Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның БАҚ-та жарияланған хабарламаларға қатысты мәлімдемесі  

25.04.2019

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ» немесе «Компания»), көмірсутектерді барлау, өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау бойынша ұлттық компания, соңғы уақытта Компанияның IPO-ға шығу тақырыбына қатысты БАҚ-тағы талқылауларға назар аударады. ҚМГ IPO-ға шығу мүмкіндігін қоса алғанда, Компанияның өсуі мен дамуын қолдау үшін іс-қимылдарды зерттеуді жалғастырып жатқандығын растайды. Алайда мұндай мәмілені өткізу туралы, оның ішінде ықтимал құрылым, мерзімдерді белгілеу және консультанттарды тарту туралы нақты шешім әлі қабылданған жоқ. ҚМГ реттеуші талаптарға сәйкес тиісті тәртіп бойынша қабылданған шешімдер туралы нарықты хабардар етіп отырады.

ҚМГ даму стратегиясын іске асыруға және Компания қызметінің барлық салаларында озық халықаралық тәжірибелерді ықпалдастыруға, сондай-ақ қаржылық позицияны әрі қарай нығайтуға бағытталған.

Айталық, Компания 2017-2018 жылдары:

  • өзінің жария еншілес компаниясы «ҚазМұнайгаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның еркін айналымдағы жай және артықшылықты акцияларын сатып алды және оны толығымен біріктірді;
  • ҚМГ IPO-сын өткізуге мүмкіндік беретін еурооблигациялардың шарттарын өзгертті;
  • бірқатар ірі күрделі жобаларды, оның ішінде мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуды, газ тасымалдау қуаттарын салуды, орта мерзімді перспективада едәуір пайда табуға мүмкіндік беретін көптеген ішкі маңызды бизнес-процестер мен жүйелерді трансформациялауды аяқтады;
  • бос ақша қаражатының профилін жақсартуды жалғастырды (free cash flow);
  • өзінің қаржылық тұрақтылығын арттырды, Standard&Poor’s рейтинг агенттігінің 2018 жылғы қарашада Компанияның кредит рейтингісін «BB-» -ден «BB»-ге дейін көтергендігі бұған дәлел.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>