ҚМГ жаңалықтары

13.05.2022

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ-ның 2022 жылғы бірінші тоқсандағы өндірістік нәтижелері

Қазақстанның тігінен интеграцияланған ұлттық мұнай-газ компаниясы - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ  (бұдан әрі – «ҚМГ», «Компания»), 2022 жылғы бірінші тоқсандағы өндірістік нәтижелерін жариялайды

 

2022 жылдың бірінші тоқсанындағы негізгі өндірістік көрсеткіштер:

  • Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 3,2%-ға өсіп, 5 484 мың тонна құрады;
  • Мұнай тасымалдау көлемі 18309  мың тоннаны құрап, іс жүзінде өзгеріске ұшырамады;
  • Қазақстандық және румыниялық МӨЗ-дерде өңделген көмірсутек шикізатының көлемі 4 566 мың тоннаны құрады.

 

 

2022ж. 1-тоқсан

(ҚМГ үлесіне)

2021ж. 1-тоқсан

(ҚМГ үлесіне)

%

Мұнай өндіру, мың тонна

5 484

5 314

3,2%

Газ өндіру, млн м³

2 145

1 986

8,0%

Мұнай тасымалдау, мың тонна

18 309

18 327

-0,1%

Мұнай өңдеу, мың тонна

4 566

4 662

-2,1%

 

Өндірістік көрсеткіштер бірлескен және қауымдасқан компаниялардағы ҚМГ иелік ету үлесіне сәйкес және егер өзгеше берілмесе, шоғырландырылған еншілес ұйымдар үшін көрсеткіштердің 100% көрсетілген.

 

Көмірсутек шикізатын өндіру

2022 жылғы бірінші тоқсанында ҚМГ мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,2%-ға ұлғайып, 5 484 мың тоннаны (тәулігіне 458 мың баррель) құрады. Аралас және табиғи газды өндіру көлемі 2 148 млн м³ дейін, яғни 8,1%-ға ұлғайды.

 

Мұнай және конденсат өндіру, мың тонна

2022ж. 1-тоқсан

(ҚМГ үлесіне)

2021ж. 1-тоқсан

(ҚМГ үлесіне)

%

Өзенмұнайгаз

1 250

1 299

-3,7%

Маңғыстаумұнайгз

720

712

1,2%

Ембімұнайгаз

627

595

5,5%

Теңіз

1 457

1 331

9,4%

Қашаған

386

305

26,8%

Қарашығанақ

285

279

2,0%

Басқалары

758

794

-4,6%

Жиыны

5 484

5 314

3,2%

 

Теңізде мұнай өндіру көлемі өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 9,4%- артып, 1 457 мың тоннаны (тәулігіне 129 мың баррель) құрады. Ілеспе газды өндіру де 9,3% артып, 810 млн м3 құрады. Өндірістің өсуі ОПЕК+ келісімі шеңберіндегі шектеулердің ішінара жеңілдеуінен, сондай-ақ барлық кешенді технологиялық желілердің, соның ішінде екінші буын зауытының қондырғылары мен шикі газды айдаудың сенімді жұмысының арқасында іске асты.

Қашағанда мұнай өндіру ОПЕК+ келісімі шеңберіндегі шектеулердің ішінара алынып тасталуы есебінен 26,8%-ға айтарлықтай өсті, соның нәтижесінде ҚМГ үлесіне өндіру көлемі ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 386 мың тоннаға (тәулігіне 34 мың барр.) жетті. Аралас газ өндіру көлемі де айтарлықтай 27,6%-ға өсіп, 236 млн м3 құрады. 

Қарашығанақта мұнай мен конденсат өндіру 2,0%-ға өсіп, 285 мың тоннаны (тәулігіне 25 мың баррель) құрады. Газ өндіру 3,2%-ға артып, 550 млн м3 құрады. Өндірістің өсуі Қарашығанақ өңдеу кешенінде газ бойынша өндірістік шектеулердің жойылуы әсерінен орын алды.

Операциялық активтердегі мұнай және конденсат өндіру көлемі 1,3%-ға, яғни 3 356 мың тоннаға дейін (тәулігіне 270 мың барр.) азайды, ал газ өндіру 4,2%-ға, 549 млн м3-ге дейін ұлғайды. Мұнай және конденсат өндіру көлемінің азаюы негізінен жетілген кен орындарындағы өндіріс деңгейінің табиғи төмендеуі және ағымдағы жылдың бас кезеңіндегі болған оқиғалар әсерінен Өзенмұнайгаздағы өндірістің төмендеуі және наурыз айында коммуналдық кәсіпорын тарапынан электр энергиясын авариялық ажыратуының салдарынан орын алды.

 

Мұнай тасымалдау

2022 жылдың бірінші тоқсанында мұнайды магистральдық және теңіз арқылы тасымалдаудың жалпы көлемі 2021 жылдың сәкес кезеңімен салыстырғанда 0,1%-ға, 18 309 мың тоннаға1  дейін шамалы азайды.

 

Мұнай тасымалдау, мың тонна

2022ж.

1-тоқсан

(100%)

2022ж.

1-тоқсан

(ҚМГ үлесіне)

2021ж.

1-тоқсан

(ҚМГ үлесіне)

%

ҚазТрансОйл

9 758

9 758

10 238

-4,7%

Қазақстан-Қытай Құбыры 

4 703

2 351

2 045

15,0%

МұнайТас2

1 288

657

481

36,6%

Каспий Құбыр Консорциумы

15 778

3 274

3 067

6,7%

Қазақтеңізкөлікфлоты

2 269

2 269

2 496

-9,1%

Жиыны

-

18 309

18 327

-0,1%

1 Мұнай көлемінің  бір бөлігін екі немесе үш құбыр компаниясы тасымалдай алады және тиісінше бұл көлемдер мұнай тасымалдаудың шоғырландырылған көлемінде бір реттен артық есептеледі.

2 МұнайТас үлестік әдіспен шоғырландырылатын бірлескен кәсіпорын, осыған байланысты тасымалдау көлемі 51% иелену үлесіне сай көрсетілген.

2022 жылдың бірінші тоқсанында магистральдық құбырлар арқылы мұнай тасымалдау көлемі 1,3%-ға артып, 16 040 мың тоннаны құрады. Өсім ішкі нарықты қамтамасыз ету мақсатында қазақстандық МӨЗ-дерге мұнай жеткізу көлемінің ұлғаюымен байланыстыруға әден болады. Бұл ретте тасымалдаудың экспорттық көлемі жетілген кен орындарында мұнай өндірудің табиғи төмендеуі салдарынан азаяды. Жалпы экспорттық тасымалдау көлемінің төмендеуі ОПЕК+ келісімі шеңберіндегі шектеулердің жеңілдетілуіне байланысты Каспий Құбыр Консорциумы және Қазақстан-Қытай Құбыры бойынша көлемдердің ұлғаюымен ішінара өтелді.

2022 жылдың наурыз айында мұнай тасымалын Қазақтеңізкөлікфлоты арқылы жүзеге асырып отырған Петромидия зауытында күрделі жөндеудің жүргізілуіне байланысты, осы жылдың бірінші тоқсанында мұнайды теңіз арқылы тасымалдаудың жалпы көлемі 2 269 мың тоннаға дейін, яғни 9,1% азайды. Бұл шығындар әлемдегі мұнай тасымалы нарығының қалпына келуі нәтижесінде мүмкін болған Жерорта теңізіндегі жұмыс ауқымының өсуімен ішінара өтеледі.

 

Көмірсутек шикізатын сату

ҚМГ  жеке өзі өндірген мұнай мен газ конденсатын сату көлемі 2022 жылдың бірінші тоқсанында 0,5% ұлғайып, 5 238 мың тоннаны құрады, оның 60,7% экспортқа жөнелтілді.

Өзіндік өндірілген мұнай мен газ конденсатын ішкі нарыққа жеткізу 2 057 мың тоннаны құрады, оның ішінде мұнайды одан әрі өңдеу және мұнай өнімдерін сату үшін операциялық активтердің (Өзенмұнайгаз, Ембімұнайгаз, Қазақтүрікмұнай және Өріктау Оперейтинг) 1 222 мың тонна көлеміндегі шикі мұнайы Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ), Шымкент мұнай өңдеу зауытына (ПҚОП) және Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) жеткізілді.

 

Көмірсутек шикізатын өңдеу

Көмірсутек шикізатын өңдеу, мың тонна

2022ж.

1-тоқсан

(ҚМГ үлесіне)

2021ж.

1-тоқсан

(ҚМГ үлесіне)

%

АМӨЗ  

1 315

1 178

11,7%

ПМХЗ

1 400

1 397

0,2%

ПҚОП1

731

681

7,4%

Caspi Bitum

71

72

-2,4%

Петромидия

980

1 265

-22,5%

Вега

69

69

0,7%

Жиыны

4 566

4 662

-2,1%

[1] ПҚОП өңдеу көлемі  50% үлеске қатысты көрсетілген.

 

2022 жылдың бірінші тоқсанында КСШ өңдеудің жалпы көлемі 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,1%-ға азайып, 4 566 мың тоннаны құрады:

  • Қазақстандық МӨЗ-де КСШ өңдеу көлемі 5,7% өсіп, 3 517 мың тоннаны құрады. Өңдеу көлемінің ұлғаюы электр желілерінде кернеудің қатты түсуіне, өткен жылдың ұқсас кезеңінде АМӨЗ-де өндірістің тоқтауына, сонымен қатар ағымдағы жылы мұнай өнімдеріне сұраныстың пандемияға дейінгі деңгейіне қайта келуіне байланысты;
  • Румыниядағы KPMG International (Петромидия, Вега) зауыттарындағы өңдеу көлемі 21,3% азайып, 1 049 мың тоннаны құрады. Өңдеу көлемінің төмендеуі Петромидия зауытының 2022 жылғы 11 наурыздан 8 сәуірге дейінгі жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты болды.

2022 жылдың бірінші тоқсанында қазақстандық және румыниялық зауыттарда мұнай өнімдерін өндіру көлемі 2,8%-ға азайып, 4 174 мың тоннаны құрады:

  • Қазақстандық МӨЗ 3 151 мың тонна мұнай өнімдерін өндірді, аталған көрсеткіш өткен жылдың көрсеткіштерінен 5,1%-ға артық. Оған себеп - пандемиядағы күйзелістен кейін ішкі нарықтағы мұнай өнімдеріне сұраныстың қалпына келуі.
  • KPMG International (Петромидия, Вега) зауыттары 1 023 мың тонна мұнай өнімдерін өндірді, бұл 2021 жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткіштерімен салыстырғанда 21,1%-ға кем. Бұған Румыниядағы Петромидия МӨЗ-де қайта өңдеу көлемі төмендеуі әсер етті.