Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Атырау мұнай өңдеу зауыты күрделі жөндеуді мерзімінен бұрын аяқтады

22.09.2017

«Атырау МӨЗ» ЖШС жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарын жоспарланған мерзімінен бұрын аяқтады. Кәсіпорынның, сондай-ақ мердігерлік ұйымдардың және жөндеу қызметтерінің жедел жұмысының нәтижесінде, күрделі жөндеу жүргізу кезеңіне жоспарланған барлық жұмыстар кестеден жеті тәулік бұрын аяқталды.  

Бұған дейін хабарланғанындай, ҚР Энергетика Министрлігі бекіткен алдын ала  жоспарлы жөндеу кестесіне сәйкес, зауытты толықтай тоқтатып күрделі жөндеуден өткізу 2017 жылдың 18 тамыздан  бастап 29 кыркүйек аралығында өткізілуі тиіс еді. 

Сонымен бірге, ағымдағы жылғы күрделі жөндеу жұмыстарының өткен жолғыдан бір ерекшелігі жөндеу зауыттың барлық қондырғыларында бір уақытта және алдағы уақытта зауыттың ұзартылған (үш жыл) жөндеуаралық жұмыс кезеңіне көшуіне байланысты болды. Ағымдағы күрделі жөндеуге қондырғыларды дайындау – белгіленген жұмыс үрдістеріне сәйкес және өнеркәсіп пен экологиялық қауіпсіздіктің қолданыстағы барлық нормалары мен ережелерінің қатаң қадағалануымен орындалды. 
Бензиндерді  және дизель отынын сутекпен тазарту, изомерлеу, сутекті шығару және тазарту, күкірт шығару технологиялық қондырғыларын күрделі жөндеу кезінде, катализаторлар мен адсорбенттер ауыстырылды. Сондай-ақ, 133 175 қума метр құбырларға және 1607 бірлік ыдыстар мен аппараттарға  техникалық куәландыру жүргізілді. 
Тозығы жеткен  сорғы – компрессор жабдықтарын алмастыру және жөндеу бойынша ауқымды істер атқарылды, технологиялық пештер мен құбырлар тексеруден өткізіліп жөнделді, және де 2320 бірлік БӨҚ және А аспаптарына жөндеу жүргізілді. 
«Мұнайды терең өңдеу кешені» жобасы бойынша  қолданыстағы құбырлар мен алау коллекторларына 17 технологиялық ойым  жүзеге асырылды. Бұлар Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңғыртудың үшінші соңғы кезеңінде кешен қондырғысын пайдалануға қосымша тоқталусыз жүргізуге мүмкіндік береді. 
2017 жылдың 18 қыркүйегінен бастап зауытта шикізатты бастапқы өңдеу қондырғыларын беру және кейін дайын тауарлы өнім шығару арқылы іске қосу жұмыстары өтеді. Қайталама процестегі  қондырғыларды жұмыс режиміне қосу  және жіберу технологиялық регламентке  сәйкес жүзеге асырылады. 
Күрделі жөндеу кезінде өткізілген шаралар қолданыстағы қондырғыларда  пайдалы әсер коэффицентін барынша арттыруға, сондай-ақ, қыркүйек айындағы мұнай өңдеуді өндірістік жоспарға сәйкес қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>