
ҚМГ ДК-ға алғашқы сайланған күні: "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры " АҚ Басқармасының 18.02.2016 шешімі, №06/16 хаттама
ҚМГ ДК-ға ағымдағы сайланған күні: "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Басқармасының 17.08.2020 шешімі, №30/20 хаттама.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған күні: 14.10.1947
Туған жері: ҚазКСР; Атырау облысы; Ембі ауданы; Қосшағыл кенті
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
- И. М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институты (1970) Мұнай және газ кен орындарын игеру технологиясы және кешенді механикаландыру, тау-кен инженері
- И. М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтының аспирантурасы (1973)
- Техника ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: "Ұңғымаларды бұрғылау кезінде сазды жыныстардың орнықтылығын сақтау үшін жабысқақ кольматантпен минералданған ерітінділерді әзірлеу" (Уфа мұнай институты, 1985)
- "Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау" кафедрасының академиялық профессоры (Атырау Мұнай және газ институты, 2001)
- Қазақ ұлттық техникалық университетінің құрметті профессоры (2004)
- Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының "Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау" мамандығы бойынша академигі (2004)
- Техника ғылымдарының докторы, диссертация тақырыбы: "Бұрғылау жұмыстарының қауіпсіздігін арттырудың теориялық негіздері және теңіз мұнай-газ кен орындарын игерудің табиғатты қорғау технологияларын әзірлеу" (2010)
Еңбек өтілі:
- "Қазмұнайгазбарлау" басқармасының Оңтүстік Ембі мұнай-газ барлау экспедициясының бұрғылау жөніндегі инженер-технологы (Атырау облысы) (1973-1974);
- Қазақ ғылыми-зерттеу геологиялық-барлау мұнай институтының бұрғылау, жуу сұйықтықтары технологиясы зертханаларының меңгерушісі (Атырау облысы) (1974-1981);
- Қазақ ғылыми-зерттеу геологиялық-барлау мұнай институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары (Атырау облысы) (1981-1988);
- "Каспийгеологиямаңы" бас аумақтық басқармасының техникалық прогресті дамыту және терең бұрғылау басқармасының бастығы (Орал қ.) (1988-1990);
- В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты Гурьев филиалының кафедра меңгерушісі (Атырау қ.) (1990);
- Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті Аппаратының өнеркәсіп бөлімінің аға референті (Алматы қ.) (1991-1992);
- Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлігі Мұнай және газ бас басқармасының бастығы (Алматы қ.) (1992-1994);
- Қазақстан Республикасы Энергетика және отын ресурстары министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсібі министрінің орынбасары (Алматы қ.) (1994-07. 1995);
- "Agip" мұнай компаниясының тағылымгері, Италия (07.1995-11.1997);
- "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясының корпоративтік даму жөніндегі вице-президенті, перспективалық даму жөніндегі директоры, перспективалық даму жөніндегі вице-президенті, бірінші вице-президенті (Алматы қ.) (11.1997-02.2000);
- "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" ЖАҚ президентінің міндетін атқарушы (08.1999-10.1999);
- "ҚазТрансГаз" ЖАҚ президенті (Астана қ.) (02.2000-01.2001);
- Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі (Астана қ.) (01.2001-03.2003);
- "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ президенті (03.2003-29.05.2008);
- "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ президенті (07.2008);
- "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ бас директоры (07.2008-11.2009);
- "Қазақстан мұнай және газ институты" АҚ бас директоры (01.2010-07.2013);
- Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі (03.07.2013-06.08.2014; 04.04.2014 бастап қайта тағайындалды);
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бірінші орынбасары (13.08.2014-19.01.2016)
Басқа лауазымдар:
- "ҚазТрансОйл" ЖАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (2001-2002);
- "Мұнай және газ тасымалдау" ҰК" ЖАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (05.2001-02.2002);
- "ҚазМұнайГаз" ҰК" ЖАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (02.2002-03.2003);
- Қазақстандық қамту бойынша "KazEnergy" қауымдастығы үйлестіру кеңесінің төрағасы (12.2006ж. бастап);
- "ҚазРосГаз" ЖШС байқау кеңесінің мүшесі (12.2006ж. бастап);
- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің мүшесі (09.2007-11.2008);
- "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (28.11.2006-09.2008);
- Қазақстан Республикасы Әуесқой бокс федерациясының президенті (2004-2009);
- "KazEnergy" қауымдастығы төрағасының орынбасары;
- Атырау Мұнай және газ университетінің Қамқоршылық қорының төрағасы;
- "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (02.2016ж. бастап);
- "ҚМГИ" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (тәуелсіз директор).
Партияға қатыстылығы:
- "Нұр Отан" ХДП мүшесі
Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары:
- Ордендер: 3-ші дәрежелі "Барыс" (2005), "Құрмет" (2000), "Ресей экономикасының көшбасшысы" (2005);
- "КСРО жер қойнауын барлаудың үздігі" белгісі (1988);
- "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" (2005), "Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл (2006) мерейтойлық медальдары;
- "Қазақстан Республикасының жер қойнауының құрметті барлаушысы" атағы (2003);
- "Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері" медалі (2007);
- "Kazenergy" Еуразиялық энергетикалық форумы шеңберіндегі "Жыл тұлғасы" атағы және "Алтын Прометей" сыйлығы (09.2009);
- "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы (2011);
- "Отан" ордені (2011)
Ғылыми, әдеби еңбектер, жарияланымдар:
- 70-тен астам жарияланымның, мақалалардың, кітаптардың және 11 өнертабыстың авторы