Алаяқтардан сақ болыңыз!

Қазіргі уақытта алаяқтардың Қазақстан азаматтарын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына қаржы салуға шақырып, арнайы сайт, мобильді қосымша құрып, әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті. Халықты мұнай мен газ сатып, мол пайдаға кенелуге шақыруда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Қазақстан азаматтарының қаржысын ешқандай инвестициялық жобаларға тартуға шақырмағанын мәлімдейді. Таратылып жатқан жалған жарнамалық хабарландыруға сенбеңіздер. Сақ болыңыздар!

Қандай да бір әрекет жасар алдында ақпараттың растығын анықтап алыңыз.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өз қызметі туралы барлық ақпаратты ресми сайтында сайтында, сондай-ақ YouTube, Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында ғана жариялайды.

ҚМГ жаңалықтары

01.08.2022

«ҚазМұнайГаз» инвесторларға арнап климаттық ақпаратты жариялады

Шілденің 29-ы күні «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) «Көміртегінің есептілігі жобасы» (The Carbon Disclosure Project) жаһандық климаттық бастама аясындағы 2021 жылғы парник газдарының шығарындысы бойынша, сондай-ақ су ресурстарын басқару саласындағы ерікті есептілігін жариялады.  

Халықаралық климат есептілігін жетілдіру – 2022-2031 жылдарға арналған «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының төменкөміртекті дамыту бағдарламасын іске асыру басымдығының бірі. ҚМГ барлық активтері бойынша парник газдарының тікелей және жанама шығарындысы туралы, судың ізі туралы деректерді ерікті түрде ашып көрсетеді, олардың тәуелсіз верификациясын жүзеге асырады. Сонымен қатар халықаралық қауымдастықпен климаттың өзгеруі және суды сақтау мәселелеріне қатысты корпоративтік стратегиясы туралы ақпаратпен, парник газдарының шығарындыларын және су ресурстарын басқарудағы нәтижесімен, негізгі тәуекелдері және мүмкіндіктерімен бөлісіп отырады.

ҚМГ TCFD (Task Force on Climate-related Financial Disclosures) қағидаттарына сәйкес климаттың өзгеруіне байланысты қаржы жарияланымының есебін енгізу ниеті туралы ресми мәлімдеді. Онда климат тәуекелдері және олардың компанияның қызметіне қаржылық әсері бағаланады.  ҚМГ ынталандыру тетіктерін құру және инвестициялық шешім қабылдауға ықпал ету мақсатында көміртегіге ішкі бағаны белгілеудің тұжырымдамасын әзірлеуге де ниетті. 

Бұл жұмыс тұрақты даму және ESG қағидаттарын енгізу бойынша есептілікті қолдау үшін жүргізілуде. Көпшілікке экологиялық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету және Компанияның табиғатты қорғау саласындағы жұртшылық, акционерлер, мүдделі мемлекеттік органдар және басқа да тараптар алдындағы ашықтығы Компанияның Экологиялық саясатының және ҚМГ-ның тұрақты даму саласындағы саясатының постулатының бірі болып табылады.

Парник газдарының шығарындысын азайтуға және су ресурстарын тұрақты басқаруға бағытталған саясаттары мен іс-шаралары жөніндегі ақпаратты аша отырып, Компания өзінің ашықтығын және бизнесті экономикалық тиімділік қағидаттарына сәйкес қана емес, сонымен қатар тұрақты даму талаптарын және Париж келісімінің мақсаттарына сай болу ынтасын ескере отырып жүргізетінін мәлімдейді. 

CDP сауалнамаларын мына сілтеме бойынша оқи аласыз:https://www.kmg.kz/kaz/investoram/reporting-and-financial-result/.

 

Анықтама ақпараты:

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ туралы

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның тігінен интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы.  ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап, тасымалдау, өңдеу және сервистік қызметтер көрсетуге дейінгі барлық өндіріс циклы бойынша активтерді басқарады. Компания 2002 жылы құрылып, Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласындағы мемлекет мүддесін қорғайды.

«Carbon Disclosure Project» туралы

2000 жылдан бері қолданылып келе жатқан Көміртегінің есептілігі жобасы (The Carbon Disclosure Project — CDP) парник газдарының шығарындысы бойынша ақпаратты ашу әдістемесі мен процесінің алтын стандартына айналды. Ол әлем нарығына арналған климаттың өзгеруі саласындағы ең маңызды дереккөзі. CDP көміртегі есептілігі бойынша деректердің электронды базасы әлем бойынша ең ірі тіркелімі, онда парник газдарының корпоративті шығарындылары (GHG) және климаттың өзгеруі саласындағы корпоративтік стратегиялар бойынша барынша толық ақпарат қамтылған. Бұл базаны инвесторлар инвестициялық шешім қабылдау кезінде пайдаланады. CDP құрамына 130 триллион АҚШ долларынан астам активтері бар 700-ден аса инвестор кіреді.