Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

2016 жылдың алғашқы үш айындағы қаржылық нәтижелер

28.04.2016

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ БӨ», «Компания») 2016 жылдың 31 наурызында аяқталған үш айға арналған қысқартылған топтастырылған аралық қаржылық есебін жариялады.

  • 2016 жылдың алғашқы үш айында түсім 121 млрд. теңге (341 млн АҚШ доллары[1]) құрады, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4%-ға жоғары. Брент сұрыпты мұнайдың орташа бағасының 2015 жылдың бірінші тоқсанындағы барреліне 54 АҚШ долларынан 2016 жылдың бірінші тоқсанында барреліне 34 АҚШ долларына дейін құлдырауы теңгенің долларға шаққандағы орташа айырбас бағамының 92 %-ға артуымен ішінара өтелді, соның нәтижесінде Компанияның теңгемен көрсетілген түсімі артты.
  • 2016 жылдың алғашқы үш айында таза пайда 2015 жылдың сәйкес кезеңіндегі 1,6 млрд. теңгемен (9 млн. АҚШ доллары) салыстырғанда, 0,9 млрд теңге (3 млн АҚШ доллары) құрады. 2016 жылдың бірінші тоқсанындағы таза пайданың азаюына негізінен бірлескен кәсіпорындары мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлестің азаюы және табыс салығының шығындарының артуы себеп болды, бұл табыс салығынан басқа салықтардың шығындарының азаюымен ішінара өтелді.
  • 2016 жылдың 31 наурызында таза ақша қаражаттарының сомасы[2] 2015 жылдың 31 желтоқсанындағы 1,093 млрд теңгемен (3,2 млрд АҚШ доллары) салыстырғанда 1,051 млрд теңге (3,1 млрд АҚШ доллары) құрады. Доллармен көрсетілген таза ақша қаражаттарының 162 млн АҚШ долларына азаюы негізінен 2016 жылдың бірінші тоқсанындағы операциялық қызметтен ақша қаражаттарынан ағымына байланысты болды.

Өндірістік көрсеткіштер

ҚМГ БӨ «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), «CCEL» CCEL) және «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) компанияларындағы үлестерді есепке алғанда, 2016 жылдың бірінші тоқсанында 3 043 мың тонна (тәулігіне 247 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2015 жылдың осындай кезеңіндегі деңгеймен шамалас.

«Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) 1 387 мың тонна (тәулігіне 112 мың баррель) мұнай өндірді, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 48 мың тоннаға (тәулігіне 4 мың баррель) немесе 4%-ға артық. «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) 702 мың тонна (тәулігіне 57 мың баррель) өндірді, бұл 2015 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 20 мың тоннаға (тәулігіне 2 мың баррель) көп. Нәтижесінде ӨМГ және ЕМГ жалпы өндіру көлемі 2 089 мың тоннаны (тәулігіне 169 мың баррель) құрап, 2015 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3%-ға артық болды және өндіру жоспарына сәйкес келеді.

ҚМГ БӨ-нің CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларындағы өндіру үлесі 2016 жылдың бірінші тоқсанында 954 мың тоннаны (тәулігіне 78 мың баррель) құрады, бұл 2015 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 6% кем, бұл ең алдымен ПҚИ-да мұнай өндіру деңгейін жоспарланған төмендетумен байланысты.

Мұнай және мұнай өнімдерін сату

2016 жылдың бірінші тоқсанында ӨМГ және ЕМГ мұнайын сату көлемі 2 050 мың тоннаны (тәулігіне 163 мың баррель) құрады, оның ішінде 1 220 мың тонна (тәулігіне 97 мың баррель) мұнай экспортқа, бұл жалпы сатылым көлемінің 60% құрайды; және 830 мың тонна (тәулігіне 66 мың баррель) мұнай және мұнай өнімдері ішкі нарыққа.

ӨМГ және ЕМГ-дан ішкі нарыққа жеткізілген 830 мың тонна (тәулігіне 66 мың баррель) мұнай және мұнай өнімдерінің 580 мың тоннасы (тәулігіне 46 мың баррель) Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ) жеткізілді, 250 мың тоннасы (тәулігіне 20 мың баррель) Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) жөнелтілді.

CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының сату көлеміндегі ҚМГ БӨ-нің үлесі 965 мың тонна мұнайды (тәулігіне 79 мың баррель) құрады, оның 559 мың тоннасы (тәулігіне 44 мың баррель) экспортқа шығарылды, бұл – компаниялардың жалпы сату көлемінің 58%-ын құрайды. Ішкі нарыққа 406 мың тонна (тәулігіне 35 мың баррель) жөнелтілді, оның 292 мың тоннасы (тәулігіне 25 мың баррель) Павлодар мұнай-химия зауытына жеткізілді, 114 мың тоннасы (тәулігіне 10 мың баррель) Шымкент мұнай өңдеу зауытына жеткізілді.

Кезеңдегі таза пайда

2016 жылдың алғашқы үш айында таза пайда 2015 жылдың сәйкес кезеңіндегі 1,6 млрд. теңгемен (9 млн. АҚШ доллары) салыстырғанда, 0,9 млрд теңге (3 млн АҚШ доллары) құрады. 2016 жылдың бірінші тоқсанындағы таза пайданың азаюына негізінен бірлескен кәсіпорындары мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлестің азаюы және табыс салығының шығындарының артуы себеп болды, бұл табыс салығынан басқа салықтардың шығындарының азаюымен ішінара өтелді. Табыс салығының шығындары негізінен ӨМГ-нің кейінге шегерілген салығының шығындарына байланысты туындаған 3,2 млрд. теңге мөлшеріндегі кейінге шегерілген салықты және еншілес кәсіпорындарының бірінде 2,6 млрд. теңге мөлшеріндегі бұрынғы кезеңдердің салығын есептеуді қамтиды.

Түсім

2016 жылдың алғашқы үш айында түсім 121 млрд. теңге (341 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4%-ға жоғары. Түсімнің артуы теңгенің долларға шаққандағы орташа айырбас бағамының 92 %-ға артуымен байланысты, бұл Брент бағасының 37%-ға арзандауы мен экспорттық жөнелтілімдердің азаюын ішінара өтеді.

2016 жылдың бірінші тоқсанында ішкі нарыққа сату бағасы АМӨЗ үшін тоннасына 14,6 мың теңге, ПМХЗ үшін тоннасына 27,5 мың теңге құрады. Түсім «ҚазМұнайГаз- қайта өңдеу және маркетинг» (ҚМГ ҚМ) АҚ-нан алынған жеткізілген көлемдер үшін орнын толтыру сомасының негізінде ХҚЕС сәйкес танылды.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында ҚМГ ҚМ біржақты тәртіппен ішкі нарыққа жеьткізу бағасын өзіндік шығынсыз деңгейде белгіледі, бұл алдыңғы жылдардағы бағамен біршама төмен. Бұл ретте ҚМГ ҚМ бағаны ай сайын қайта қарау құқығын өзіне қалдырды және басқа шартпен мұнай қабылдаудан бас тартты.

Қалыптасқан жағдайға байланысты Компания ішкі нарыққа жеткізуде кейіннен мұнай өнімдерін сатумен байланысты мұнай процессингі схемасына өту туралы шешім қабылдады. ҚМГ ҰК және Директорлар кеңесімен бірнеше келіссөздер және кеңесулерден соң ҚМГ БӨ басшылығы 2016 жылдың сәуірінен бастап мұнай өнімдерін сатумен байланысты мұнай процессингінің дербес схемасына өту туралы шешім қабылдады. ҚМГ БӨ директорлар кеңесі бұл шешімді қолдады.

Аталған баспасөз хабарламасын жариялаған сәтте Компания басшылығы мен тәуелсіз директорлары 2016 жылдың бірінші тоқсанындағы бағаны келіскен жоқ. 2016 жылдың 30 наурызындағы ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің отырысында 2016 жылдың бірінші тоқсанында баға жаңа дербес процессинг схемасы бойынша таза нетбэктердің негізінде белгіленетін болады деп келісілді.

Өндірістік шығындар

Өндірістік шығындар 2016 жылдың бірінші тоқсчанында 55 млрд теңге (154 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6%-ға төмен. Бұл негізінен 2016 жылдың алғашқы үш айында 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қызметкерлерге сыйақы төлеу шығындарының 11%-ға төмендеуіне байланысты, бұл негізінен 2015 жылдың бірінші тоқсанында жалпы сомасы 4,9 млрд теңге көлемінде актуарлық міндеттемелер бойынша түзетулерді мойындаудың салдарынан болды, сондай-ақ 2016 жыл үшін жылдық сыйақы бойынша есептеулер болмады, бұл 2016 жылдың қаңтар айынан бастап өндірістік қызметкерлердің айлық жалақысын индексациялау нәтижесінде шығындардың артуын ішінара өтеді.

Сату шығындары және әкімшілік шығындар

Сату шығындары және әкімшілік шығындар 2016 жылдың бірінші тоқсанында 30 млрд теңге (85 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 15%-ға көп, бұл негізінен айыппұлдар мен өсімпұлдардың азаюымен, 2015 жылдың бірінші тоқсанында актуарлық міндеттемелер бойынша түзетулерді мойындау мен 2016 жыл үшін жылдық сыйақының болмауы нәтижесінде қызметкерлерге сыйақы төлеу шығындарының 14 %-ға азаюымен, ҚМГ ҰК төленетін басқару гонорарының азаюымен ішінара өтелген тасымалдау шығындарының артуымен байланысты болды.

Тасымалдау шығындарының артуы экспорттық жөнелтілетін көлемдердің артуымен және Каспий Құбыржелісі Консорциумы (КҚК) маршруты бойынша тасымалдау тарифтері негізінен АҚШ долларында көрсетілгендіктен, АҚШ долларына шаққанджағы теңгенің орташа айырбас бағамының 92 %-ға артуымен байланысты болды. Шығындардың артуына сондай-ақ ішкі нарыққа жеткізу тарифтерінің 21 %-ға артуы да себеп болды.

Табыс салығынан басқа салықтар

Табыс салығынан басқа салықтар 2016 жылдың алғашқы үш айында 34 млрд. теңге (96 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29%-ға төмен. Салықтардың төмендеуі ренталық салық пен кедендік баж салығының (КБС) шығындарының азаюымен түсіндіріледі. 2016 жылдың бірінші тоқсанында ренталық салықтың шығындарының азаюы Брент мұнайының орташа бағасы барреліне 40 АҚШ долларына дейін құлдыруына байланысты болды, нәтижесінде ренталық салықтың ставкасы 0%-ды құрады.

2015 жылдың бірінші тоқсанында КБС ставкасы тоннасына 80 АҚШ доллары деңгейінде белгіленді және 2015 жылдың 19 наурызында тоннасына 60 АҚШ долларына дейін төмендетілді. 2016 жылдың қаңтар-ақпан айларында тоннасына 40 АҚШ доллары деңгейінде белгіленді. 2016 жылдың 1-наурызына бастап Брент және Юралс сұрыпты мұнайдың бағасына байланыстырылған кедендік баж салығының құбылмалы мөлшерлемесі енгізілді және 2016 жылдың наурызында тоннасына 20 АҚШ долларын құрады.

Осылайша, 2016 жылдың бірінші тоқсанында кедендік баж салығының орташа мөлшерлемесі өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі орташа есеппен тоннасына 79 АҚШ долларымен салыстырғанда, 40 АҚШ долларын құрады.

Операциялық қызметтерден ақша ағымдары

Операциялық қызметтен таза ақша ағымдары 2016 жылдың алғашқы үш айында 2015 жылдың сәйкес кезеңіндегі 27 млрд теңге (148 млн АҚШ доллары) көлеміндегі таза ақша ағымдарымен салыстырғанда 31 млрд теңге (87 млн АҚШ доллары) құрады.

Күрделі салымдар

Күрделі салымдар[3] 2016 жылдың алғашқы үш айында 28 млрд теңге (80 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2015 жылдың сйкес кезеңіндегіден 8%-ға кем. Күрделі салымдардың азаюы қызмет көрсетушіден 15% жеңілдік алу нәтижесінде «Өзенмұнайгаз» АҚ-ында эксплуатациялық бұрғылау бағасының және көлемдерінің азаюына байланысты болды, бұл «Ембімұнайгаз» АҚ-ында өндірістік нысандардың құрылысына және жаңғыртуға салынған күрделі салымдардың артуымен ішінара өтелді.

2016 жылы күрделі салымдар 85 млрд теңге (236 млн АҚШ доллары[4]) мөлшерінде жоспарланып отыр.

Ақша қаражаттары және қарыздар

2016 жылдың 31 наурызы күнгі жағдай бойынша ақша қаражаттары мен оның баламалары 2015 жылдың 31 желтоқсаны күнгі 237 млрд теңгемен (0,7 млрд АҚШ доллары) салыстырғанда 256 млрд теңге (0,7 млрд АҚШ доллары) құрады. Басқа қаржы активтерінің сомасы 2015 жылдың 31 желтоқсаны күнгі 868 млрд теңгемен (2,6 млрд АҚШ доллары) салыстырғанда, 2016 жылдың 31 наурызы күні 806 млрд теңге (2,3 млрд АҚШ доллары) құрады.

2016 жылдың 31 наурызы күнгі жағдай бойынша ақша қаражаттары мен қаржы активтерінің 97 %-ы шетел валютасында (негізінен АҚШ доллары), 3 %-ы теңгеде деноминацияланды. Ақша қаражаттарынан, қаржылық және басқа активтерден есептелген қаржылық кіріс 2015 жылдың бірінші тоқсанындағы 6 млрд теңгемен (34 млн АҚШ доллары) салыстырғанда, 2016 жылдың бірінші тоқсанында 8 млрд теңге (23 млн АҚШ доллары) құрады.

Қарыздар сомасы 2015 жылдың 31 желтоқсанындағы 11,6 млрд теңгемен (34 млн АҚШ доллары) салыстырғанда, 2016 жылдың 31 наурызында 11,3 млрд теңге (33 млн АҚШ доллары) құрады.

Таза ақша қаражаттарының сомасы[5] 2015 жылдың 31 желтоқсанындағы 1,093 млрд теңгемен (3,2 млрд АҚШ доллары) салыстырғанда, 2016 жылдың 31 наурызында 1,051 млрд теңге (3,1 млрд АҚШ доллары) құрады. Доллармен көрсетілген таза ақша қаражаттарының 162 млн АҚШ долларына азаюы негізінен 2016 жылдың бірінші тоқсанындағы операциялық қызметтен ақша қаражаттарынан ағымына байланысты болды.

Сауда және басқа операциялар бойынша берешек қарыздар

2016 жылдың 31 наурызында Компанияның 104 млрд теңге (303 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі сауда дебиторлық қарызы өзіне «KazMunaiGaz Trading AG» және ҚМГ ҚМ қарызын қамтиды, екеуі де ҚМГ ҰК еншілес ұйымдары, 45 млрд. теңгеге (2015 жыл 31 желтоқсан: 37 млрд теңге) және 51 млрд. теңгеге (2015 жыл 31 желтоқсан: 52 млрд. теңге) сатылған шикі мұнай үшін. ҚМГ ҚМ дебиторлық қарызы 44 млрд теңге мөлшерінде (2015 жыл 31 желтоқсан: ноль) мерзімі өткен берешекті қамтиды. Бұл соммаға резерв есептелмеген, сондықтан басшылық қазіргі уақытта бұл мәселемен айналысуда.

Қауымдасқан компания мен бірлескен кәсіпорындардың нәтижелеріндегі үлес

2015 жылдың бірінші тоқсанында алынған, 4,6 млрд теңге (25 млн АҚШ доллары) көлеміндегі табыспен салыстырғанда, 2016 жылдың алғашқы тоқсанында қауымдасқан компания мен бірлескен кәсіпорындардағы үлестерден болған шығын 3,7 млрд. теңгені (10 млн. АҚШ доллары) құрады.

Қазгермұнай

2016 жылдың алғашқы үш айында ҚМГ БӨ ҚГМ компаниясындағы үлесінен 0,5 млрд. теңге (1 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі кірісті есебінде көрсетті. Аталған сома ҚГМ таза пайдасындағы Компанияның 1,5 млрд. теңге (4 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі 50% үлесін көрсетеді, бұл сома 1,0 млрд. теңге (3 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі кейінге шегерілген салықты есептеу үшін тиімді табыс салығын қайта қараудан үнемдеу және лицензияның әділ құнына амортизация әсерін алып тастағанда шығады.

2016 жылдың алғашқы тоқсанында ҚГМ таза пайдасы 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 85%-ға кеміді, бұл Брент маркалы мұнайдың орташа бағасының 37%-ға төмендеуінен түсімнің азаюына және өндірудің төмендеуі нәтижесінде сату көлемінің азаюына байланысты.

2016 жылдың алғашқы тоқсанында ҚГМ 2015 жылы есептелген, 2015 жыл үшін ҚМГ БӨ-ге дивиденд ретінде 17,5 млн АҚШ долларын төледі. Бұдан басқа, 2015 жылға есептелген, дивиденд ретінде 20 млн. АҚШ доллары төлем жасалуға күтілуде.

ПетроҚазақстан Инк.

2016 жылдың алғашқы үш айында ҚМГ БӨ ПҚИ компаниясындағы өзінің үлесінен 3,9 млрд. теңге (11 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі шығынды есебінде көрсетті. Аталған сома ПҚИ-дің таза шығынындағы Компанияның 1,0 млрд. теңге (3 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі 33% үлесінен 2,9 млрд. теңге (8 млн. АҚШ доллары) мөлшерінде лицензия әділ құнына амортизация әсерін алып тастағанда шығады.

Былтырғы жылдың сәйкес кезеңіндегі 20 млн АҚШ доллары көлеміндегі таза шығынмен салыстырғанда, 2016 жылдың бірінші тоқсанында ПҚИ компаниясының таза шығыны 9 млн АҚШ долларын құрады. Бұл негізінен Брент маркалы мұнайға орта есеппен бағаның 37%-ға төмендеуінен түсімнің азаюына, сондай-ақ мұнай өндірудің төмендеуіне байланысты сату көлемінің азаюымен байланысты.

CCEL

Компания 2016 жылдың 31 наурызындағы жағдай бойынша өзінің балансында 31,9 млрд теңгені (93 млн. АҚШ долларын) CITIC Resources Holdings Limited компаниясымен бірлесіп бақыланатын ССEL компаниясынан алынатын шот ретінде көрсетті.

2016 жылдың алғашқы үш айында ҚМГ БӨ 26,87 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі ССЕL компаниясынан алынатын жылдық басымдықты кірістің бір бөлігін білдіретін 1,1 млрд. теңге (3,2 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі пайыздық кірісті есептеді.

***

2016 жылдың 31 наурызында аяқталған мерзімге арналған, үш ай үшін қысқартылған топтастырылған аралық қаржылық есеп, сондай-ақ қаржылық жағдайдың талдауы мен қаржы-экономикалық қызметтің нәтижелері Компанияның веб-сайтында (www.kmgep.kz) жарияланады.

[1] Сомалар АҚШ долларына тек оқырмандарға ыңғайлы болуы ескеріліп, жиынтық есептер мен ақша қаражатының қозғалысы туралы жиынтық есептер үшін тиісті кезеңдегі орташа айырбас бағамы (2016 жылдың және 2016 жылдың үш айында орташа бағам 355,11 және 184,58 теңге/ АҚШ долл. құрады, тиісінше 2016 жылдың 31 наурызындағы және 2015 жылдың 31 желтоқсанындағы кезең соңында 343,62 және 339,47 тңңге/АҚШ долл.) бойынша және жиынтық кезеңнің соңындағы бағам бойынша ауыстырылды.

[2] Есептегі кезеңнің соңында займ сомасын алып тастағанда ақша қаражаттары, олардың баламалары мен басқа қаржы активтерінің сомасы ретінде есептеледі.

[3] Компания күрделі салымдарды есептеуді қайта қарады. 2013 жылдың 4 тоқсанынан бастап күрделі салымдар негізгі құралдардан және материалдық емес активтерден түсім ретінде көрсетілген. Бұған дейін олар ақша қаражататрының қозғалысы туралы есепке сәйкес негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді сатып алу ретінде көрсетіліп келген.

[4] Сомалар оқырмандарға ыңғайлы болуы үшін 360 теңге/АҚШ доллары бюджеттік бағамы бойынша АҚШ долларына ауыстырылған.

[5] Есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша қарыздар сомасын есептемегенде, ақша қаражаттарының, олардың баламаларының және қаржылық активтердің сомасы ретінде есептеледі.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>