

2) өтініш берушілерді олардың өтініштерін қарау нәтижелері, қабылданған шаралар немесе олардың өтініштері өздерінің құзыретіне сәйкес басқа субъектілерге немесе тұлғаларға қайта жіберілгені туралы жазбаша нысанда хабардар етеді;

3) шағымды іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған тұлғалардың қарауына жібермейді;

4) жеке немесе заңды тұлғалардың өтініш берген немесе оның мүддесінде өтініш берген адамға зиян келтіруіне жол бермейді.

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

Экологиялық тәуекелдерді тиімді басқару үшін Компания табиғатты қорғау қызметін басқару тәсілдерін үнемі жетілдіріп отырады және қоршаған ортаны қорғауға қажетті ресурстарды бөледі.

Экологиялық шығындарға нормативтік эмиссиялар үшін салық төлемдері, қоршаған ортаны қорғау іс-шараларына арналған шығындар, сақтандыру, қоршаған ортаны қорғау саласындағы өтемақы іс-шаралары, қоршаған ортаға тиетін әсерді болдырмауға арналған инвестициялар және өзгелері кіреді. Біз тарихи қалдықтарды өңдеуге және ластанған жерді қалпына келтіруге арналған бюджетті ұлғайттық. Қалдықтарды өңдеуге инвестициялар 2015 жылдан бастап 3 есе ұлғайып, қоршаған ортаны қорғауға арналған барлық шығыстардың, кем дегенде, үштен бір бөлігін құрайды. Сонымен бірге, атмосфералық ауаға шығарындылардың азаюымен байланысты эмиссия үшін төлемдердің төмендеуі байқалады. 2019 жылы қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындар 18,8 млрд.теңгені құрады, бұл 2018 жылға қарағанда, 2.4 млрд. теңгеге артық.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы басым жобалар

Тарихи ластануды жою, сондай-ақ қоршаған ортаға теріс әсер ету көздерін (жұмыс істемейтін ұңғымаларды, ағынды су жинағыштарды, полигондарды және өзге де өндірістік объектілерді) жою;

Технологиялық шешімдерді жетілдіру жолымен қоршаған ортаға шығарындыларды азайту, мысалы, отын мазутын технологиялық пештерде отын ретінде пайдаланылатын отын/табиғи газға ауыстыру, жаңа буын қоспаларын пайдалану, өндірістік объектілердің аумағын көгалдандыру және абаттандыру, жабдықтарды ауыстыру жөніндегі іс-шаралар, газды өңдеу жөніндегі өндірістік қуаттарды кеңейту, газды өңдеу қондырғыларын салу және өзгелері;

Ластауыш заттардың тасталуын қысқарту: «Тазалық» жобасы: «АМӨЗ» ЖШС ағынды суларды тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Тухлая балка» буландыру алаңдарын қалпына келтіру»; 

3 000 м3 көлемінде таза техникалық су көлемін ұлғайту үшін градирняны күрделі жөндеу; тазарту құрылыстарын тазалау тиімділігін жақсарту.

ҚМГ компаниялар тобының өндіруші ЕТҰ үшін Энергетикалық тәуекелдерді сақтандыру пакеті шеңберінде экологиялық тәуекелдерді сақтандыруды қамтитын үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті кешенді сақтандыру іске асырылды.

Көрсетілген сақтандыру өтемі ерікті болып табылады және «Самұрық-Қазына» АҚ пен дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) кем дегенде елу проценті «Самұрық-Қазына» АҚ-қа меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғаларда сақтандырып қорғауды ұйымдастыру жөніндегі корпоративтік стандарттың негізінде жүзеге асырылады.

Экологиялық төлемдер мен шығындар серпіні, млрд теңге

2019 жылғы эмиссиялар үшін нормативтен тыс төлемдердің үлесі, млрд теңге

ТАЛАПТАРҒА СӘЙКЕСТІК

Біз өзіміздің өндірістік қызметімізді Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында жүргізуге және қоршаған ортаға зиян келтіруді болдырмау бойынша тиісті шаралар қабылдауға ұмтыламыз. Компания өндірістік объектілерде Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасына сәйкессіздіктерді анықтау, проблемалық мәселелерді айқындау және заңнаманың талаптарына қандай да бір болмасын сәйкессіздіктерді болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін тәуекелдерді басқару жөніндегі жұмысты жалғастырады.

Осы кестеде қышқыл газды алау етіп рұқсатсыз жағу үшін айыппұлдарды қоспағанда, ұсынылған және төленген айыппұл санкцияларының сомалары көрсетілген (бөлек ұсынылып отыр).

Сот шешімі бойынша қышқыл газды алау етіп рұқсатсыз жағудың барлық кезеңі үшін белгіленген айыппұлдар 34,4 млрд.теңгеден 8,7 млрд. теңгеге дейін қайта есептелді. Айыппұл сомасы дауланып, 25,7 млрд.теңгеге қысқартылды.

Апаттар мен инцидентер және олардың салдарын жою жөніндегі шаралар туралы ақпарат

Қаламқас кен орнындағы жағдай туралы

http://www.kmg.kz/rus/press-centr/press-relizy/?cid=0&rid=672

Қаламқас кен орнындағы №8237 ұңғыма ауданындағы грифон (су-газ белгілері) туралы

http://www.kmg.kz/rus/press-centr/press-relizy/?cid=0&rid=670

Қаламқас кен орнындағы ұңғымада болған өрт оқшауландырылды

http://www.kmg.kz/rus/press-centr/press-relizy/?cid=0&rid=651

Қаламқас кен орнындағы жағдай туралы ақпараттық хабарландыру

http://www.kmg.kz/rus/press-centr/press-relizy/?cid=0&rid=649