Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ және CEFC бірлескен кәсіпорын құрды

29.04.2016

2016 жылдың 29 сәуірінде KMG International N.V. (бұрынғы Rompetrol Group, одан әрі – ҚМГИ) компаниясының негізінде біріккен кәсіпорын құру туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (одан әрі – ҚМГ) және China CEFC Energy Company Limited компаниясының арасында құжаттарға қол қою болды.

ҚМГ және CEFC жаңадан құрылып жатқан біріккен кәсіпорында үлестік қатынасы тиісінше 49 және 51 пайызбен қатысады.

Қол жеткен уағадаластық шеңберінде CEFC өзіне бірқатар міндеттемелер алды, соған сәйкес олар Еуропа және Жібек Жолы елдеріне инвестиция салуды жүзеге асырады.

Қазақстандық ұлттық мұнайгаз операторы ҚМГ ҰК пен CEFC компаниясының біріккен жобасы ҚМГИ Тобының негізінде дамиды және ол «Silk Way жобасы» деген атқа ие болды. Қазақстан, Қытай және Румыния мамандарынан жасақталған жұмысшы тобы көптеген дайындық жұмыстарын жүргізді. Айтар болсақ, 2015 жылдың 14 желтоқсанында өзаракелісім туралы Меморандумға қол қойылды, үстіміздегі жылдың 29 қаңтарында тараптардың Негізгі шарттары (Therm Sheet) Қазақстан және Қытай мемлекеттері Премьер-министрлерінің қатысуымен келісілді.

ҚМГ ҰК басшысы Сауат Мыңбаев: «Бизнесті дамыту үшін біріккен тұғыр ретінде ҚМГИ-ді пайдалана отырып мықты инвестормен одақтастықта компания айтарлықтай алға жылжи алады».

CEFC Атқарушы директоры Цзан Цзянцзюнь: «ҚМГ және CEFC арасындағы әріптестік бірлескен платформа құруға және энергетика секторының дамуына бағытталған ортақ мақсаттарға негізделген. Аталған әріптестік Қытай елінің «Бір белдеу – бір жол» және Қазақстанның «Нұрлы Жол» бағдарламаларымен ұштасып жатыр. Бұл әріптестіктің екі тарапқа да тиімді болатынына біз сенімдіміз» - деп атап өтті.

Біріккен кәсіпорынды басқаруды тепе-теңдік негізде жүзеге асыру жоспарлануда.

Мәмілелер еуропалық рұқсат ету органдары тарапынан түпкілікті келісуге жатады. Мәміле 2016 жылғы қазанға қарай аяқталады деп күтіліп отыр.

Анықтама үшін: CEFC компаниясы Қытайдағы барынша қарқынды дамып келе жатқан жеке компаниялардың бірі болып табылады. Компания 2014 жылы Global Fortune 500 тізіміне еніп, 349 – орынды иеленді. CEFC өз қызметін отын, қаржы және инвестиция салаларында іске асырып келеді.

KMG International (бұрынғы - Rompetrol Group NV) компаниясын 2007 жылы ҚМГ ҰК сатып алған болатын. Компанияның иелігінде Румыниядағы екі мұнай өңдеу зауыты, Еуропалық Одақ елдеріндегі жанар-жағар май құю бекеттерінің жүйесі бар. ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысына сәйкес ҚМГИ жекешелендіруге жататын компаниялар тізіміне кірген.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>