Алаяқтардан сақ болыңыз!

Қазіргі уақытта алаяқтардың Қазақстан азаматтарын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына қаржы салуға шақырып, арнайы сайт, мобильді қосымша құрып, әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті. Халықты мұнай мен газ сатып, мол пайдаға кенелуге шақыруда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Қазақстан азаматтарының қаржысын ешқандай инвестициялық жобаларға тартуға шақырмағанын мәлімдейді. Таратылып жатқан жалған жарнамалық хабарландыруға сенбеңіздер. Сақ болыңыздар!

Қандай да бір әрекет жасар алдында ақпараттың растығын анықтап алыңыз.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өз қызметі туралы барлық ақпаратты ресми сайтында сайтында, сондай-ақ YouTube, Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында ғана жариялайды.

ҚМГ жаңалықтары

17.06.2022

ҚазМұнайГаз және ЛУКОЙЛ компаниялары серіктестік қарым-қатынасты нығайтуда

2022 жылдың 16 маусымында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев және «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ Президенті Вадим Воробьев Петербор халықаралық экономикалық форумы (ПХЭФ) аясында «Қаламқас теңіз және Хазар» жобасы бойынша Қағидаттар туралы келісімге №1 қосымша келісіміне қол қойды.

Құжат кен орындарды жайластыру тұжырымдамасын таңдау бойынша жұмыс жүргізуді, сондай-ақ жобаны бірлесіп іске асырудың коммерциялық шарттарын қарастырады.

«Бұл келісімнің барлық тарап үшін маңызы зор, компаниялар арасындағы іскерлік қатынастардың дамуына жаңа серпін беретін құжат. Алға қойған барлық жоспарымызды бірлесіп іске асыратынымызға сенімдімін», - деді ҚМГ басшысы М.Мырзағалиев.

Сонымен қатар атаулы форум алаңында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиевтың, ҚМГ басшысы Мағзұм Мырзағалиевтың және «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ президенті Вадим Воробьевтің қатысуымен үшжақты кездесу өтті. Келіссөздер кезінде ортақ жобаларды іске асыру барысы және бірлескен қызметтің бағыттары талқыланды.

Еске сала кетейік, 2021 жылдың 16 қарашасында ҚМГ мен ЛУКОЙЛ «Қаламқас теңіз және Хазар» жобасы бойынша Қағидаттар туралы келісімге қол қойған болатын.

 

Анықтамалық ақпарат:

Қаламқас теңіз, Хазар және Әуезов кен орындары Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан. Жағажайға дейінгі қашықтық 60 км. Су тереңдігі – 7-9 метр.