Алаяқтардан сақ болыңыз!

Қазіргі уақытта алаяқтардың Қазақстан азаматтарын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына қаржы салуға шақырып, арнайы сайт, мобильді қосымша құрып, әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті. Халықты мұнай мен газ сатып, мол пайдаға кенелуге шақыруда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Қазақстан азаматтарының қаржысын ешқандай инвестициялық жобаларға тартуға шақырмағанын мәлімдейді. Таратылып жатқан жалған жарнамалық хабарландыруға сенбеңіздер. Сақ болыңыздар!

Қандай да бір әрекет жасар алдында ақпараттың растығын анықтап алыңыз.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өз қызметі туралы барлық ақпаратты ресми сайтында сайтында, сондай-ақ YouTube, Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында ғана жариялайды.

ҚМГ жаңалықтары

16.09.2022

Атырау зауытында дизель отынын ұрламақ болғандардың жолы кесілді

2022 жылы 10 қыркүйекте Атырау мұнай өңдеу зауытының корпоративтік қауіпсіздік бөлімі зауыт аумағынан мұнай өнімдерін автокөлікпен алып шықпақ болғандарды тоқтатты.

Көлік тізгінінде көлік қызметін көрсететін мердігер ұйымның жүргізушісі болғаны анықталды. Ауысым аяқталғаннан кейін жүргізуші «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС аумағынан растайтын құжатсыз 5 текше метр дизель отынын Атырау қаласында жеке тұлғаларға сату үшін шығармақ болған.

Қолда бар материал Атырау полиция басқармасына берілді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай өнімдерін өндіру және жөнелту мәселелері компания басшылығының тұрақты бақылауында екеніне назар аударады.