Алаяқтардан сақ болыңыз!

Қазіргі уақытта алаяқтардың Қазақстан азаматтарын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына қаржы салуға шақырып, арнайы сайт, мобильді қосымша құрып, әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті. Халықты мұнай мен газ сатып, мол пайдаға кенелуге шақыруда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Қазақстан азаматтарының қаржысын ешқандай инвестициялық жобаларға тартуға шақырмағанын мәлімдейді. Таратылып жатқан жалған жарнамалық хабарландыруға сенбеңіздер. Сақ болыңыздар!

Қандай да бір әрекет жасар алдында ақпараттың растығын анықтап алыңыз.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өз қызметі туралы барлық ақпаратты ресми сайтында сайтында, сондай-ақ YouTube, Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында ғана жариялайды.

ҚМГ жаңалықтары

05.08.2022

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік нәтижелері

Қазақстанның тікелей интеграцияланған мұнай-газ компаниясы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі - «ҚМГ», «Компания») 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік нәтижелерін жариялайды.

 

2021 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы негізгі өндірістік көрсеткіштер:

  • Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 0,3%-ға ұлғайып, 10 774 мың тоннаны құрады;
  • Мұнай тасымалдау көлемі 0,6%-ға артып, 37 157 мың тоннаны құрады;
  • Қазақстандық және румын МӨЗ-де көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі жалпы 0,2%-ға ұлғайып, 9 721 мың тоннаны құрады.

 

 

 2022 6А

(ҚМГ үлесіне)

  2021 6А

(ҚМГ үлесіне)

%

Мұнай өндіру, мың тонна

10 774

10 738

0,3%

Газ өндіру, млн м³

4 110

4 079

0,8%

Мұнай тасымалдау, мың тонна

37 157

36 949

0,6%

Мұнай өңдеу, мың тонна

9 721

9 704

0,2%

 

Өндірістік көрсеткіштер бірлескен және қауымдасқан компаниялардағы ҚМГ-ның иелік ету үлесіне сәйкес және егер өзгесі көрсетілмесе, шоғырландырылған еншілес кәсіпорындар үшін көрсеткіштердің 100%-ы көрсетілген.

 

Көмірсутек шикізатын өндіру

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚМГ мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,3%-ға өсіп, 10 774 мың тонна мұнайды (тәулігіне 447 мың баррель) құрады. Ілеспе және табиғи газды өндіру көлемі 0,8%-ға 4 110 млн м³-ге дейін ұлғайды.

Мұнай және конденсат өндіру, мың тонна

 2022 6А

(ҚМГ үлесіне)

 2021 6А

(ҚМГ үлесіне)

%

Өзенмұнайгаз 

2 501

2 629

-4,8%

Маңғыстаумұнайгаз

1 474

1 445

2,0%

Ембімұнайгаз

1 267

1 213

4,5%

Теңіз

2 867

2 707

5,9%

Қашаған

601

613

-2,0%

Қарашығанақ

549

539

1,8%

Өзгелері

1 514

1 591

-4,8%

Жиыны

10 774

10 738

0,3%

 

Теңіз кен орнында мұнай өндіру өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 5,9%-ға өсіп, 2 867 мың тоннаны (тәулігіне 126 мың баррель) құрады. Ілеспе газды өндіру де 6,2%-ға артып, 1 599 млн м³ құрады. Өндіру көлемі ОПЕК+ келісімі шеңберіндегі шектеулердің жеңілдеуіне байланысты ұлғайды.

Қашағанда мұнай өндіру 1 маусымнан бастап 5 шілдеге дейн жоспарлы күрделі жөндеу жүргізу үшін теңіздегі және жерүсті кешендеріндегі өндірістік объектілердің толық тоқтауына байланысты 2,0%-ға төмендеді, соның салдарынан ҚМГ үлесіне тиесілі өндіру көлемі осы жылдың бірінші жартысында 601 мың тоннаға (тәулігіне 26 мың баррель) қысқарды. Ілеспе газ өндіру көлемі 0,5%-ға азайып, 372 млн м³ құрады. 

Қарашығанақ кен орнында мұнай мен конденсат өндіру 1,8%-ға өсіп, 549 мың тоннаны (тәулігіне 24 мың баррель) құрады.  Газ өндіру 4,7%-ға артып, 1 051 млн м³ құрады. Өндіру көлемінің өсуі газды кері айдаудың төртінші компрессорын іске қосу және газды өңдеуді арттыру нәтижесінде пайда болды. 

Операциялық активтердегі мұнай және конденсат өндіру көлемі 1,8%-ға 6 757 мың тоннаға (тәулігіне270 мың баррель) азайды. Бірінші жартыжылдықта мұнай және конденсат өндіру көлемінің төмендеуі негізінен Өзенмұнайгаз өндірістік объектілеріне қызмет көрсететін коммуналдық кәсіпорын тарапынан электр энергиясының бірнеше рет авариялық ажыратылуына және ескі кен орындарында өндіру деңгейінің табиғи төмендеуіне байланысты болды. Сонымен қатар өндіру көлемдерінің азаюы жаңа көлденең ұңғымаларды пайдалануға беру есебінен Ембімұнайгаз кен орындарында өндірудің өсуімен ішінара өтелді. Газ өндіру 2021 жылғы қарашада Амангелді Газ газ өндіру активі кіретін «ҚазТрансГаз» АҚ-ның («QazaqGaz» ҰК АҚ) берілуіне байланысты 9,0%-ға 1 088 млн м³ дейін қысқарды.

 

Мұнай тасымалдау

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында мұнайды магистралмен және теңіз арқылы тасымалдаудың жалпы көлемі өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 0,6%-ға 37 157 мың тоннаға1 ұлғайды. 

 

Мұнай тасымалдау, мың тонна

 2022 6А

(100%)

 2022 6А

(ҚМГ үлесіне)

 2021 6А

(ҚМГ үлесіне)

%

ҚазТрансОйл

19 959

19 959

20 428

-2,3%

Қазақстан-Қытай Құбыры 

9 727

4 864

4 211

15,5%

МұнайТас 2

2 622

1 337

979

36,6%

Каспий Құбыр Консорциумы

30 482

6 325

6 236

1,4%

Қазақтеңізкөлікфлоты

4 673

4 673

5 095

-8,3%

Жиыны

-

37 157

36 949

0,6%

1 Мұнай көлемінің бір бөлігін екі немесе үш құбыр компаниясы тасымалдай алады және, тиісінше, бұл көлемдер мұнай тасымалдаудың шоғырландырылған көлемінде бір реттен артық есепке алынады.

2 МұнайТас үлестік әдіспен шоғырландырылатын бірлескен кәсіпорын болып табылады, осыған байланысты тасымалдау көлемі 51% иелену үлесіне сәйкес көрсетілген.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында магистралды құбырлар арқылы мұнай тасымалдау көлемі 2,0%-ға ұлғайды және 32 485 мың тоннаны құрады. Негізінен ішкі нарықта өңдеу үшін және Қытайға экспортқа жіберу үшін қажетті көлемді қамтамасыз ету мақсатында қазақстандық МӨЗ-дерге жөнелтілетін мұнай көлемі өсуінің арқасында МұнайТас және Қазақстан-Қытай Құбыры бойынша мұнайды магистралмен тасымалдау көлемінің ұлғаюы байқалады. Бұл ретте ҚазТрансОйл бойынша мұнай тасымалдаудың экспортқа жөнелтілетін көлемі ескі кен орындарында мұнай өндірудің табиғи төмендеуі салдарынан, сондай-ақ жүк жөнелтушілердің мұнайды Каспий Құбыр Консорциумы мен Қазақстан-Қытай Құбыры құбырлары арқылы қайта бөлуіне байланысты азайды.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында мұнайды теңіз арқылы тасымалдаудың жалпы көлемі 8,3 %-ға 4 673 мың тоннаға дейін азайды, бұл Петромидия МӨЗ-ін күрделі жөндеуге байланысты Қара теңіздегі көлемнің төмендеуімен, сондай-ақ Қара теңіздегі қолайсыз метеожағдайға байланысты шикізат жеткізілімдерінің төмендеуімен түсіндіріледі.

Көмірсутек шикізатын сату

ҚМГ-ның меншікті өндірілген мұнай мен газ конденсатын сату көлемі 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 0,2%-ға шамалы азайды және 10 811 мың тоннаны құрады, оның  61,1%-ы экспортқа шығарылды.

Меншікті өндірілген мұнай мен газ конденсатын ішкі нарыққа жеткізу 6 796 мың тоннаны құрады, оның ішінде Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ), Шымкент мұнай өңдеу зауытына (ПҚОП) және Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) мұнайды одан әрі өңдеу және мұнай өнімдерін өткізу үшін 2 484 мың тонна көлемінде операциялық активтердің (Өзенмұнайгаз, Ембімұнайгаз, Қазақтүрікмұнай және Өріктау Оперейтинг) шикі мұнайын жеткізу бар.

 

Көмірсутек шикізатын өңдеу

Көмірсутек шикізатын өңдеу, мың тонна

 2022 6А

 (ҚМГ үлесіне)

 2021 6А

 (ҚМГ үлесіне)

%

АМӨЗ 

2 681

2 587

3,6%

ПМХЗ

2 839

2 876

-1,3%

ПҚОП1

1 518

1 105

37,3%

Caspi Bitum

211

222

-5,0%

Петромидия

2 310

2 726

-15,3%

Вега

163

188

-13,3%

Жиыны

9 721

9 704

0,2%

[1] ПҚОП өңдеу көлемі 50% үлесінде көрсетілген.

 

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында КСШ өңдеудің жалпы көлемі 2021 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 0,2%-ға ғана ұлғайып, 9 721 мың тоннаны құрады:

  • Қазақстандық МӨЗ-дерде КСШ өңдеу көлемі 6,8%-ға артып, 7 248 мың тоннаны құрады. Өңдеу көлемінің ұлғаюы былтырғы мамыр-маусым айларында ПҚОП-та жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өндірістің тоқтатуымен, сондай-ақ АМӨЗ-де өткен жылдың осындай кезеңінде электр желілерінде кернеудің болмауы салдарынан өндірістің тоқтауымен түсіндіріледі;
  • Румыниядағы KMG International (Петромидия, Вега) зауыттарындағы өңдеу көлемі 15,1% азайып, 2 473 мың тоннаны құрады. Өңдеу көлемінің төмендеуі осы жылдың көктемінде Петромидия зауытының жоспарлы жөндеуге тоқтауымен, сондай-ақ Қара теңізде қолайсыз метеожағдайдың салдарынан шикізат жеткізудегі іркіліске байланысты болды.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандық және румын зауыттарында мұнай өнімдерін өндіру көлемі өзгерген жоқ және 8 760 мың тоннаны құрады:

  • Қазақстандық МӨЗ-дер 6 340 мың тонна мұнай өнімдерін өндірді, бұл өткен жылдың осындай кезеңдегі көрсеткіштерден 6,3%-ға артық, бұл ішкі нарықтағы ашық түсті мұнай өнімдеріне сұраныстың өсуімен, сондай-ақ мұнай өнімдерінің қара сұрыптарын өндіру үшін ПҚОП-қа Бозашы ауыр мұнайын тиеу үлесінің артуымен байланысты;
  • KMG International (Петромидия, Вега) зауыттары 2 420 мың тонна мұнай өнімдерін өндірді, бұл Румыниядағы Петромидия МӨЗ-де өңдеу көлемінің тиісті төмендеуі есебінен 2021 жылдың бірінші жартыжылдығының көрсеткіштерінен 14,3%-ға кем.