Қазақстан-Қытай мұнайқұбыры
«Қазақстан-Қытай» мұнай құбыры мұнай тасымалдаудың экспорттық бағыттарының бірі болып табылады, ол Батыс Қазақстанның кен орындарынан Қытайдың перспективті рыноктарына көмірсутек шикізатын жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етті.
2006 жылы өткізу қабілеті жылына 10 млн. тонна «Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры пайдалануға енгізілді. 2009 жылы өткізу қабілеті жылына 10 млн. тонна «Кеңқияқ-Құмкөл» мұнай құбырының құрылысы аяқталды.
Қазіргі уақытта «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде, соның шеңберінде Атыраудан бастап Алашанькоуға дейінгі барлық учаскелер бойынша оның қуатын сұраныстың, экспорттық қуаттың және ішкі рынок талаптарының өсуіне қарай жылына 20 млн. тоннаға дейін кезең-кезеңмен өсіру жобаланып отыр және оған келесі іс-шаралар кіреді:
- «Атасу-Алашанькоу» мұнай құбырының өткізу қабілетін жылына 20 млн. тоннаға дейін өсіру – 2013 жылғы желтоқсанда аяқталды;
- Реверс және «Кеңқияқ -Атырау» мұнай құбырының өткізу қабілетін жылына 12 млн. тоннаға дейін өсіру;
- «Кеңқияқ -Құмкөл» мұнай құбырының өткізу қабілетін жылына 20 млн. тоннаға дейін өсіру;
- «Құмкөл - Атасу» мұнай құбырының учаскесін қайта құру және кеңейту.
2016 жылдың қорытындылары бойынша Қытай бағытында «Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры бойынша мұнай тасымалдау 10,1 млн. тоннаны құрады.
«Кенқияқ-Атырау» мұнай құбыры реверсінің жобасы
2018 жылдың ортасында «Кенқияқ-Атырау» мұнай құбыры учаскесінің өткізу қабілетін реверстік бағытта жылына 6 млн. тоннаға дейін ұлғайту бойынша «МұнайТас» ЖШС жобасын іске асыру мақұлданды. Жоба «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырының одан әрі дамуы болып табылады.
Жобаны іске асыру ҚР мұнай өңдеу зауыттарының батысқазақстандық мұнайды тиеуін қамтамасыз етуге және ақтөбелік және құмкөлдік мұнай өндіруді азайту нәтижесін жоюға, сондай-ақ ҚХР-ға мұнай экспортын ұлғайтуға мүмкіндік береді.