Екі кезеңдік ашық конкурс тәсілімен
«Еуро-Азия Эйр» авиакомпаниясы»
акционерлік қоғамының 100% акцияларын сату бойынша
САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қабанбай батыр д-лы, 19-үй мекенжайындағы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Сатушы», «Меншік иесі», «ҚМГ» немесе «Сауда-саттықты ұйымдастырушы») осымен «Еуро-Азия Эйр» авиакомпаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Компания», «Қоғам» немесе «Актив») 100% акцияларын (бұдан әрі – «Акциялар») сату бойынша екі кезеңдік ашық конкурс (бұдан әрі – «Сауда-саттық» немесе «Конкурс») өткізетіні туралы хабарлайды.
Акцияларды сату «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) кемінде елу проценті «Самұрық-Қазына» АҚ-қа меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың активтер мен объектілерді сатуының бірыңғай қағидасына (2014 жылғы 28 мамырдағы №110 хаттама, бұдан әрі – «Қағида») сәйкес жүзеге асырылады.