Алаяқтардан сақ болыңыз!

2022 жылғы 7 қарашада «Самұрық-Қазына» АҚ мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бастапқы жария ұсынысын (IPO) жүзеге асыру ниетін мәлімдеді.

On 9 November 2022 the trading systems of the Kazakhstan Stock Exchange (KASE) and Astana International Financial Centre Exchange (AIX) began accepting applications for subscription to KMG’s common IPO shares. Applications will close on 30 November 2022 at 18:00, Astana time, for institutional investors and on 2 December 2022 at 15:00, Astana time, for retail investors.

Қазіргі кезде алаяқтар «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының атын жамылып арнайы сайт, қосымшалар құрып, әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, жарнама арқылы қазақстандықтарды ақша салуға шақыруда. Олар халықты мұнай мен газ сатып, бастапқы салынған «инвестициядан» да мол пайдаға кенелуге шақырады. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мұндай жарнамалық хабарландырулар жалған екенін мәлімдейді.

Қазақстандықтарды барынша сақ болуды және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз.

Компанияның қызметі туралы сенімді ақпарат тек www.kmg.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда YouTube, Facebook, Instagram, Telegram жарияланады.

Лицензиясы бар брокерлер тізімін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтынан оқи аласыз

IPO мәселелер бойынша жедел желі:
Тел.: 8 (800) 004 03 15, күн сайын сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін, демалыссыз (қалалық және мобильді телефон нөмірлерінен қоңырау шалу тегін).
e-mail: ipo@kmg.kz

ҚМГ жаңалықтары

23.11.2022

«ҚазМұнайГаз» IPO-сын өткізу тәсілдері QAMS сарапшыларымен талқыланды

22 қараша Астанада Қазақстанның миноритарлық акционерлер қауымдастығының (QAMS) сарапшыларымен өткен кездесуде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ IPO-сын өткізу, акция бағасын анықтау тәсілдері, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» тобының жария компанияларын корпоративтік басқару тиімділігін арттыру шаралары талқыланды.

Кездесуге ҚМГ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дәурен Қарабаев және Қордың Активтерді жекешелендіру және қайта құрылымдау департаментінің директоры Дастан Әдиқожаев қатысты. Ал қауымдастық атынан QAMS Басқарушы кеңесінің мүшелері Данияр Темірбаев пен Арман Батаев қатысты.

QAMS қауымдастығы мемлекет иелігінен шығару және мемлекеттік компаниялар жұмысының ашықтығы бағытындағы қадам ретінде IPO идеясына қолдау білдірді. 2022 жылғы ақпанда мемлекеттік органдарға ұсынылған «Ұлттық компанияларды қор нарығының құралдары арқылы қоғамдық бақылау» қауымдастығының бастамасы халықтық IPO шеңберінде практикалық тұрғыда қолданысқа енген. Тараптар «Самұрық-Қазына» компаниялар тобында корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру, оның ішінде миноритарлық компанияларды қоса алғанда, барлық акционерлердің мүдделеріне сай келетін тәуелсіз директорларды іріктеу рәсімін енгізу мәселелерін көтерді.

Талқылаудың күн тәртібі, әсіресе, қазір ҚМГ акцияларын жеке инвесторлар арасында орналастыру жүріп жатқан кезде өзекті болып отыр. QAMS қауымдастығы тиімді корпоративтік басқару инвесторлар үшін маңызды құндылық деп санайды, өйткені ол инвестициялық шешімдер қабылдау кезінде ескеріледі, компанияның қор нарығына тартымдылығын арттырады және оның капиталды тарту мүмкіндіктерін кеңейтеді.

«IPO-дан кейін не болатыны маңызды. Осы тұрғыда біз «Самұрық-Қазына» қорының Қазақстанда үздік корпоративтік тәжірибелер мен эталондық корпоративтік мәдениетті енгізуді қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндіктері бар екеніне сенімдіміз, оның бір бөлігі миноритарлық акционерлермен барынша жақын байланыс жасау болады. Сонымен қатар, Қор тобындағы корпоративтік басқаруды жақсартудағы прогресс кейінгі заңнамалық өзгерістер үшін негіз болуы тиіс деп санаймыз, керісінше емес», — деп атап өтті QAMS Атқарушы директоры Данияр Темірбаев.

Сарапшылар IPO шеңберінде ұсыныс жасау үшін ҚМГ акцияларының құнын қалыптастыру процесі туралы егжей-тегжейлі хабардар етілді. Белгіленген баға ҚР экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиямен және Қордың Директорлар кеңесімен келісілді. «Самұрық-Қазына» тобының өкілдері IPO барысында ҚМГ акцияларын ұсыну бағасы компанияның өндірістік және қаржылық көрсеткіштерін, инвестициялық банктердің бағалау үлгілерін, ағымдағы нарықтық жағдайды және ҚР азаматтарын барынша қамтуды қамтамасыз ету міндетін ескере отырып белгіленгенін және ең бастысы, жетекші қазақстандық брокерлік-дилерлік ұйымдардың талдамалық есептеріне сәйкес (оның ішінде IPO дайындауға және өткізуге тікелей қатысы жоқ) қолайлы нарықтық жағдайларда, қайталама нарықта одан әрі өсу әлеуеті бар екенін атап өтті.

«QAMS қауымдастығы IPO барысында сатып алушылар — әлеуетті инвесторлар жағын білдіретінін түсіну қажет. Сатып алушы, әдетте, акциялар ұсынысының бағасына көбірек күмәнмен қарап, бағасының төмен болуы есебінен қаупін сейілтіп, тәуекел етеді. Дегенмен, компанияның нақты бағасын нарық қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан алғанда, IPO — бұл компания құнының нарықтық бағасын алу тетігі. Талқылағаннан кейін ҚМГ-ның IPO-сы үшін баға белгілеу мәселесі барынша түсінікті болды деп санаймыз», — деп атап өтті QAMS Басқарушы кеңесінің мүшесі Арман Батаев.

Диалог шеңберінде топтың жария компанияларының шығындарын оңтайландыру және жария компаниялардың менеджментін ұзақ мерзімді мотивациялау мәселелері де қозғалды. Миноритарлық инвесторлармен байланыс деңгейін арттыру — сарапшылар қауымдастығымен талқыланатын тағы бір тақырып. Тараптар ынтымақтастық және халықтық IPO-ның ашық болуын қамтамасыз ету мақсатында, диалог жүргізу алаңын пайдалану қажеттілігі туралы уағдаласты.

Анықтама үшін: ҚМГ ҰК 2022 жылдың алғашқы тоғыз айында 16,1 млн тонна мұнай және газ конденсаты көлемін өндірген Қазақстандағы жетекші тігінен интеграцияланған мұнай-газ компаниясы болып табылады. Компанияның алғашқы тоғыз айдағы түсімі 6,8 трлн теңгені құрап, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 47,4%-ға ұлғайды. Таза пайда 15,9%-ға артып, 1,2 трлн теңгеге жетті. ҚМГ-дағы Б.В. Қашаған үлесінің 50% сатып алу үшін тартылған қаржыландыруға түзетілген бос ақша ағыны 730 млрд теңгені құрады. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ IPO өткізу Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған жоспары шеңберінде жүзеге асырылады.