Алаяқтардан сақ болыңыз!

Қазіргі уақытта алаяқтардың Қазақстан азаматтарын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына қаржы салуға шақырып, арнайы сайт, мобильді қосымша құрып, әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті. Халықты мұнай мен газ сатып, мол пайдаға кенелуге шақыруда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Қазақстан азаматтарының қаржысын ешқандай инвестициялық жобаларға тартуға шақырмағанын мәлімдейді. Таратылып жатқан жалған жарнамалық хабарландыруға сенбеңіздер. Сақ болыңыздар!

Қандай да бір әрекет жасар алдында ақпараттың растығын анықтап алыңыз.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өз қызметі туралы барлық ақпаратты ресми сайтында сайтында, сондай-ақ YouTube, Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында ғана жариялайды.

ҚМГ жаңалықтары

24.02.2022

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасарлары тағайындалды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ұлттық компаниясында Басқарма төрағасының барлау және өндіру, сондай-ақ ірі мұнай-газ жобалары жөніндегі орынбасарлар тағайындалды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары болып Құрманғазы Есқазиев тағайындалды. Ол операциялық активтерде мұнай мен газ өндіру, кәсіпорындардың тиімділігін арттыру мен одан әрі дамыту, ҚМГ-ның ресурстық базасын кеңейту және кен орындарды рационалды игеру мәселелеріне жетекшілік етеді.

Қ. Есқазиев В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының мұнай факультетін геолог-тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірді. 2006 жылы Томск политехникалық университетінде диссертация қорғап, «геология-минералогия ғылымдарының кандидаты» біліктілік дәрежесіне ие болды. 2021 жылы И.М.Губкин атындағы мұнай және газ Ресей мемлекеттік университетінде диссертация қорғап, «геология-минералогия ғылымдарының докторы» ғылыми дәрежесіне иемденді. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2015 ж.), И.М.Губкин атындағы Ресей мұнай және газ мемлекеттік университетінің «Мұнай мен газды іздеу-барлау» кафедрасының профессоры.

Еңбек жолын 1985 жылы «Эмбанефть» өндірістік бірлестігінде оператор-коллектор болып бастады. Онда операторлықтан бастап «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорына дейінгі өндірістік қызметтің барлық сатысынан өтті.

2006 - 2008 жылдар аралығында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ геология және игеру департаменті директорының орынбасары, директоры болды.

2008 жылдан бастап 2015 жылға дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да мұнай және газ өндіру жөніндегі атқарушы директор, геология, геофизика және резервуарлар жөніндегі басқарушы директор, бас геолог, Басқарма төрағасының геология және келешек жобалар жөніндегі орынбасары, операциялық емес активтер (Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ) жөніндегі басқарушы директор, геология жөніндегі басқарушы директор қызметтерін атқарды.

2015 жылдың қыркүйегінен 2018 жылға дейін – «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы), «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы).

2018-2020 жылдар аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының барлау, өндіру және мұнайсервис жөніндегі орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының геология және барлау жөніндегі орынбасары болып қызмет етті.

2020 жылдан бастап осы уақытқа дейін – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы).

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының ірі мұнай-газ жобалары жөніндегі орынбасары болып Мұрат Мұнбаев тағайындалды. Ол Ұлттық компанияның ірі жобаларға (Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ) қатысуына жетекшілік етеді.

Мұрат Мұнбаев 1998 жылы Варшава мемлекеттік университетін бітірді, халықаралық экономикалық қатынастар магистрі дәрежесі бар.

Мұрат Мұнбаев Еңбек жолын 2020 жылы «ABN AMRO Bank Kazakhstan» бөлім басқарушысы болып бастады. Әр жылдары «Chevron» корпорациясының бас сарапшысы, атқарушы вице-президентінің кеңесшісі, «Теңізшевройл» және «Chevron» компанияларында қаржы маркетингі мен тасымалдауды қолдау жөніндегі менеджер, стратегиялық жоспарлау және талдау жөніндегі бас менеджер, маркетинг және тасымалдау жөніндегі бас менеджер қызметтерін атқарды.

2020 жылдың қазанынан 2021 жылдың қыркүйегіне дейін Shell Kazakhstan компаниясының стратегиялық даму және активтер портфелі жөніндегі бас менеджері лауазымында болды.