Алаяқтардан сақ болыңыз!

Қазіргі уақытта алаяқтардың Қазақстан азаматтарын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына қаржы салуға шақырып, арнайы сайт, мобильді қосымша құрып, әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті. Халықты мұнай мен газ сатып, мол пайдаға кенелуге шақыруда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Қазақстан азаматтарының қаржысын ешқандай инвестициялық жобаларға тартуға шақырмағанын мәлімдейді. Таратылып жатқан жалған жарнамалық хабарландыруға сенбеңіздер. Сақ болыңыздар!

Қандай да бір әрекет жасар алдында ақпараттың растығын анықтап алыңыз.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өз қызметі туралы барлық ақпаратты ресми сайтында сайтында, сондай-ақ YouTube, Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында ғана жариялайды.

ҚМГ жаңалықтары

22.06.2022

«Қаратон-Сарықамыс» жобасын бірлесіп іске асыру үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның стратегиялық серіктесін іздеу туралы хабарландыру

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Қаратон-Сарықамыс» жер қойнауын пайдаланудың жаңа жобасын бірлесіп іске асыру үшін стратегиялық серіктес іздейді.

 

  • Жер қойнауын (жер қойнауы учаскесінің) пайдаланудың жаңа жобасының атауы – «Қаратон-Сарықамыс».

                                                        

  • Жер қойнауы учаскесінің орналасқан жері – Атырау, Маңғыстау облыстары. Жер қойнауы учаскесі координаттары көрсетіле отырып, Мемлекеттік қорды басқару бағдарламасына енгізілген және Ұлттық компанияларға жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған жер қойнауы учаскелері аумақтарының тізбесіне кіреді. Құжатқа сілтеме.

 

  • Кейіннен жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін «Қаратон Сарықамыс» жобасын инвестициялық қаржыландыруды жүзеге асыру бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ стратегиялық серіктесін айқындау өлшемшарттарын белгілейтін заңды тұлғаларға (заңды тұлғалар консорциумына) қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар):

«Ұйым» қазақстандық немесе шетелдік заңды тұлғаны (олардың бірлестіктерін) білдіреді.

«Бас компания» Ұйымға қатысудың (акциялар пакетінің) 100% үлесін тікелей немесе жанама түрде иеленетін заңды тұлғаны білдіреді.

 

  1. Заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеудің болуы (сауда тізілімінен үзінді көшірме немесе өтініш берушінің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжат).
  2. Ұйым тарату, қайта ұйымдастыру немесе банкроттық сатысында болмауға тиіс.
  3. Ұйымның салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша өтелмеген берешегі болмауға тиіс.
  4. Ұйымның немесе оның Бас компаниясының Қазақстан Республикасының аумағында және (немесе) шетелде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің оң тәжірибесі болуға тиіс:

 -    көмірсутектерді өнеркәсіптік өндіру тәжірибесі – кемінде 10 жыл; және

 -    геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу (сейсмикалық барлау және барлау бұрғылауын жүргізу) тәжірибесі – кемінде 5 жыл; және

 -    жұмыс бағдарламасын орындау тәжірибесі – кемінде 5 жыл.

  1. Ұйымда не оның Бас компаниясында мұнай-газ саласында кемінде 10 (он) жыл жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандардың (менеджменттің) болуы.
  2. Ұйымның таза құны кемінде 200 000 000 (екі жүз миллион) АҚШ долларын құрауы тиіс.
  3. Ұйым немесе оның Бас компаниясы Forbes нұсқасы (https://www.forbes.com/global2000/list/) бойынша мұнай-газ саласындағы әлемнің ірі әлемдік жария компанияларының тізіміне (Oil & Gas Operations) енген жағдайда Талаптардың 4, 5 және 6-тармақтары қолданылмайды.
  4. Ұйым «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген тәртіппен тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын алу мақсаттары үшін жасалған бірлескен қызмет туралы шарт (келісім) және (немесе) қаржыландыру туралы келісім бойынша барлауды инвестициялық қаржыландыруды жүзеге асыру міндеттемесін өзіне алуға тиіс.
  5. Ұйым қол қойылатын бонусты төлеу не «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ төлеген қол қойылатын бонус сомасын өтеу міндеттемесін өзіне алуға тиіс.
  6. Стратегиялық серіктесті тікелей немесе жанама бақылайтын басшылар туралы, заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, мемлекеттер және халықаралық ұйымдар туралы мәліметтер.
  7. Стратегиялық серіктестің алдыңғы қызметі туралы мәліметтер, оның ішінде соңғы үш жылда өз қызметін жүзеге асырған мемлекеттердің тізімі.
  8. Барлау кезеңінде жұмыстардың көлемін, сипаттамасын және орындау мерзімдерін қамтитын жұмыс бағдарламасын орындау үшін жеткілікті қаржы қаражатының бар екенін растау.

 

  • Талаптарды растау үшін Ұйымдар ұсынатын құжаттар тізбесі:
  1. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің (анықтаманың немесе өзге құжаттың) көшірмесі, сауда тізілімінен үзінді көшірме немесе өтініш берушінің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да құжат, заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктері (консорциум) үшін - консорциум туралы келісімнің көшірмесі және консорциумға қатысушыларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктердің (анықтамалардың немесе өзге құжаттардың) көшірмелері.
  2. Үлгілік жарғы негізінде тіркелген заңды тұлғалар үшін – белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының көшірмесі - заңды тұлғаны тіркеу туралы белгіленген нысандағы өтініштің көшірмесі.
  3. Қатысу үлестерінің (акциялар пакеттерінің) мөлшері көрсетілген басшылары және олардың өкілеттіктері туралы мәліметтерді, қатысушылар (акционерлер) туралы мәліметтерді, өтініш берушіні тікелей немесе жанама бақылайтын заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, мемлекеттер және халықаралық ұйымдар туралы мәліметтерді, жалпы саны көрсетілген заңды тұлғаның бағалы қағаздарының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы айналымы туралы мәліметтерді, еншілес ұйымдар туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық құжат.
  4. Ұйымның алдыңғы қызметі туралы мәліметтер, оның ішінде соңғы үш жылда өз қызметін жүзеге асырған мемлекеттердің тізімі.
  5. Ұйым геологиялық барлау жұмыстарын / жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізетін немесе жүргізген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың немесе өзге де келісімнің нөмірі мен күні.
  6. Мұнай-газ саласында кемінде 10 (он) жыл жұмыс тәжірибесі бар Ұйымның негізгі қызметкерлерінің (менеджментінің) тізімі, Ұйымның көрсетілген қызметкерлерінің түйіндемесі.
  7. 2019-2021 жылдар аралығындағы аудиторлық есептердің көшірмелері және аудиторлық компаниядан Ұйымның қаржылық жағдайы туралы растаухат.
  8. Ұйым немесе оның Бас компаниясы Forbes нұсқасы бойынша мұнай-газ саласындағы әлемнің ірі әлемдік жария компанияларының тізіміне (Oil & Gas Operations) енген жағдайда, Ұйымнан немесе Бас компаниядан Талаптардың 7-тармағында көрсетілген ақпараттық ресурсқа осыны растайтын сілтемесі бар хат.
  9. Құжаттарда көрсетілген барлық мәліметтердің дұрыстығы туралы Ұйымның жазбаша растамасы.

Барлық құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалады. Егер құжаттарды шетелдік заңды тұлға ұсынған жағдайда, әрбір құжатқа дұрыстығын нотариус куәландырған құжаттың қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы міндетті түрде қоса беріле отырып, мұндай құжаттар өзге тілде жасалуы мүмкін.

 

  • Ынтымақтастық нысаны бойынша ең аз талаптар:
  1. Бірлескен кәсіпорын негізіндегі ынтымақтастық.
  2. Жобадағы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ үлесі – 50%.
  3. Ең аз жұмыс бағдарламасына тереңдігі 5 500 (бес мың бес жүз) метр болатын 1 (бір) барлау ұңғымасын бұрғылау жұмысын қосу.

 

  • Ұйымдардың «Қаратон-Сарықамыс» жер қойнауын пайдаланудың жаңа жобасын бірлесіп іске асыруға өтінімдер беру тәртібі мен мерзімі:

Үміткерлерге қойылатын Талаптарды растайтын құжаттары берілген Ұйымдардың өтініштері «Қаратон-Сарықамыс» жер қойнауын пайдаланудың жаңа жобасын бірлесіп іске асыру үшін стратегиялық серіктесті іздеу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей ұсынылады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы, Д. Қонаев көшесі 8, «Изумрудный квартал» әкімшілік ғимараты, «Б» блогы.

 

  • «Қаратон-Сарықамыс» жобасын бірлесіп іске асыру үшін стратегиялық серіктесті айқындау шарттары мен тәртібі:

Осы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін Ұйымдардан өтінімдерді қабылдау тоқтатылады, бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ www.kmg.kz корпоративтік интернет-сайтында жазба жасалады.

Белгіленген мерзімде ұсынылған Ұйымдардың өтінімдерін оған қоса берілген құжаттарымен бірге «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

Талаптардың 7-тармағына сәйкес келмеген жағдайда, Ұйым немесе оның Бас компаниясы стратегиялық серіктесті айқындау рәсіміне қатысу үшін «Қаратон-Сарықамыс» жобасы бойынша $500 000 (бес жүз мың АҚШ доллары) мөлшеріндегі сомаға қамтамасыз ету жарнасын енгізеді, сондай-ақ эскроу-шотты пайдаланады не банктік кепілдік немесе «Қаратон-Сарықамыс» жобасы бойынша ақшалай міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін Бас/үлестес компанияның кепілдігін береді. Қатысу үшін төленген қамтамасыз ету жарнасы Ұйымға стратегиялық серіктесті айқындау процесі аяқталғаннан немесе стратегиялық серіктесті іздеу өткізілмеді деп танылғаннан кейін қайтарылады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ банктік деректемелері

Шот иесі: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ

БСН 020240000555

Банк: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ

Шот нөмірі (АҚШ доллары): KZ406010111000002040

Шот нөмірі (теңге): KZ356010111000002033

БСК Swift коды: HSBKKZKX

Кбе 16

Талаптарға сәйкес келетін Ұйымдардың тізімі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ww.kmg.kz корпоративтік интернет-сайтында жарияланады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өзара түсіністік туралы меморандум мен құпиялылық туралы келісімді Талаптарға сәйкес келетін Ұйымдарға қол қою үшін жолдайды. Бұл құжаттар «Қаратон-Сарықамыс» жер қойнауын пайдаланудың жаңа жобасын бірлесіп іске асыру үшін стратегиялық серіктесті тарту мен айқындаудың одан арғы рәсімін айқындайды.

 

Осы хабарландыру «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік сайтында   2022 жылдың 22 маусымда орналастырылды.