Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін
«Satti» өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғысы

«Satti» өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғысы
Орналасқан жері
Іске асыру мерзімдері
2019-2021 жылдар
Қатысушылар
«KMG Drilling & Services» ЖШС
Ағымдағы жағдайы
Жоба жүзеге асырылды.
Негізгі көрсеткіштер
  • 6000
    бұрғылау тереңдігі, м
  • 63
    инвестиция, млн АҚШ доллары
  • 30
    модификациялау кезеңінде 30 жаңа жұмыс орны
  • 35
    пайдалану кезеңінде 35 жаңа жұмыс орны
Қазақстандағы жалғыз «Satti» өздігінен көтерілетін қалқымалы бұрғылау қондырғысының иесі – «KMG Drilling & Services» ЖШС.
«Satti» - Keppel FELS компаниясы жобалаған жоғары технологиялық бұрғылау қондырғысы. 5-тен 80 метрге дейінгі тереңдікте жұмыс жүргізуге арналған. Бұрғылау тереңдігі 6000 м-ден асады.
2021 жылы қалқымалы бұрғылау қондырғысының модификациясы сәтті аяқталып, 2022 жылы Әзірбайжан Республикасындағы BP компаниясының Shallow Water Absheron Peninsula жобасында үш ұңғыма бұрғыланды.
Қалқымалы бұрғылау қондырғысының жабдығы Nov, ABB, Viking және т.б. өндірушілерімен сертификатталған және API (American Petroleum Institute) барлық талаптарына сай келеді.
Қалқымалы бұрғылау қондырғысының өндірістік персоналы халықаралық стандарттар бойынша оқудан өткен және сертификат алған.
Жобаның мақсаттары:
   - Бұрғылау қуаттарын құру және дамыту арқылы теңіздегі мұнай-газ операцияларын қолдау.
   - Каспийде теңіз бұрғылау операциялары көлемін ұлғайту.

ӨКБҚ-ны модификациялау жұмыстарын жүргізу және Каспий теңізінің Әзірбайжан секторында ВР жобасында операциялық қызметті бастау халықаралық мұнай операторларының талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ бұрғылау қызметтері нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыруға мүмкіндік берді.
Баспасөз-релиздер
Барлық жаналықтар