Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ның 2020 жылғы бірінші тоқсандағы қаржылық нәтижелері

03.06.2020

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ», «Компания»), Қазақстанның тігінен интеграцияланған ұлттық мұнай-газ компаниясы, тәуелсіз аудитордың аралық қаржы ақпаратын ауқымды тексерудің қорытындысы туралы есеппен бірге «Аралық қаржы есептілігі» 34-ші халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес әзірленген 2020 жылғы бірінші тоқсанның қысқартылған аралық шоғырландырылған қаржылық есептілігін жариялады.

2020 жылғы бірінші тоқсандағы негізгі қаржылық көрсеткіштері[1]:

  • EBITDA[2] көрсеткіші 2019 жылғы бірінші тоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 43,7%-ға төмендеп, 275 млрд теңгені (702 млн АҚШ доллары) құрады;
  • Бос ақша ағыны[3] 26 млрд теңгені (66 млн АҚШ доллары) құрады;
  • 2020 жылғы 31 наурызда Компанияның таза қарызы 6 185 млн АҚШ долларын құрап, 2019 жылдың соңында 6 171 млн АҚШ доллары деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда еш өзгеріссіз қалды деуге болады.

Өлшем бірлігі

2020 ж.1-т.

2019 ж.1-т.

%

Мұнай, Brent dated

$/барр.

50,10

63,13

-20,6%

Орташа бағам

теңге/ АҚШ долл.

391,72

378,04

3,6%

Түсім

млрд теңге

1 376

1 765

-22,0%

Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар пайдасындағы үлесі

млрд теңге

65

219

-70,2%

Таза пайда

млрд теңге

70

309

-77,5%

EBITDA2

млрд теңге

275

488

-43,7%

Бос ақша ағыны3

млрд теңге

26

-46

156,0%

Таза қарыз[4]

млрд теңге

2 769

2 361[5]

17,3%

2020 жылғы бірінші тоқсандағы өндірістік нәтижелер:                   

  • Мұнай мен газ конденсатын өндіру деңгейі 5 929 мың тоннаны құрап, 2019 жылғы бірінші тоқсандағы деңгеймен шамалас болды;
  • Мұнай мен газ тасымалдау сегменті салыстырмалы түрде тұрақты, 18 517 мың тонна мұнай мен 28 320 млн м³ газды құрады;
  • Отандық және румын мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 4,9%-ға азайып, 4 660 мың тоннаны құрады.

2020 ж. 1-тоқс.

2019 ж. 1-тоқс.

%

Мұнай өндіру, мың тонна

5 929

5 939

-0,2%

Газ өндіру, млн м³

2 260

2 173

4,0%

Мұнай тасымалдау, мың тонна

18 517

19 660

-5,8%

Газ тасымалдау, млн м³

28 320

25 881

9,4%

Мұнай өңдеу, мың тонна

4 660

4 901

-4,9%

Егжей-тегжейлі ақпаратты 2020 жылғы бірінші тоқсандағы өндірістік нәтижелердің қорытындысы жөніндегі баспасөз хабарламасынан оқи аласыздар: http://ir.kmg.kz/ru.

2020 жылғы бірінші тоқсандағы қаржылық нәтижелерге шолу

Түсім және басқа да кірістер

2020 жылғы бірінші тоқсандағы түсім 1 376 млрд теңге (3 513 млн. АҚШ долл.) құрады, бұл 2019 жылдың осындай кезеңдегі көрсеткіштен 22,0%-ға төмен. Түсім динамикасына негізінен Брент маркалы мұнайының орташа бағасының 19,7%-ға төмендеуі және KMG International (KMG I) мұнай трейдингі көлемінің азаюы теріс әсер етті, бұл газ экспорты көлемінің ұлғаюымен және теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа айырбас бағамының 3,6% төмендеуімен ішінара өтелді. 2020 жылғы бірінші тоқсандағы KMG I компаниясының мұнай және мұнай өнімдерін сатудан түскен түсімі 236 млрд теңге (602 млн. АҚШ долл.) және 267 млрд теңге (681 млн АҚШ долл.) құрап, 2019 жылғы бірінші тоқсандағы көрсеткіштен тиісінше 44,1% және 30,5%-ға төмен болды. Отандық газды экспортқа сатудан түскен түсім 206 млрд теңгеге (527 млн. АҚШ долл.) дейін 15,3%-ға артты.

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар пайдасындағы үлесі 2020 жылғы бірінші тоқсанда негізінен «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО), «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (ММГ), «Азиялық Газ құбыры» ЖШС (АГҚ), «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» (БШГҚ) және «ҚазРосГаз» ЖШС пайдасындағы үлестің азаюы нәтижесінде 70,2%-ға кеміп, 65 млрд теңгені (167 млн АҚШ долл.) құрады. Брент маркалы мұнайдың орташа бағасы 19,7%-ға құлдырауы нәтижесінде ТШО және ММГ пайдасындағы үлесі есептік кезеңде тиісінше 39,5% және 73,7%-ға төмендеп, 64 млрд теңгені (163 млн АҚШ долл.) және 6 млрд теңгені (16 млн АҚШ долл.) құрады. АГҚ, БШГҚ және ҚазРосГаз пайдасындағы үлесі АҚШ долларына шаққандағы ұлттық валюта – теңгенің 13,7%-ға арзандауы салдарынан бағамдық айырма бойынша шығындарды растау нәтижесінде төмендеді.

Өзіндік құн және өзге де шығыстар

Есепті кезеңде кейіннен өткізу үшін сатып алынатын мұнай, газ және мұнай өнімдерінің өзіндік құны және шикі мұнайды өңдеуге жұмсалған шығындар 2019 жылғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда 30,5%-ға азайып, 741 млрд теңгені (1 893 млн АҚШ долл.) құрады. Осы көрсеткіштің азаюы шикі мұнайды сатып алуға жұмсалған шығынның азаюына және мұнайға бағаның төмендеуіне байланысты болды. Бұл сатып алынатын газ шығындарының өсуімен және АҚШ долларына қатысты теңгенің әлсіреуімен ішінара өтелді. Мұнайды сатып алуға жұмсалған шығын сомасы 407 млрд теңгеге (1 038 млн. АҚШ долл.) дейін 33,8%-ға төмендеді. Өңдеуге арналған мұнай құны 45,5%-ға төмендеп, 123 млрд теңгені (315 млн АҚШ долл.) құрады. «ҚазТрансГаз» АҚ-ның газ сатып алуға жұмсалған шығыны 140 млрд теңгеге (359 млн. АҚШ долл.) дейін 9,4% артты.

Брент маркалы мұнайдың болжамды бағаларына қатысты, АҚШ долларына шаққандағы теңгенің айырбастау бағамы және инфляция көрсеткіштері бойынша ұзақ мерзімді болжалды есептеулерді қайта қарау нәтижесінде ҚМГ 60 млрд теңге (154 млн АҚШ долл.) сомасындағы «Ембімұнайгаз» АҚ активтер бағасының құнсыздануын, сондай-ақ Ural Group Limited және ПетроҚазақстан Инк. бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компанияларға тиісінше 20 млрд теңге (51 млн АҚШ долл.) және 18 млрд теңге (46 млн АҚШ долл.) сомасында салынған инвестициялардың құнсыздануын растады.

2020 жылғы бірінші тоқсанда өндірістік шығындар 2019 жылғы бірінші тоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда шамалы өсіп – 7,1%-ға, 174 млрд теңгені (445 млн АҚШ долл.) құрады.

2020 жылғы бірінші тоқсанда табыс салығынан өзге салықтар 20,5%-ға кеміп, 94 млрд теңге (241 млн АҚШ долл.) құрады. Бұл көрсеткішке негізінен Брент маркалы мұнай бағасының төмендеуі салдарынан ренталық салық және пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша шығынның азаюы әсер етті.

2020 жылғы бірінші тоқсанда қаржылық шығындар 67 млрд теңгені (171 млн АҚШ долл.) құрады, бұл 2019 жылғы осындай кезеңімен салыстырғанда 21,5%-ға кем түсті. Аталған шығындар негізінен ТШО мұнайын аванстау аясындағы міндеттемелердің 2019 жылдың соңында мерзімнен бұрын орындалуына байланысты азайды.

Таза пайда

Есептік кезеңде Компанияның таза табысы 2019 жылғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда 77,5%-ға азайып, 70 млрд теңгені (177 млн АҚШ долл.) құрады. Таза табыстың азаюына Брент маркалы мұнайға орташа бағаның төмендеуі, активтер бағасының құнсыздануын растауы ықпал етті. Бұл табыс салығынан басқа өзіндік құн шығындарының азаюымен және ұлттық валюта теңгенің әлсіреуі нәтижесінде бағамдық айырмадан түскен кіріспен ішінара өтелді.

Салық төлемдері және басқа да міндетті төлемдер 281 млрд теңгені (718 млн АҚШ долл.) құрады, бұл 2019 жылғы осындай кезеңдегі көрсеткіштен 24,3%-ға төмен.

Борыштық жүктеме

2020 жылғы 31 наурызда Компанияның қарызы 2019 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 15,5%-ға ұлғайып, 4 433 млрд теңгені (9 901 млн АҚШ долл.) құрады. 2020 жылғы 31 наурызда кепілдемелік міндеттемелерді қоса алғандағы Компанияның таза қарызы 2019 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 15,2%-ға артып (доллармен есептегенде 1,5%-ға азайды), 4 725 млрд теңгені (10 554 млн АҚШ долл.) құрады. Қарыздың 469 млрд теңгеге дейін өсуіне АҚШ долларындағы облигация мен қарыздарға шетел валютасының айырбастау бағамы ықпалын тигізді. Бұл ретте, 2020 жылғы 31 наурызда доллармен есептегендегі Компанияның жалпы қарызы 2019 жылғы 31 желтоқсандағы 10 030 млн АҚШ доллары деңгейіндегі көрсеткіштен 1,3%-ға азайып, 9 901 млн АҚШ долларын құрады. Сондай-ақ, Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) жаңа өңдеу нысандарын қаржыландыруға The Export-Import Bank of China-дан (Эксим Банк) алынған валюталық қарызды қаржыландыру үшін 2020 жылғы қаңтарда Қазақстан Даму Банкінен 46 млрд теңге (121 млн АҚШ долл.) ұзақ мерзімді қарыз алды және 110 млн АҚШ доллары (42 млрд теңге) сомасына қарызды мерзімнен бұрын ішінара өтеді.

2020 жылғы 31 желтоқсанда шоғырландырылған ақша қаражаты және олардың баламалары, сондай-ақ депозит түріндегі ақша қаражаты 2019 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 12,7%-ға ұлғайып, 1 664 млрд теңгені (3 716 млн АҚШ долл.) құрады. Ақша қаражаты және олардың баламалары теңгенің АҚШ долларына шаққандағы айырбас бағамының 13,7%-ға төмендеуі нәтижесінде ұлғайды. Доллармен есептегенде шоғырландырылған ақша қаражаты мен олардың баламалары 2019 жылғы 31 желтоқсандағы 3 859 млн АҚШ доллары деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 3 716 млн АҚШ долларына дейін шамалы азайды.

Жоғарыда баяндалғанның нәтижесінде, 2020 жылғы 31 наурызда ҚМГ таза қарызы 2 769 млрд теңге (6 185 млн АҚШ долл.) құрады. Бұл теңгемен есептегенде 2019 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткіштен 17,3%-ға жоғары (доллармен есептегенде 0,2%-ға жоғары).

2020 жылғы бірінші тоқсандағы басты оқиғалар:

  • 2020 жылғы 27 наурызда S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі мұнай бағасының төмендеуіне байланысты ҚМГ рейтингісін «тұрақты»-дан «жағымсыз» деп қайта қарады;
  • 2020 жылғы 27 наурызда Fitch халықаралық рейтинг агенттігі КМГ рейтингісін «ВВВ-/Болжам тұрақты» деңгейінде растады;
  • 2020 жылғы сәуір-мамыр айларында ҚТГ 2027 жылы өтелуі тиіс 43,38 млн АҚШ доллары сомасында кепілдікті облигацияларды ішінара сатып алды.

[1] Қолайлы болу үшін сомалар тиісті кезеңдегі орташа айырбас бағамы бойынша АҚШ долларында көрсетілген (2020 және 2019 жылдардың бірінші тоқсанында орташа бағамдары тиісінше 391,72 және 378,04 теңге/АҚШ долларын құрады; кезең соңындағы бағамдар – 2020 ж. 31 наурызда және 2019 ж. 31 желтоқсанда тиісінше 447,67 және 382,59  теңге/АҚШ долларын құрады).

[2] 2019 жылдан бастап Компания Қаржылық кірісті есептен шегере отырып, Earnings before interest, taxes, depreciation and amortization (EBITDA) есептеу тәсілін қайта қарады. ҚМГ-ның 2019 жылғы және кейінгі кезеңдердегі есептерінде Компания EBITDA-ны мынадай әдістеме бойынша есептейді: Сатылған өнім мен көрсетілген қызметтерден түскен кіріс + БК мен қауымдасқан компаниялар пайдасындағы үлесі, нетто – Сатып алынатын мұнай, мұнай өнімдері және басқа да материалдардың өзіндік құны - Өндірістік шығыстар - Жалпы және әкімшілік шығыстар – Тасымалдау және сату бойынша шығыстар – Операциялық салық. Өткен кезеңдердің көрсеткіштері тиісінше қайта саналды.

[3] Компания бұған дейін Каспий Құбыр Консорциумына берілген қарыз бойынша түсімдерді қоса отырып, 2019 жылдан бастап Бос ақша ағынын есептеу тәсілін қайта қарады. Бос ақша ағыны операциялық ақша ағыны (ТШО-ның мұнай жеткізу шарты бойынша таза төлемді шегергенде) мен күрделі шығындар арасындағы айырма + бұрын Каспий Құбыр Консорциумына берілген қарыз бойынша түсімдер түрінде есептеледі. Өткен кезеңдердің көрсеткіштері тиісінше қайта саналды.

[4] 2020 ж. 31 наурыздағы таза қарызға Бейнеу-Шымкент газ құбырының (БШГҚ) синдикатталған қарызы бойынша 290 млрд теңге (648 млн АҚШ долл.) сомасындағы кепілдемелік міндеттемелер, «АстанаГаз ҚМГ» АҚ қарызының 1,9 млрд теңге (4,2 млн АҚШ долл.) сомасындағы кепілдемелік міндеттемелер және 52 млрд теңге (116 млн АҚШ долл.) сомасындағы жалға алу міндеттемелері кірмейді; 2019 ж. 31 желтоқсандағы таза қарызға БШГҚ синдикатталған қарызы бойынша 262 млрд теңге (684 млн АҚШ долл.) сомасындағы кепілдемелік міндеттемелер, «АстанаГаз ҚМГ» АҚ қарызы бойынша 1,9 млрд теңге (4,9 млн АҚШ долл.) сомасындағы кепілдемелік міндеттемелер және 47 млрд теңге (123 млн АҚШ долл.) сомасындағы жалға алу міндеттемелері кірмейді.

[5] 2019 жылғы 31 желтоқсандағы таза қарыз.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>