Алаяқтардан сақ болыңыз!

Қазіргі уақытта алаяқтардың Қазақстан азаматтарын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына қаржы салуға шақырып, арнайы сайт, мобильді қосымша құрып, әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті. Халықты мұнай мен газ сатып, мол пайдаға кенелуге шақыруда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Қазақстан азаматтарының қаржысын ешқандай инвестициялық жобаларға тартуға шақырмағанын мәлімдейді. Таратылып жатқан жалған жарнамалық хабарландыруға сенбеңіздер. Сақ болыңыздар!

Қандай да бір әрекет жасар алдында ақпараттың растығын анықтап алыңыз.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өз қызметі туралы барлық ақпаратты ресми сайтында сайтында, сондай-ақ YouTube, Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында ғана жариялайды.

ҚМГ жаңалықтары

25.01.2022

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының Басқармасындағы өзгерістер туралы

Жақып Марабаев еңбек шартының мерзімінің аяқталуына байланысты «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары қызметінен кетіп жатыр.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев Жақып Нәсіпқалиұлына атқарған жемісті еңбегі үшін алғысын білдірді. Атап айтқанда, ОПЕК+ міндеттері аясындағы шектеулерге және коронавирус пандемиясының кері әсеріне қарамастан мұнай сервистік қызметердің көлемі және ҚМГ компаниялары тобының өндіруші кәсіпорындарында өндірістің ағымдағы деңгейі сақталды.

– Соңғы екі жыл аса күрделі кезең болды. Коронавирус індеті барлық салаға өз зардабын тигізді. Пандемия бүкіл ресурстардың жұмылуын қажет етіп, әрқайсымыз үшін үлкен сынақ болды. Дегенмен жаңа кезеңдегі өміріміз бен жұмысымыз біздің мықты тұстарымызды анықтап, бұдан арғы даму басымдықтарын айқындауға мүмкіндік берді. Ұлттық компанияның ұжымына және «ҚазМұнайГаз»-дың барша мұнайшыларына бірлесіп жасаған жұмысымыз үшін алғысымды білдіремін, – деді Жақып Марабаев.

Жақып Марабаев мұнайшы әулетінен шыққан. Қырық жылдан астам мұнай-газ саласының жауапты лауазымдарында еңбек етті. Әр жылдары «ҚазақстанКаспийШельф» АҚ бас директоры, «ҚазақОйл» ҰК ЖАҚ вице-президенті, «ҚазТрансОйл» АҚ вице-президенті, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры, North Caspian Operating Company басқарушы директорының орынбасары қызметтерін атқарды.