Алаяқтардан сақ болыңыз!

2022 жылғы 7 қарашада «Самұрық-Қазына» АҚ мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бастапқы жария ұсынысын (IPO) жүзеге асыру ниетін мәлімдеді.

On 9 November 2022 the trading systems of the Kazakhstan Stock Exchange (KASE) and Astana International Financial Centre Exchange (AIX) began accepting applications for subscription to KMG’s common IPO shares. Applications will close on 30 November 2022 at 18:00, Astana time, for institutional investors and on 2 December 2022 at 15:00, Astana time, for retail investors.

Қазіргі кезде алаяқтар «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының атын жамылып арнайы сайт, қосымшалар құрып, әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, жарнама арқылы қазақстандықтарды ақша салуға шақыруда. Олар халықты мұнай мен газ сатып, бастапқы салынған «инвестициядан» да мол пайдаға кенелуге шақырады. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мұндай жарнамалық хабарландырулар жалған екенін мәлімдейді.

Қазақстандықтарды барынша сақ болуды және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз.

Компанияның қызметі туралы сенімді ақпарат тек www.kmg.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда YouTube, Facebook, Instagram, Telegram жарияланады.

Лицензиясы бар брокерлер тізімін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтынан оқи аласыз

IPO мәселелер бойынша жедел желі:
Тел.: 8 (800) 004 03 15, күн сайын сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін, демалыссыз (қалалық және мобильді телефон нөмірлерінен қоңырау шалу тегін).
e-mail: ipo@kmg.kz

ҚМГ жаңалықтары

26.08.2022

«ҚазМұнайГаз» қазақстандықтарға интернет алаяқтардан сақ болуды ескертеді

Цифрлы технологияларды меңгерген алаяқтар ұлттық компаниялардың атын жамылып, халықты инвестиция салып, оңай жолмен ақша табуға шақырып жүр.

Интернетте, атап айтқанда Google, Yandex іздеу жүйелерінде, YouTube және өзге де әлеуметтік желілерде «ҚазМұнайГазға инвестиция салып, жоғары табысқа кенел» деген желеумен жарнамалар жаппай таратыла бастаған, ол сілтемелер алаяқтар құрған арнайы сайттарға бағыттайды. Халықты құрығына түсіру үшін алаяқтар жасақтаған сайтын «ұлттық компаниялардың ресми сайты», сондай-ақ «қаржылық» немесе «инвестициялық» компаниялардың веб-ресурстары ретінде көрсетеді. Бұл жалған қаржылық компаниялар белгілі бір сомаға ҚазМұнайГаздың акцияларын сатып алуды ұсынып (мәселен, 127 мың теңге), бір-екі айда «ай сайын 8500 долларға дейін инвестициялық табыс алып тұр» деген желеумен қызықтыруға тырысады.   

Ал бұл әрекеттері нанымды болуы үшін олар ұлттық компаниялардың осыған дейін жарияланған ресми бейнероликтерін қайта дыбыстап қолданады. Нәтижесінде, алаяқтардың сайтына өткендер компания атауы бірнеше рет қайталанатын, кәсіби дыбысталған жалған бейнеролик тамашалайды.

Алаяқтық сайттардың алгоритмдері ұқсас. Әдетте олардың дерекқоры жоқ және тұрақты HTML сайттар болып келеді. Бұл оларды USB дискіне көшіріп, бір доменнен екіншісіне оңай тасымалдауға мүмкіндік береді. Дегенмен, мақсатты аудиторияның сұранысына байланысты мәтінді жылдам ауыстыра алатын, дерекқорды кең, заманауи бағдарламалық құралдарды қолданатын динамикалық сайттар да кездеседі.

Бұл жалған сайттардың атауы .com секілді халықаралық аймақтарда тіркеледі. Мысалға kazmynai-gaz.com, kz-finvesting.com және butterflyexpect.com сайттарын келтіруге болады. Одан бөлек алаяқтар сайттарын тақырыптық домендерде де тіркеуі мүмкін: tiddley.work, kz.dahod.shop, investor-test.top, trainman.store, delaying.store/kz.

Сайттардан бөлек, алаяқтар қолданған 6 мобильді қосымша анықталған. Олар да ұлттық компания атын жамылып, «KazMunay Invest», «КазМунайГаз», «KazMunay Club Invest», «КазИнвест» секілді түрлі атаумен жұмыс істеген.

Қазақстанның құқық қорғау және басқа да құзыретті органдары осы секілді алаяқтық жолмен ашылған ресурстарды анықтап, олардың жолын кесу бойынша жұмыс атқарып жатқанын айтады. Дегенмен, интернеттегі алаяқтардың ізіне түсіп, кінәліні анықтау қиын. Ол сайттар көп жағдайда шетелдік мекенжайларға тіркелген болып шығады. Сондықтан құқық қорғау органдары, қаржы ұйымдары, ұлттық компаниялар азаматтарға алаяқтардан сақ болуды ескертеді.

«ҚазМұнайГаз» бұл мәселе бойынша Қаржы мониторингі агенттігіне (АФМ) және Ұлттық банкке өтініш жолдады. Өтініш Ішкі істер министрлігіне берілді. Нәтижесінде Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің Есіл аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. ҚазМұнайГаз осы қылмыстық іс бойынша жәбірленуші ретінде барлық деректерді ұсынды. Қазіргі уақытта аталған құқық бұзушылыққа қатысты күдіктілерді анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр.

Компанияның қызметі туралы сенімді ақпарат тек www.kmg.kz сайтында  және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда жарияланады.

Қазақстандықтар сондай-ақ 1459 нөмірі арқылы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне хабарласып, тұтынушы ретінде құқықтық кеңес ала алады.