Ішкі аудит қызметі

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның Ішкі аудит қызметі (бұдан әрі – Қызмет) Қоғамның Директорлар кеңесінің 2006 жылғы 2 қазандағы шешіміне (№10 хаттама) сәйкес құрылды.

Қызмет Директорлар кеңесіне тікелей бағынатын және есеп беретін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның бірыңғай орталықтандырылған органы болып табылады. Қызмет ҚМГ-ның және ҚМГ компаниялар тобына қарасты өзге де ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметін бақылайды, ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару саласын бағалайды, корпоративтік басқару саласындағы құжаттардың орындалуына бағалау жүргізеді,  ҚМГ-ның және ҚМГ компаниялар тобынының қызметін жетілдіру мақсатында консультациялар береді.

Құрылымдық бөлімше қызметінің негізгі мақсаты – тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару процестерін жетілдіруге жүйелі тәсілдерді енгізу арқылы ҚМГ Директорлар кеңесіне ҚМГ-ны және ҚМГ компаниялар тобын тиімді басқаруын қамтамасыз етуге арналған тәуелсіз әрі объективті ақпарат беру.

2017 жылғы 1 сәуірден бастап ҚМГ Директорлар кеңесінің шешімімен Серікбаев Марат Жарасұлы Қызмет басшысы болып тағайындалды.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

Туған күні: 1980 жылғы 6 қараша

Білімі: Қызылорда мемлекеттік университетін «Мұнай-газ өнеркәсібіндегі экоминист» мамандығы бойынша, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек өтілі: 2001-2005 жылдар аралығында «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз» мұнай компаниясында түрлі қызметтерде жұмыс істеді.

2006-2008 жылдары Delloite және PricewaterhouseCoopers халықаралық компанияларында аудит, консалтинг, корпоративтік басқару және тәуекелдерді басқару саласында еңбек етті.

2008 жылдан бастап 2017 жылдың наурыз айына дейін «Қазақтелеком» АҚ Ішкі аудит қызметінің басшысы лауазымын атқара жүріп, Standart&Poor`s, KPMG, PWC компанияларынан корпоративтік басқару саласы бойынша жоғары баға алды, сондай-ақ Ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарына толық сәйкестігі туралы Сертификатқа ие болды.

2017 жылдың 1 сәуірінен бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі аудит қызметінің басшысы.

Байланыс ақпараты: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Д.Қонаев көшесі, 8, «Зүбәржат орамы» әкімшілік ғимараты, «Б» блогы

Тел: +7 (7172) 78 61 96

Эл.пошта: m.serikbayev@kmg.kz