ҚМГ жаңалықтары

05.04.2021

«ҚазМұнайГаздағы» Геолог күні

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев компания қызметкерлерін Геолог күнімен құттықтап, алғыс хаттарды табыстады.

Қазақстанда Геолог күні жыл сайын сәуірдің бірінші жексенбісінде аталып өтеді.

«ҚазМұнайГаз» республикадағы жетекші мұнай-газ компанияларының бірі. Ұлттық компанияға бірқатар ауқымды міндеттер жүктелген, соның ішінде ресурстық базаны кеңейту және мұнай мен газ өндірудің экономикалық тиімділігін арттыру. ҚМГ портфелі негізінен көнерген кен орындарынан тұрады. Демек бұл геологиялық барлау жұмыстарының өзектілігі мен маңыздылығын арттыра түседі. Біздің геологтардың кәсіби майталмандығы мен қажырлы еңбегі «ҚазМұнайГазға» барлық міндеттерді әрі қарай орындауға септігін тигізе беретініне сенімдімін», – деп атап өтті А. Айдарбаев.

Сөзін қорыта келе, Басқарма төрағасы әріптестеріне мықты денсаулық, ырыс-береке, толағай табыс тіледі.