Мүшелері: Холланд Филип Малкольм (комитет төрағасы, тәуелсіз директор), Уолтон Кристофер Джон (Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор), Эспина Энтони («Самұрық-Қазына» АҚ өкілі).
Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитет Директорлар кеңесіне жоғары лауазымдарға тағайындауға және сыйақыға қатысты жалпы саясат бойынша ұсынымдар береді. Комитеттің жұмысы мен ұсынымдары Директорлар кеңесінің және Басқарманың сабақтастығын жоспарлау және Басқарма мүшелері, Корпоративтік хатшы мен жоғары лауазымдардағы басқа қызметкерлердің қызметін үздіксіз әрі әділ қадағалауды қамтамасыз ету үшін негіз болып табылады. Сонымен бірге оның міндеттеріне тиімді кадрлық саясатты, еңбекақы және сыйақы төлеу жүйесін, әлеуметтік қолдау, Компанияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерін кәсіби дамытуды және оқытуды қамтамасыз ету кіреді.
Мүшелері: Холланд Филип Малкольм (комитет төрағасы, тәуелсіз директор), Уолтон Кристофер Джон (Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор), Миллер Тимоти Глен (тәуелсіз директор), Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы («Самұрық-Қазына» АҚ өкілі), Энтони Эспина («Самұрық-Қазына» АҚ өкілі).
Стратегия және портфельді басқару жөніндегі комитет Директорлар кеңесіне Компанияның инвестициялық саясаты және даму стратегиясы бойынша ұсынымдарды әзірлеу үшін жауапты. Комитет құзыретінің аясына Компанияның инвестицияфлық тартымдылығын, оның ішінде корпоративтік басқаруды жетілдіру арқылы арттыру, Компанияда қаржы-шаруашылық қызметті жоспарлау және инновацияларды енгізу бойынша ұсынымдар кіреді.
Мүшелері: Уолтон Кристофер Джон (комитет төрағасы, Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор), Холланд Филип Малкольм (тәуелсіз директор), Миллер Тимоти Глен (тәуелсіз директор).
Аудит жөніндегі комитеттің рөлі ішкі және сыртқы [қаржылық] аудитке қатысты, қаржылық есептілік және тәуекелдерді басқаруға қатысты мәселелерді қарастыруда және кез келген туындайтын мәселелер бойынша шешім қабылдау қажет болған жағдайда Директорлар кеңесіне ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
Мүшелері: Миллер Тимоти Глен (комитет төрағасы, тәуелсіз директор), Уолтон Кристофер Джон (Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор), Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы («Самұрық-Қазына» АҚ өкілі).
Еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму жөніндегі комитет Директорлар кеңесіне еңбек қауіпсіздігін, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету; орнықты даму қағидаттарын ҚМГ стратегиялық жоспарлау және әлеуметтік-экономикалық дамуына енгізу; жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың шеңберінде ҚМГ әлеуметтік міндеттемелері мен бағдарламалары; ҚМГ экологиялық тиімділігін қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар береді.