Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ 2022 жылдың өндірістік нәтижелері

28.02.2023

Астана, 28 ақпан 2023 жыл – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ», «Компания»), Қазақстанның вертикалды интеграцияланған ұлттық мұнай-газ компаниясы, 2022 жылдың өндірістік нәтижелерін жариялайды.

ҚМГ Басқарма Төрағасы Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев:

"2022 жыл Компания үшін жағымды әрі елеулі оқиғаларға толы болды. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдау мен өңдеуге дейінгі барлық бизнес бағыттары бойынша өндірістік көрсеткіштердің оң динамикасына қол жеткізе алды.

Компания өз акцияларының бастапқы жария ұсынысын табысты жүзеге асырды. Бұл KASE және AIX қазақстандық қор биржаларындағы ең ірі IPO болды. 2022 жылғы 8 желтоқсанда биржаларда ҚМГ акцияларының қайталама сауда-саттығы басталды. Қор биржаларындағы листинг Компанияның корпоративтік дамуының жаңа кезеңіне жол ашты.

«Самұрық-Қазына» АҚ-тан 3,8 млрд АҚШ долларына бағаланған Қашаған жобасындағы 8,44% үлесін сатып алу маңызды стратегиялық оқиғалардың бірі болды. Бұл – ҚМГ-нің соңғы жылдардағы ең ірі мәмілесі. Қашаған жобасындағы үлесін 16,88%-ға ұлғайту нәтижесінде ұлттық компанияның шоғырландырған мұнай өндіру мен EBITDA, таза пайда көрсеткіштері жақсаратын болады.

Тағы бір маңызды оқиғалардың бірі – «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС-нің ең ірі біріккен газ-химия кешенінің іске қосылуы. ҚМГ өткен жылы аталмыш кәсіпорынның 49,5% мөлшеріндегі үлесін сатып алды. Бұл жоба жылына 500 мың тонна полипропилен өндіруге қауқарлы. 2022 жылдың соңында жаңа зауыт өнімі экспортқа жөнелтілді.

Компанияның тұрақты даму саласындағы қызметі бойынша есепті жылы біз әлеуметтік экономикалық бастамаларды жүзеге асыру және көміртегі ізін азайту бағытындағы жұмыстарды жүйелі атқардық. Total Eren S.A, Шеврон, Eni және басқа да ірі халықаралық серіктестерімізбен осы бағыттағы ынтымақтастығымыз жалғасын табуда".

2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылдың басты өндірістік көрсеткіштері:

  • Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 1,7%-ға артып, 22 012 мың тоннаға жетті;

  • Мұнай тасымалдау көлемі 0,1%-ға ұлғайып, 74 658 мың тонна болды;

  • Қазақстандық және румындық мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын (КСШ) өңдеу көлемі 5,7%-ға артып, 19 900 мың тоннаға жетті.

2022

(ҚМГ үлесіне)

2021

(ҚМГ үлесіне)

%

PRMS бойынша 2P қорлары, млн тонна м.э.

707

645

+9,8%

Мұнай өндіру, мың тонна

22 012

21 651

+1,7%

Газ өндіру, млн м³

8 241

8 081

+2,0%

Мұнай тасымалдау, мың тонна

74 658

74 565

+0,1%

Мұнай өңдеу, мың тонна

19 900

18 833

+5,7%

Өндірістік көрсеткіштер, егер өзгеше көрсетілмесе, бірлескен және қауымдастырылған компаниялардағы ҚМГ-нің иелік ету үлесіне және шоғырландырылатын еншілес ұйымдар үшін көрсеткіштердің 100% сәйкес көрсетілген.

Көмірсутек шикізатының қорлары

DeGolyer&MacNaughton халықаралық тәуелсіз компаниясы жүргізген, PRMS халықаралық стандарттарына сай дайындалған аудит бойынша ҚМГ-нің дәлелденген және ықтимал қорлары (2P) 2022 жылдың 31 желтоқсанында 707 млн тонна м.э. (5 478 млн баррель м.э.) құрады. 2021 жылмен салыстырғанда 2Р қорларының деңгейі 9,8%-ға өсті. Бұл көрсеткіш Компанияның Қашаған жобасындағы үлесінің 8,44%-дан 16,88%-ға дейін артуы, Қаламқас және басқа да кен орындарда көмірсутек шикізаты қорын қайта есептеу, сондай-ақ мұнай бағасының өсуі есебінен жақсарды.

PRMS бойынша таза қорлар (2022 жылдың 31 желтоқсандағы жағдай бойынша) 

Қор санаты, млн тонна м.э.

2022

(ҚМГ үлесіне)

2021

(ҚМГ үлесіне)

%

Дәлелденген (1P)

486

477

+1,9%

Дәлелденген және ықтимал(2P)

707

645

+9,8%

Дәлелденген, ықтимал және болжамды (3P)

816

761

+7,1%

Қор санаты, млн баррель м.э.

2022

(ҚМГ үлесіне)

2021

(ҚМГ үлесіне)

%

Дәлелденген (1P)

3 775

3 694

+2,2%

Дәлелденген және ықтимал(2P)

5 478

4 983

+9,9%

Дәлелденген, ықтимал және болжамды (3P)

6 294

5 869

+7,2%

Көмірсутек шикізатын өндіру

ҚМГ-нің мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы 1,7%-ға өсіп, 22 011 мың тоннаға жетті (тәулігіне 456 мың баррель). Ілеспе және табиғи газды өндіру көлемі (кері айдау көлеміне дейін) 2,0%-ға, яғни 8 241 млн м³ дейін ұлғайды.

Мұнай және конденсат өндіру, мың тонна

2022

(ҚМГ үлесіне)

2021

(ҚМГ үлесіне)

%

Өзенмұнайгаз

5 096

5 332

-4,4%

Маңғыстаумұнайгаз

3 049

2 944

+3,6%

Ембімұнайгаз

2 581

2 522

+2,3%

Теңіз

5 836

5 311

+9,9%

Қашаған1

1 402

1 344

+4,2%

Қарашығанак

1 013

1 034

-2,0%

Басқалары

3 036

3 163

-4,1%

Барлығы

22 012

21 651

+1,7%

1 2022 жылдың 15 қыркүйегінен кейін ҚМГ-нің жобадағы үлесі – 16,88%

Теңіз кен орнында мұнай өндіру 9,9%-ға өсіп, 5 836 мың тонна (тәулігіне 128 мың баррель) болды. Ілеспе газ өндіру көлемі 9,3%-ға артып, 3 229 млн м³ жетті. Өндірістің ұлғаюы 2021 жылы ОПЕК+ келісімі бойынша шектеулердің алынып тасталуына және 2022 жылы шектеулердің болмауына байланысты болды.

Қашағандағы жалпы мұнай өндіру 21,9%-ға төмендеп, 12 682 мың тонна болды. Бұған есепті жылдың ортасында теңіз бен құрлықтағы кешендерде жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ тамыз айында Газды алдын ала іріктеу қондырғысында («слаг-кетчер») газдың ағуына байланысты жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі әсер етті. Бұл ретте «Самұрық-Қазына» АҚ-тан жобадағы үлесін қайта сатып алу жөніндегі мәміленің табысты аяқталуының арқасында 2022 жылдың 15 қыркүйегінен бастап Қашағандағы ҚМГ үлесінің 8,44%-дан 16,88%-ға өсуіне байланысты ҚМГ үлесіне мұнай өндіру көлемі 4,3%-ға 1 402 мың тоннаға дейін (тәулігіне 34 мың баррель), ал шикі газ өндіру 7,3%-ға 877 млн м³ жетті.

Қарашығанақта мұнай мен конденсат өндіру көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,0%-ға төмендеп, 1 013 мың тонна (тәулігіне 22 мың баррель) болды. Бұған Орынбор мұнай өңдеу зауытының технологиялық қондырғыларында жоспарлы-алдын ала жөндеу жұмыстарының ұзартылуына байланысты өңдеуге шикі газ қабылдауы көлемінің азаюы себеп болды. Газ өндіру 2,4%-ға артып, 1 944 млн м³ құрады. Газ өндірісінің өсуі негізінен Қарашығанақ өңдеу кешенінде №2-ші газды кешенді дайындау қондырғысында шикі газды кері айдаудың ұлғаюына, 4-ші компрессордың іске қосылуына және газды өңдеу көлемінің ұлғаюына байланысты болды.

Операциялық активтердегі мұнай мен конденсат өндіру көлемі 1,4%-ға, яғни 13 761 мың тоннаға (тәулігіне 273 мың баррель) дейін азайды. Мұнай мен конденсат өндіру көлемінің азаюы «Өзенмұнайгаз» өндірістік объектілерінде қызмет көрсететін коммуналдық кәсіпорынның электр энергиясын авария жағдайында ажыратуына, сондай-ақ кейбір ескі кен орындарында өндіру деңгейінің табиғи төмендеуіне байланысты болды. Бұл ретте операциялық активтерде мұнай өндірудің төмендеуі «Ембімұнайгаз» өндірісін 2,3%-ға және «Маңғыстаумұнайгаз» өндірісін 3,6%-ға ұлғайту арқылы ішінара реттелді. Газ өндіру көлемі 2 190 млн м³ дейін төмендеді. Бұған 2021 жылы қарашада құрамына «Амангелді Газ» газ өндіру активі кіретін «QazaqGaz» АҚ-тың («ҚазТрансГаз» ҰК АҚ) «Самұрық-Қазына» АҚ-қа берілуі себеп болды.

Мұнай тасымалдау

Мұнайды магистраль және теңіз арқылы тасымалдаудың жалпы көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 0,1 %-ға, яғни 74 658 мың тоннаға дейін ұлғайды.

Мұнай тасымалдау1, мың тонна

2022

(100%)

2022

(ҚМГ үлесіне)

2021

(ҚМГ үлесіне)

%

ҚазТрансОйл

40 656

40 656

41 224

-1,4%

Қазақстан-Қытай Құбыры

19 235

9 618

8 706

+10,5%

МұнайТас2

5 606

2 859

2 179

+31,2%

Каспий Құбыр желісі Консорциумы

58 711

12 183

12 601

-3,3%

Қазақтеңізкөлікфлоты

9 343

9 343

9 855

-5,2%

Барлығы

-

74 658

74 565

+0,1%

1 Мұнай көлемінің бір бөлігін екі немесе үш құбыр компаниясы тасымалдай алады және тиісінше бұл көлемдер мұнай тасымалдаудың шоғырландырылған көлемінде бір реттен артық есептеледі.

2 МұнайТас үлестік әдіспен шоғырландырылатын бірлескен кәсіпорын, осыған байланысты тасымалдау көлемі 51% иелену үлесіне сәйкес көрсетілген.

Мұнайды магистраль құбырлары арқылы тасымалдау көлемі 0,9%-ға ұлғайып, 65 316 мың тоннаға жетті. Ішкі нарықта мұнай өнімдерінің қажетті көлемін өндіру үшін құбырлар бойынша мұнай көлемінің өзгергені, атап айтқанда қазақстандық МӨЗ бағытында тасымалданған көлемнің артқаны байқалады. Бұл ретте экспортқа шығатын мұнай тасымалының көлемі ескі кен орындарда мұнай өндірудің табиғи төмендеуі салдарынан, сондай-ақ жүк жөнелтушілердің мұнайды ішкі нарыққа үлестірілуіне және Қашағанда жүргізілген жөндеу жұмыстарының салдарынан өндіру көлемінің азаюына байланысты төмендеді. Есепті жылдың қорытындысы бойынша Каспий Құбыр желісі консорциумы (КҚК) арқылы тасымалдау көлемінің 3,3%-ға төмендегінін атап өткен жөн. Бұған негізінен Қашағанда және КҚК өзінде теңіз терминалының жылжымалы айлақ құрылғыларында жүргізілген жөндеу жұмыстары себеп болды. Қазіргі кезде КҚК қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Мұнайды теңіз арқылы тасымалдаудың жалпы көлемі 5,2%-ға, яғни 9 343 мың тоннаға дейін азайды. Бұл негізінен ішкі нарыққа жеткізілімдердің ұлғаюы нәтижесінде қазақстандық жүк жөнелтушілердің экспорт көлемін азайтуына байланысты Жерорта теңізіндегі мұнай көлемінің төмендеуі есебінен болды.

Көмірсутек шикізатын сату

ҚМГ өндірген мұнай мен газ конденсатын сату көлемі 2,1%-ға ұлғайып, 22 126 мың тоннаға жетті, оның 62,0%-ы экспортқа шығарылды.

Компания өндірген мұнай мен газ конденсатын ішкі нарыққа жеткізу көлемі 8 415 мың тоннаны құрады, оның ішінде операциялық активтердің (Өзенмұнайгаз, Ембімұнайгаз, Қазақтүрікмұнай және Өріктау Оперейтинг) өңдеу және сату үшін Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ), Шымкент мұнай өңдеу зауытына (ПҚОП) және Павлодар мұнай-химия зауыты (ПМХЗ) жеткізілген 4 907 мың тонна шикі мұнайы бар.

Көмірсутек шикізатын өңдеу

Көмірсутек шикізатын өңдеу, мың тонна

2022 ж 12 айы

 (ҚМГ үлесіне)

2021 ж 12 айы

 (ҚМГ үлесіне)

%

АМӨЗ  

5 224

5 473

-4,6%

ПМХЗ

5 480

5 407

+1,4%

ПҚОП1

3 103

2 582

+20,2%

Caspi Bitum1

461

464

-0,7%

Петромидия

5 258

4 586

+14,7%

Вега

373

321

+16,2%

Барлығы

19 900

18 833

+5,7%

[1] ПҚОП және Caspi Bitum өңдеу көлемі 50% үлеске көрсетілген.

КСШ өңдеудің жалпы көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 5,7%-ға ұлғайып, 19 900 мың тоннаға жетті:

  • Қазақстандық МӨЗ-де КСШ өңдеу көлемі 2,5%-ға ұлғайып, 14 269 мың тоннаға (ҚМГ үлесіне) жетті, бұл тәуелсіз Қазақстан тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Өңдеу көлемі ішкі нарықта мұнай өнімдеріне сұраныстың артуына, ПҚОП-тың 2022 жылы тұрақты жұмыс істеуіне және оның жоспарлы алдын ала жөндеу жұмысының 2023 жылға ауысуына байланысты ұлғайды;

  • Румыниядағы KMG International (Петромидия, Вега) зауыттарында өңдеу көлемі 14,8%-ға ұлғайып, 5 631 мың тоннаны құрады. Өңдеу көлемінің ұлғаюы есепті жылы зауыттардың тұрақты жұмыс істеуіне және 2021 жылы Петромидия зауытының дизель отынын гидротазарту қондырғысында болған оқиғадан кейін сияқты іркілістердің болмауына байланысты.

Қазақстандық және румындық зауыттарда мұнай өнімдерін өндіру көлемі 6,8%-ға өсіп, 18 639 мың тоннаға жетті:

  • Қазақстандық МӨЗ 13 218 мың тонна мұнай өнімдерін өндірді, бұл 2021 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда негізінен ПҚОП өндірген көлемнің есебінен 4,1%-ға артық. Ал АМӨЗ-дегі мұнай өнімдерін өндіру көрсеткіші 2022 жылдың қазан айындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарының себебінен 4,5%-ға төмен болды;

  • KMG International (Петромидия, Вега) зауыттары 5 512 мың тонна мұнай өнімдерін өндірді, бұл 2021 жылдың көрсеткіштерінен 14,1%-ға жоғары. Көрсеткіштер Румыниядағы Петромидия зауытында өңдеу көлемінің өсуіне байланысты артты.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>