Алаяқтардан сақ болыңыз!

Қазіргі уақытта алаяқтардың Қазақстан азаматтарын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына қаржы салуға шақырып, арнайы сайт, мобильді қосымша құрып, әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті. Халықты мұнай мен газ сатып, мол пайдаға кенелуге шақыруда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Қазақстан азаматтарының қаржысын ешқандай инвестициялық жобаларға тартуға шақырмағанын мәлімдейді. Таратылып жатқан жалған жарнамалық хабарландыруға сенбеңіздер. Сақ болыңыздар!

Қандай да бір әрекет жасар алдында ақпараттың растығын анықтап алыңыз.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өз қызметі туралы барлық ақпаратты ресми сайтында сайтында, сондай-ақ YouTube, Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында ғана жариялайды.

ҚМГ жаңалықтары

15.06.2022

«Қазақстан Петрокемикал Индастриз Инк.» ЖШС-не қатысу үлесін сатып алу мәмілесі аяқталды

2022 жылдың 13 маусымында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) «Қазақстан Петрокемикал Индастриз Инк.» ЖШС-дегі (бұдан әрі – KPI Inc.) 49,5% қатысу үлесін «Самұрық-Қазына» АҚ-дан сатып алу жөніндегі мәмілені аяқтады.

Атап өтер жайт, KPI Inc. 2018 жылдың маусымында ҚМГ-ға сенімгерлік басқаруға берілген еді.

KPI Inc. Атырау облысында полипропилен өндіру зауытын салу жобасын іске асыруда. Зауыт өндірілген өнімді экспортқа шығарып, ҚР ішкі нарығында сататын болады. Зауыт жобалық қуаты бойынша жылына 500 мың тонна полипропиленді шығарады.