Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін
Бутадиен мен оның туындыларының өндірісі

Бутадиен мен оның туындыларының өндірісі
Орналасқан жері
Атырау
Іске асыру мерзімдері
2021-2026 жылдар
Қатысушылар
«Татнефть» КАҚ (75%), «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (25%)
Ағымдағы жағдайы
Бутадиен жобасы бойынша негізгі мәселе шешілді - ҚМГ, ТШО, Татнефть пен «Бутадиен» ЖШС арасында шикізат шартының жобасы келісілді. Сондай-ақ шикізат шарты ТШО акционерлері: Chevron, Лукойл, ҚМГ мақұлдауын алды, Exxon-дан мақұлдау күтілуде. ҚР Үкіметінің шикізат жөніндегі қаулысын шығару мәселесі жұмыс үстінде, ЭМ, Қаржымині, ҰЭМ, ИИДМ мен Атырау облысының әкімдігінде келісілді, Әділетмині, Экология министрлігінде қаралуда. Шикізат мәселесін шешуге байланысты Бутадиен жобасы іске асырудың белсенді кезеңіне өтті, атап айтқанда: ерте жұмыстар үшін «Бутадиен» ЖШС ұйымдық құрылымы мен бюджеті бекітілді; жобаның аумағында іздестіру жұмыстары жүргізіледі; ТКП алу және кейіннен келісімшарттар жасасу бөлігінде технологиялар лицензиарларымен жұмыстар жүргізіледі; жобаның конфигурациясының өзгеруіне байланысты ҚМГ мен Татнефть арасындағы бірлескен қызмет туралы келісімге өзгерістер енгізіледі. Lummus, Versalis (Eni) және ETIC сияқты жетекші әлемдік технологиялар лицензиарларымен келіссөздер жүргізілуде.
Негізгі көрсеткіштер
  • 83
    каучук, т/г мың
  • 130
    изобутан, т/г мың
  • 964
    инвестиция, млн АҚШ доллары
  • 777
    құрылыс кезеңінде 777 жаңа жұмыс орны
  • 2200
    пайдалану кезеңінде 2200 жаңа жұмыс орны
«Бутадиен» ЖШС «Бутадиен және оның туындыларын өндіру» инвестициялық жобасының операторы болып табылады.

Жоба ішкі және экспорттық нарықтарда өнімді кейіннен өткізу үшін бастапқы шикізат ретінде Теңіз кен орнының қолда бар газ ресурстарын пайдалана отырып, синтетикалық каучуктер мен изобутан өндіру мақсатында іске асырылады.

Жобаның конфигурациясы синтетикалық каучуктар және мұнай-газ химиясының басқа да өнімдерін өндіруге жіберілетін изобутан мен н-бутанға бөлу үшін «Теңізшевройл» ЖШС Бутан қоспасын өңдеу қондырғыларын салуды көздейді:

   - стирол-бутадиен-стирол - жылына 38 мың тоннаға дейін;

   - дивинил-стирол-синтетикалық каучук - жылына 45 мың тоннаға дейін;

   - изобутан-изобутилен фракциясы - жылына 130 мың тоннаға дейін;
   - метил-трет-бутил эфирі - жылына 57 мың тоннаға дейін;
   - бутадиен – жылына 66 мың тоннаға дейін.

Жоба үшін шикізат «Теңіз» кен орнынан жылына 380 мың тонна көлемінде жеткізу жоспарланып отырған бутандар қоспасы болып табылады.

Баспасөз-релиздер
Барлық жаналықтар