ҚМГ жаңалықтары

11.10.2021

«ҚазМұнайГаз» бен Chevron Теңіз кен орнындағы Болашақ кеңейту жобасын жүзеге асыру мәселелерін талқылады

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев Chevron корпорациясының өндіріс жөніндегі вице-президенті Джеймс Джонсонмен кездесу өткізді.

Тараптар екі жақты әріптестік мәселелерін, соның ішінде Теңіз кен орнындағы Болашақ кеңейту жобасын жүзеге асыру барысын талқылады.

«Пандемия белең алғалы бері шетелге алғаш рет шығып отырмын. Бірінші кезекте неліктен Қазақстанға бет бұрғаным түсінікті шығар. Біз үшін Қазақстанның орны бөлек. Бұл сөзім инвестициялау мәселесіне де қатысты. Сондықтан сіздермен жүздесіп, әріптестігімізді нығайту мәселелерін талқылау мүмкіндігіне ие болғанымызды жоғары бағалаймыз», – деді Джеймс Джонсон.

Оның айтуынша, Болашақ кеңейті жобасы Chevron компаниясы басшылығының жіті назарында.

«Біз өз тарапымыздан жобаны бекітілген бюджет шеңберінде және жұмыс кестесіне сәйкес аяқтау үшін қолдан келгеннің бәрін істеп жатырмыз», – деп атап өтті Chevron компаниясының вице-президенті.

«ҚазМұнайГаз» компаниясы да мұнай-газ саласындағы ұлттық оператор ретінде Болашақ кеңейті жобасына ерекше көңіл бөледі. Әрине, коронавирус пандемиясы өз әсерін тигізбей қоймады. Дегенмен, жобаның бюджеті бекітілген шектен асып кетпегені бізді қуантпай қоймады. «Теңізшевройл» компаниясының пандемия кезіндегі үйлесімді жұмысын атап өткіп», – деді Алик Айдарбаев.

Бұған қоса, кездесу барысында А.Айдарбаев пен Д.Джонсон мұнай-газ химиясы саласындағы өзара ықпалдастықтың әлеуетін талқылады.