ҚМГ жаңалықтары

06.05.2022

«ҚазМұнайГаз» қызметкерлері соғыс ардагерлерін құттықтады

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметкерлері 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында елордада тұратын екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлеріне барып, сый-сияпат көрсетті. Мұнайшылар компания атынан оларды мерекемен құттықтап, гүл шоқтарын, азық-түлік салынған себеттер тарту етіп, қаржылай көмек көрсетті.

ҚМГ ұжымы ардагерлерге алғыс білдіріп, елдің жарқын болашағы үшін қыршыннан қиылған боздақтар рухына тағзым етті.

Отан қорғаушылардың ұлы ерліктері ұрпақ жадысында мәңгі сақталады!